Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет15/66
Дата27.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#481740
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66
Мектепке дейінгі мекеменің "Зерек бала" бағдарламасы

Экология негіздері
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың экология саласы бойынша қарапайым ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Қоршаған әлемдегі заттарға танымдық қызығушылықтарын арттыру.
2. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін кеңейту.
3. Қоршаған әлемді түсінуге, қабылдауға оң көзқарастарын тәрбиелеу.
Мазмұны:
Балалардың өсімдіктер, жануарлар, адамдар (олардың жаны бар, тамақты, су мен ауаны сонымен қатар қамқорлықты да қажет ететіндігі) және өлі табиғат нысандары (су, ауа, жер - олардың да қамқорлықты қажет ететіні) туралы түсініктерін кеңейту.
Табиғат нысандары мен құбылыстарын (жануарлар мен өсімдіктер, жапырақтың түсуі, қардың жаууы, жауын-шашын, жел) бақылауға және осы нысандар мен құбылыстардың (күзде құстар жылы жаққа ұшып, жануарлар қысқа дайындала бастайды, көктемде қар ериді) арасындағы байланыстарды көре білуге үйрету.
Балаларды табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен мекендеушілерге (құстар мен балықтар) қолдарынан келгенше қамқорлық жасауға үйрету.
Балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қараудың үлгілерін (гүлдер мен жапырақтарды жұлмау, бұтақтарды сындырмау, қыста құстарға жем беру) көрсету.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер
Табиғатта, ауа райында, жануарлар мен өсімдіктер әлемінде, адамдардың киіміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету.
Табиғат құбылыстарына қызығушылығын тәрбиелеу.
Күз: Күзгі табиғатты бақылап, өзгерістерін - күннің қысқарғанын, ауа райы суытып жауған жауын-шашыннан соң жерде шалшықтар пайда болатынын, күн сирек көрініп аз жылытатынын, жапырақтардың түсіп, құстар жылы жаққа ұшып кететінін белгілеу.
Қыс: Қысқы табиғатты бақылап, өзгерістерін - жылдың ең суық мезгілі екенін және қар жауатынын белгілеу.
Қармен ойнап, аққала соғуға болады. Ол жылы жерде тез ериді. Қарда із қалдырып, таяқшамен сурет салуға болады.
Мұз қатты, жылтыр, жылы жерде тез ериді. «Жаңа жылдық шырша» - ең сүйікті қысқы мереке.
Көктем: Көктемгі табиғатты бақылап өзгерістерін белгілеу: күн жылып қар ериді, күннің көзі жарқырап, өсімдіктер мен ағаштардың жапырақтары өсе бастайды. Жаңбыр жауады. Көктемгі жұмыстар басталады: жер жыртады, гүлдер мен көкөністердің тұқымдарын сеуіп, жеміс ағаштарын отырғызады. Малдарды өріске айдайды.
Жаз: Жазғы табиғатты бақылап қарапайым өзгерістері жылы және ыстық, күннің көзі жарқырайтынын, шөптер өсіп, гүлдер гүлдейді, ағаштағы жапырақтар үлкен болып өсетінін белгілеу. Жаңбыр жауады. Жазғы жұмыстар: гүлдерді, көкөністер мен жеміс ағаштарын суарады.
Өсімдіктер әлемі
Көкөністер (сәбіз, қияр, қызанақ) мен жемістер (алма, алмұрт, апельсин) туралы түсініктерін кеңейту.
Ағаштарды: қайың, жыңғыл, терек, шыршаны танып, атай білуге үйрету.
Гүлдерді - түймедақ, бақбақ, бөлме гүлдері - фикус, қазоты, қынагүлді танып, атай білуін дамыту.
Ағаштың діңін, бұтағын, жапырағын, ал гүлдердің сабағын, жапырағын, гүлін тауып, атай білуге үйрету.
Өсімдіктерді күту тәртібі: суару және қайта отырғызу ережелерімен (балалардың бақылаулары) таныстыру.
Жануарлар әлемі
Үй жануарлары (ит, мысық, ешкі, сиыр) мен жабайы аңдар (аю, қоян, түлкі) туралы түсініктерін кеңейту.
Құстар туралы (әтеш, тауық, балапандар, торғай, сауысқан) түсініктерін кеңейту.
Табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылауға (тотықұс, балықтар, тасбақа), қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауға үйрету.
Құстар мен жануарлардың мекені, қоректенуі, қозғалыстары мен қалай дыбыстайтыны туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.
Жануарлар мен құстарды күтудегі ересектердің еңбегі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Табиғаттағы жануарлар мен құстарды табиғат бұрышын мекендеушілердің өмірімен салыстырып, бақылауға үйрету.
Жыл соңында экология негіздері бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- екі ағашты, бөлме өсімдіктерін білуді, олардың атауларын;
- үй жануарларын (ит, мысық, түйе, сиыр) тануды;
- жабайы аңдарды (қасқыр, аю, қоян, түлкі) тануды;
- ағаштың діңін, жапырақтарын, бұтақтарын тануды; гүлдің жапырақтары мен гүлжапырақшасын тануды;
- көкөністерді (сәбіз, қияр, қызанақ) түсі, дәмі, көлемі мен пішіні бойынша тануды;
- жемістерді (алма, алмұрт, апельсин) түсі, дәмі, көлемі мен пішіні бойынша тануды;
- табиғатта және ауа-райындағы қарапайым өзгерістерді байқай білуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет