78
Әрбір жүк орнына кӛлік таңбасы салынуы тиіс. Бір текті жүкті тікелей
теміржол қатынасында вагондап жӛнелтуде негізгі,
қосымша және ақпараттық
жазуларды (брутто масса мен нетто массасынан басқас) барлық жүк орындарына
емес, кемінде тӛрт орынға түсіруге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда таңбаланған
орындарды әрбір есіктің маңында таңбасын сыртқа қарата екіден, жайдақ немесе
ашық вагонның бойлық ернеуін бойлай таңбасын жоғары қарата екі орыннан
орналастырады. Үйілген және ақтара тӛгілетін жүкті тасымалдауда кӛлік таңбасы
салынбайды. Кӛлік таңбасын салу тәртібі 11.2- суретте кӛрсетілген.
Кӛлік таңбасы қағаз, картон, металл және
басқа жапсырмаларға салынуы
тиіс. Жүк ұзақ сақталатын жағдайда, сондай-ақ оны ашық жылжымалы құраммен
тасымалдауда таңбаны тікелей жүк орындарына салуға рұқсат етіледі.
Жапсырмаларға таңбаны баспаханалық, литографиялық, электролиздік,
баспа
әдістерімен, трафаретпен бояу, мӛртабан басу, батырып басу, мӛртаңба басу,
күйдіру, таңбалау машиналары арқылы салады. Жазылатын жазу жүкті
қабылдаушыға дейін ӛшпей
жететіндей жағдай жасалса, жүк қабылдаушы мен
жүк баратын пунктің атауын тапсырмаларға және ыдыстың сыртына қолмен
түсінікті әрі айқын етіп жазуға рұқсат етіледі.
Тікелей жәшіктің сыртына
жазылған кӛлік таңбасы 11.3-суретте кӛрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: