Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Жҥк тиеуді уақытша тоқтату және шектеу



Pdf көрінісі
бет52/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

9.4. Жҥк тиеуді уақытша тоқтату және шектеу 
Теміржол кӛлігінің қызметінде жүк тасымалдауға, осыған орай, оны 
жӛнелтуге қабылдауға кедергі келтіретін бірқатар мән-жайлар туады. Осындай 
жағдайға байланысты жүкті тиеу-түсіру жұмысы уақытша тоқталуы немесе 
шектелуі мүмкін. 
Бой бермейтін күштердің, әскери қимылдардың, індеттің немесе жүк 
тасымалдауға кедергі келтіретін ӛзге де күштердің салдарынан жүк тиеу 
жұмысын 
тоқтатуды 
немесе 
шектеуді 
жүк 
тасымалдаушы 
немесе 
инфрақұрылымның иесі ҚР Кӛлік және коммуникация министрін тез арада 
жазбаша түрде хабардар ете отырып енгізеді. Министрлік жүк тиеуді және 
тасымалдауды тоқтатудың немесе шектеудің қолданылу мерзімін белгілеп, ол 
туралы тасымалдаушыға және инфрақұрылымның иесіне хабарлайды. 
Тасымалдаушыда немесе инфрақұрылымды пайдалану кезінде тасымалдауға 
кедергі келтіретін мән-жайлардың салдарынан туындайтын ерекше жағдайда белгілі бір 
бағытта жүк тиеу-түсіру жұмыстары уақытша тоқтатылуы мүмкін.
Теміржол кӛлігі жұмысының ерекшелігін ескере отырып, тасымалдаушы 
мен инфрақұрылымның иесіне ӛзге жағдайда да жүк тиеуді уақытша тоқтату 
немесе шектеу құқығы берілген. Мұндай мән-жайлар, мысалы, мынадай болуы 
мүмкін: қирау, апатқа ұшырау (кімнің кінәсінан болғанына қарамастан); құзырлы 
орган енгізген карантин; стансада жүктердің кӛп жиналып қалуы; халықтың 
толқуы, азаматтық бағынбау актілерді және басқа мән-жайлар. 
Егер тараптардың келісінде ӛзгеше кӛзделмесе, тасымалдаушылар жүк 
тиеу-түсіру жұмыстарын тоқтату және шектеу туралы жүк жӛнелтушілер мен 
қабылдаушыларды жазбаша түрде хабардар етеді. Жүк жӛнелтушілер 
тасымалдаушылардан хабарлама алған соң 12 сағат ішінде белгілі бағытта жүк 
тиеуді және жӛнелтуді тоқтатуға немесе белгіленген мӛлшерге дейін шектеуге 
міндетті. 
Жүк тиеуді уақытша тоқтату және шектеу шарасы 72-75 нӛмірлі шартты 
телеграф мекен-жайлары бойынша станса бастықтарына беріледі. Олар 
стансаларда қолданылатын тыйым салу және шектеу арнайы кітабына тіркеледі 
(ГУ-14 үлгісі). Жүк тиеуді уақытша шектеуді жою туралы жеделхат та осы 
кітапқа жазылады. 


71 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет