Құрастыру
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың қарапайым құрастыру дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Қағаз бен құрылыс материалдарынан құрастыруға үйрету.
2. Өз қиялымен түрлі құрылымдар құрастыру, оларды сюжет мазмұнына қарай біріктіру, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйрету;
3. Өз бетінше жеке және құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орната отырып, ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
4. Шығармашылық қиялы мен көркемдік талғамын дамыту.
Мазмұны:
Құрылыс материалдарынан құрастыру
Түрлі-түсті бөлшектер мен пішіндерден қарапайым құрылыстар жасауды жалғастыру, бөлшектерді қатарластырып, кірпіш - пластиналарды көлденеңінен, тігінен, дөңгелек пен төртбұрыш бойына бір-біріне жақын және белгілі арақашықтықты сақтай отырып орналастыру тәсілдерін қолдану.
Биіктету немесе бөлшектерін ауыстыру арқылы құрылысын өзгерту іскерліктерін дамыту, мысалы: «Жолдар» (машиналар мен жаяу жүргіншілерге арналған кең және тар жолдар), «Лақтар мен боталарға арналған қоршаулар» (биік, аласа), «Қақпа» (биік, аласа, кең және тар).
Балаларға құрылыс материалдарының негізгі бөлшектері (текше, кірпіш, пластина, призма) мен олардың түстерін, көлемдерін атай білуге ынталандыру. Құрылыс бөліктерін көлеміне қарай (үлкен-кіші, ұзын-қысқа, биік-аласа, кең-тар) ажырата білге үйрету.
Қағаздан құрастыру
Қағаздан құрастырудың бүктеу, умаждау, жырту, ширату тәсілдерін қолдана отырып, қағаз парағын көлемді өзгерту іскерліктерін (мысалы, шөп, бақбақ, құстар) қалыптастыру.
Жыл соңында құрастыру бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- құрылыс материалдарының негізгі бөлшектерін біліп атауды;
- кірпіштер мен пластиналарды тігінен және көлденеңнен қоюды;
- құрылыстың үстіне құрылыс салу және элементтерді алмастыру арқылы құрылысты өзгертуді;
- құрылыс бөліктерін ажыратуды;
- қағаз беттерін (умаждау, жырту, ширату) қайта жасауды білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |