Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет16/66
Дата27.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#481740
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66
Мектепке дейінгі мекеменің "Зерек бала" бағдарламасы

Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: қоршаған ортадағы нысандар мен құбылыстарға танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер, байланыс және көлік құралдары, қарапайым зерттеу әрекеті туралы түсініктерін кеңейту.
2. Заттар, құбылыстар мен оқиғалар арасындағы себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктерін түсінуін қалыптастыру.
Мазмұны:
Заттық орта
Айналадағы заттар, олардың сапасы, қасиеті, қызметі, неден жасалғандығы туралы түсініктерін жүйелеп, қорытындылау.
Қоршаған ортадағы заттарды және олардың көлемі, түсі, пішіні, бөліктері мен бөлшектерін бірнеше сенсорлық белгілері бойынша топтау, қарастыру, зерттеу, атау және ажырату ептіліктерін жетілдіру.
Заттарды сапасы мен қасиеттерін ажыратуға үйрету:
- сипап сезуге (тегіс - кедір-бұдыр);
- дәміне (тәтті - қышқыл);
- естуіне (сыбдырлайды - тарсылдайды), заттармен әрекеттерді атау.
Түрлі заттар әлеміндегі атауларды балалар тіліне енгізіп, нақтылау, таныс емес заттардың не үшін қолданылатынын түсіндіру, заттардың тобын (ойыншықтар, киімдер, аяқ киім, ыдыс-аяқ, жиһаз) білдіретін ұғымдарды меңгеруін тиянақтау.
Қазақстанда тұратын қазақ және басқа да халықтардың тұрмыстық заттар мен топ бөлмесінің жиһаздарын дұрыс қолдану ептіліктерін жетілдіру.
Заттарға ұқыптылықпен қарау дағдылары мен ойыншықтарды, кітаптарды, ыдыс-аяқтарды сақтау ережелерін үйрету.
Байланыс және көлік құралдары
Жергілікті жағдайларды ескере отырып, көлік құралдарын (автобус, трамвай, жүк машинасы, жеңіл машина, ұшақ) танып, атауға үйрету.
Автомашинаның бөліктерін (кабина, рөл, шанақ, дөңгелек) ажырата білуін дамыту.
Бағдаршамның белгілерімен, көшеде өзін-өзі ұстаудың қарапайым дағдыларымен (көшеде қалай және қай жерден өту керек) таныстыру.
Зерттеу-іздестіру әрекеті
Заттарды меңгеруге үйрету (балық аулайтын ау, сурет салуға қарындаш немесе бояулар, жіптердің көмегімен заттарды тартып алу және т.б.).
Түрлі материалдармен таныстыру (су - төгіледі, боялады; ылғал топырақтан мүсіндер жасауға болады, ал құрғақ топырақ-шашылады; қардан қар кесегін жасауға болады, егер жылы жерге кіргізсе, ол ериді т.б.).
Тәжірибе нәтижесін көру үшін басқалардың әрекеттерін бақылауға үйрету.
Көп заттардың ішінен біреуін таңдап алуға үйрету (осы ойыншықпен ойнағым келеді, мына затты қолдана аламын).
Ақпаратпен жұмыс
Қолжетімді ақпараттармен (кітаптардан, теле-бағдарламалардан, фильмдерден, ересектердің сұхбаттарынан) жұмыс істеудің қарапайым дағдыларын дамыту.
Әдеби шығармалар мен олардың мазмұнына жаңа ақпарат көзі (еңбек, ойыншықтар, туыстар, ойыншықтармен қарым-қатынасы және т.б. туралы) ретінде қызығушылықтарын қалыптастыру. Өз әсерлерімен бөлісу біліктерін дамыту.
Менің елім - Қазақстан
Баланың шағын отаны - оның тұрғылықты жері (қаласы, ауданы, ауылы) туралы түсінік беру, аттарымен таныстыру.
Біздің елімізде қарттарға - құрмет көрсетіліп, ақылын тыңдайтынымыз туралы, ал кішілерге - қамқорлық жасалып, оларды бағып-қағып өсіретіні туралы түсінік беру.
Адамдар үйлерде тұратынын, ал ертеде адамның өмір сүретін орны - киіз үйлерде тұрған деп және ондағы заттың бәрі өмір сүруге және адамға ыңғайлы болу үшін жасалған деген- қарапайым түсініктерін қалыптастыру.
Қазақстанда тұратын қазақ және басқа да халықтарының салт-дәстүрлері мен мәдениетінің негіздеріне бейімдеу.
Ересектер - жұмыс істейді, балалар - балабақшаға, мектепке баратыны туралы түсіндіру.
Өмір қауіпсіздігі және жолда жүру ережелері
Жол бөліктерімен таныстыру, жаяу жүргіншілер жолы мен жол жиегіндегі тротуар жолдарымен таныстыру.
Бағдаршамның түстерімен таныстыру, қай түс қандай белгі беретіндігін түсіндіру.
Көлік жолдары мен жаяу жүргінші жолдары туралы төмендегідей қарапайым түсінік беру:
- жаяу жүргіншіге тек тротуармен жүруге рұқсат;
- балалар жолдан тек ата-аналарының көмегімен өтеді;
- жаяу адам көлікті аялдамада күтеді;
- көлікте әр адам ешкімге кедергі жасамай, тәртіп сақтауы тиіс.
Балабақшада және үйде өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға үйрету:
- ересектердің рұқсатынсыз үшкір заттарды алмау;
- электр құралдарынан алыс жүру;
- отпен ойнамау;
- таныс емес, бөгде біреуге есік ашпау.
Серуенде жүргенде өз қауіпсіздігі негіздеріне:
- серуен кезінде ересектерден алыс кетпеуге;
- өзі білмейтін саңырауқұлақтар мен жидектерді теріп, жемеуге үйрету.
Жыл соңында қоршаған ортамен таныстыру бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- қоршаған ортадағы заттарды олардың көлемін, түсін, формасын, бөлшегі мен бөлігін ажырата білуді және атауды;
- жалпылауыш сөздерді (ойыншық, киім, аяқ-киім, ыдыс-аяқ, жиhаз) түсінуді;
- көлік түрлерін (автобус, жеңіл көлік, ұшақ) танып білуді және атауды;
- бағдаршамның жасыл және қызыл түстерін қандай белгі беретіндігін білуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет