IV БӚЛІМ. ЖҤКТІ ТАСЫМАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 11 тарау. Жҥкті тасымалдауға дайындау және қабылдау 11.1 Жҥк жӛнелтушінің жҥкті жӛнелтуге дайындауы Жүк жӛнелтушілер жүкті жӛнелтуге дайындауда теміржол кӛлігінің жүріс
қауіпсіздігі мен пайдалануын, тасымалданатын ӛнімнің сапасын, жүктердің,
вагондар мен контейнерлердің, ӛрт және экологиялық қауіпсіздіктің дұрыс
сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Жүкті жӛнелтуге дайындау шараларына мыналар кіреді: ӛнімді қажетті
сапалық күйге келтіру (құрғату, сұрыптау, алдын ала салқындату, бүлінуге бейім
жүктерді тұрақтандыру және т.с.с.), жүк орындарын кӛлік пакеттері мен
бумаларына ірілендіру арқылы тиісінше буып-түю, нығыздау (жаңқаларды,
сабанды, пішенді, үгінділерді және т.с.с. престеу), машиналардың кӛлемді
жабдықтарын бӛлшектеу немесе ішінара ажырату, жүк орындарына кӛліктің
таңбасын салу және т.с.с. жүкті тасымалдауға дайындауда сондай-ақ оларды
тиісті бақылау және қадағалау органдары (астық немесе карантин инспекциясы,
малдәрігерлік – санитарлық қадағалау) тексереді.
11.2 Жҥктерге кӛлік таңбасын салу Жүкті тасымалдауға қабылдау ережелеріне сәйкес жүк жӛнелтуші таралық және
дара жүктерге кӛлік таңбасын салуға міндетті. Кӛлік таңбасының мазмұны, оны салу
орны мен әдісі, орналастыру орны, таңбалайтын тапсырмалар мен жазулардың ӛлшемі
―Жүктерді таңбалау‖ ГОСТ-14192–96 мемлекеттік стандартқа сай болуы тиіс. Кӛлік
таңбасы негізгі, қосымша, ақпараттық жазулар мен әр түрлі таңбалардан тұрады.
Негізгі жазулар мыналардан тұруы тиіс:
• жүк қабылдаушының толық немесе қысқартылған атауы;
• жүк баратын стансаның толық атауы;
• жӛнелтілімдегі жүк орындарының саны және жӛнелтілім ішіндегі
орынның рет нӛмірі (бӛлшекпен кӛрсетіледі: алымында – жӛнелтілімдегі
орынның рет нӛмірі, бӛлімінде – жӛнелтілімдегі орындар саны).
Бір үлгідегі ыдыста әр текті немесе түрлі сортты жүк (мысалы, жәшіктердегі әр
түрлі темекі бұйымдарды) немесе әр түрлі үлгідегі ыдыста бір текті жүк, тасымалданатын
кезде немесе бір текті жүктерді жӛнелтуде сорттарын араластыруға болмайтын кезде жүк
орындарының саны және орынның реттік нӛмірі кӛрсетілуі тиіс. Оларды, сондай-ақ
жабдықтар жиынтығын тасымалдауда, жүкті нормадан асыра тасымалдауда, немесе жүкті
бір вагонда ұсақ жӛнелтілімдер түрінде тасымалдауда да кӛрсетеді.
Қосымша жазуларда мыналар болуға тиіс:
• жӛнелту стансасы мен тасымалдаушыны кӛрсете отырып, жӛнелту
пунктінің атауын жазу;
• жүкті ұсақ жӛнелтілімдермен тасымалдауда әрбір жүк орнына теміржол
таңбасын түсіру.
77
Темір жол таңбасы бӛлшектен тұрады: алымында – тасымалдаушының
маркасы және сызықша арқылы – жӛнелтілімдегі орындар саны; бӛлімінде – № 4
Тарифтік нұсқауға (2-кітап) сәйкес жӛнелту стансасының коды: