Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы



Pdf көрінісі
бет58/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

- Міндетті жазбалар
- Рұқсат етілетін жазбалар
6
5
4
3
2
1
12 11
10
9
8
7
МАШИНОСТРОИТЕЛЬНЫЙ ЗАВОД
КАЛУГА 1
АО Северсталь
БРУТТО 150 кг
НЕТТО 140 кг
Череповец 1
120-40-60
2
50
215 - 50
302304
11.3-сурет. Тікелей жәшікке
түсірілетін таңбалар
11.2-сурет. Кӛлік таңбасын салу тәртібі: 
1 – әр түрлі белгілер; 2 – рұқсат етілетін ескертпе жазулар; 3 – жӛнелтілім ішіндегі реттік нӛмір 
мен орындар саны; 4 – жүк қабылдаушы мен жүк баратын пункттің атауы; 5 – қайта тиеу 
стансасының атауы; 6 – теміржол таңбасы; 7 – жӛнелтушінің атауы; 8 – жӛнелту стансасының 
атауы; 9 – нетто массасы; 10 – брутто массасы; 11 – жүк орнының габариттік ӛлшемдері 
Жүк жӛнелтушілер мен кӛлік стансалары Таңбалау ережелері мен 
стандарттарының талаптарын қатаң сақтауы тиіс, ӛйткені осылар арқылы жүк пен 
тасымалдау құжаттары арасында байланыс орнатылады, олардың кімге тиесілі 
екені оңай анықталады, жүкті тасымалдау және сақтау кезінде жүкпен жұмыс 
істеу әдістері және сақтық шаралары туралы қызметкерлерге ақпарат беріледі. 


79 
11.3. Жҥк тасымалдау шарты 
Жарғының 25-бабына сәйкес жүк жӛнелтуші тасымалдауға жүк тапсыруға 
әрбір жүк жӛнелтіліміне Теміржол кӛлігімен жүк тасымалдау ережелеріне сәйкес 
жүк қағазын және тиісті нормативтік-құқықтық актілерде кӛзделген басқа да 
құжаттарды кӛрсетуі тиіс. Кӛрсетілген жүк қағазы және оның негізінде жүк 
жӛнелтушіге жүктің қабылдағаны туралы берілген квитанция жүк тасымалдау 
шартының жасалғанын растайды. Жүк тасымалдау шартына сәйкес 
тасымалдаушы жүк тасымалдау шарттарын сақтай отырып, оны баратын 
теміржол стансасына дер кезінде, бүлдірмей жеткізуге және жүк қабылдаушыға 
тапсыруға міндеттенеді, ал жүк жӛнелтуші тасымалдау ақысын тӛлеуге 
міндеттенеді. 
Жүк тасымалдаушы мен жӛнелтуші жүк тасымалдау шартының тараптары 
болып есептеледі. Жүк жӛнелтуші және оның меншік иесі ұдайы бір тұлға бола 
бермейді. Мәселен, кӛлік экспедиторы немесе жүк иесінің тапсыруымен ӛз 
атынан әрекет ететін агент жүк жӛнелтуші болуы мүмкін. Тасымалдау шарты 
бойынша баратын жеріне жеткізілген жүк оның алу құқығы бар адамға – жүк 
қабылдаушыға берілуі тиіс. 
Жүк тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының негізгі құқығы – ӛзіне 
тиесілі кіре ақысын алу, оның мӛлшері теміржол кӛлігінде белгіленген 
тарифтермен анықталады. Жүк жӛнелтушінің негізгі міндеті – жүк тасымалдау 
ақысын тӛлеу, ал негізгі құқығы – жүкті баратын пунктіне белгіленген мерзімде 
тұтас әрі сақталған күйінде жеткізіп, жүк қағазында кӛрсетілген жүк 
қабылдаушыға тапсыруды талап ету. Жүк қағазы белгілі бір жүк қабылдаушының 
атына толтырылатындықтан, атаулы құжат болып табылады. Жалпы жұрт 
пайдаланатын теміржол тарамдарымен тасымалданатын жүктердің тасымалдау 
құжаттары мен жүк қағаздарының үлгісін Жол қатынастары министрлігі жасап 
бекітеді және Теміржол кӛлігінде тасымалдау ережелері мен тарифтері 
жинағында жариялайды. Теміржол кӛлігінде тасымалдау құжаттарын толтыру 
ережелеріне сәйкес жүк жӛнелтушіден жүк қағазының графаларын тиісінше 
толтырып, оны жүкпен қоса тасымалдаушыға кӛрсету талап етіледі. Оларды 
ешқандай тазартып ӛшіруге және түзетуге болмайды. 
Жүк қағазы жӛнелту стансасынан жүкпен қоса жүк баратын стансаға 
жӛнелтіліп, онда жүк қабылдаушыға беріледі. Жүк жӛнелтушіге тасымалдау 
шартының жасалу белгісі ретінде жүктің қабылданғаны туралы теміржол 
квитанциясы беріледі, ол жүктің тасымалдаушыға тапсырылғанын айғақтап қана 
қоймай, сондай-ақ ол жоғалатын, жүк қағазынсыз келетін жағдайда маңызды 
дәлелдемелік рӛл атқарады. Мұнда жол ведомосының маңызы зор, ӛйткені онда 
жүк, тасымалдауға қатысушылар және жүріс барысында жүк пен жылжымалы 
құрамның қандай операциялардан ӛткені туралы барлық мәліметтер кӛрсетіледі. 
Жүк жӛнелтуші жол ведомосының түбіртегінде теміржол квитанциясын алғанын 
растап қол қояды. Жүк қағазына қоса тіркелетін басқа құжаттарға мыналар 
жатады: Мемлекеттік астық инспекциясының сапа сертификаттары, тұқымдық 
сертификаттар, Мемлекеттік малдәрігерлік қадағалаудың бақылауындағы 
жүктерге малдәрігерлік сертификат, тез бұзылатын жүктердің сапасына куәлік 


80 
немесе сертификат, жүктерге карантин белгіленген ағзалардың жоқтығын 
куәләндыратын сертификат, мұнай ӛнімдеріне сапа тӛлқұжаты, кеден құжаттары 
және т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет