Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ


«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ



бет21/66
Дата27.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#481740
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66
Мектепке дейінгі мекеменің "Зерек бала" бағдарламасы

«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ


Мақсаты: қарапайым әдептілік ережелерінің негізінде қоршаған ортамен қарым-қатынас пен өзара әрекетке қатысуға дайын мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны:
а) ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
- қоршаған ортамен таныстыру;
- экология негіздері;
- көркем әдебиет арқылы
б) балалардың өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеу:
- ойын іс-әрекеті;
- қарым-қатынас және өзара әрекет үлгілері;
- шамасы жететін көмек көрсету;
- еңбек тапсырмалары;
- негізгі мейрам күндерін мерекелеуге қатыстыру;
- әлемді, адам сезімдерін, мінез-құлық нормаларын және ережелерін ашатын арнайы ойындар және жаттығулар арқылы жүзеге асады.


Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: балаларда қоршаған ортада өзін-өзі дұрыс ұстау қабілеттері мен қарым-қатынасын, әлеуметтік мәдениет негіздерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.
2. Отаны мен отбасына сүйіспеншілік сезімін ояту және ересектерді құрметтеуге тәрбиелеу.
3. Балабақшада, көшеде, қоғамдық орындарда өзін-өзі дұрыс ұстау ережелерін сақтауға үйрету.
4. Балаларды жақын адамдарының, құрдастарының, жануарлар мен ертегі кейіпкерлерінің жағдайларына эмоционалдық қарым-қатынас жасауға ынталандыру.
Мазмұны:
Мен кіммін?
Өзі туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру (мен – адаммын, менің қолым, аяғым, басым, құлағым, көзім, мұрным, ауызым бар, мен аштықты, суықты сеземін және т.б.).
Өзін құрметтеуге және өзінің дербестігін нығайтуға мүмкіндік жасау.
Балаға қарапайым туыстық қарым-қатынастары, сүйіспеншілігі мен қандай эмоциялық сезімде болатыны туралы пікірін айтуға (Менің әкем, анам, ағам, апам, атам мен әжем, тәтем, көкем бар. Олардың бәрі мені жақсы көреді және маған қамқорлық жасайды) ынталандыру.
Адам - тіршілік иесі
Сыртқы физиологиялық ерекшеліктері туралы (әрқайсысының басы қолы, аяғы, беті, көзі, мұрны, ауызы бар және т.б.) түсінік беру. Балаларға көз, құлақ, ауыз, тіс, тіл, қол мен аяқтың не үшін қажеттігін түсінуге үйрету.
Өзінің эмоционалдық жағдайы туралы әңгімелеуге үйрету (қарным ашты - тойдым, шаршадым - дем алдым, ауырдым - емделдім, ренжідім - қуандым, жыладым - күлдім т.б.).
Отбасы
Отбасы бейнеленген суреттерді қарастыруға, отбасы мүшелері мен олардың әрекеттерін (анам сорпа пісіріп жатыр, әкем үй салып жатыр, атам газет оқып отыр, ағам мектепке барады) атауға ынталандыру. Балаларды «Бұл әке, ана, балалар» деп, рөлге бөле отырып, «Отбасы» сюжеттік-рөлдік ойынды ойнауға ынталандыру.
Балаларды отбасы үшін бөлмені жайғастыру: жиһаздарды қою, ыдыс-аяқтарды орналастыру ойын іс-әрекетіне ынталандыру.
Өзінің отбасы мүшелері туралы, кім не істейді, бір-біріне қалай көмектесетіндері жайлы сұрақтарға жауап беру. Басқалардың да өз отбасы, ата-аналары, олардың өз балаларын жақсы көріп қамқорлық жасайтыны туралы түсінуді үйрету.
Ересектердің еңбегі
Ересектердің еңбегі мен олардың қызметтері (тәрбиеші, дәрігер, аспаз), баланың туысқандарының немен айналысатыны, үйдегі іс-әрекеті («Әжем қатық ұйытады, наурызкөже дайындайды, шұлық тоқиды», «Анам ыдыс жуады», «Әкем орындық жөндейді», «Апайым сабақ оқиды») туралы түсініктерін кеңейту.
Көлік құралдарын түрлі мамандық иелері (жүргізуші, машинист, ұшқыш) басқаратыны туралы түсінік беру.
Ересектердің қызметін құрметтеп, оның нәтижелеріне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Балаларды ересектермен бірге шамасына қарай бірлесіп еңбек етуге (ойыншықтарды жинау, үстелді жабдықтау, гүлдерді суару, балықтарға жем беру) араластыру.
Балабақша
Топ бөлмесі мен балабақша ауласын еркін бағдарлай білу дағдыларын жетілдіру: балабақша ғимараты мен өз тобын қарау, медициналық кабинетке, музыка залына, асханаға, көрші топқа серуен жасау және т.б.
Топтағы бөлменің жабдықтарымен (ондағы жиһаз, ойыншықтар, ыдыс-аяқтар, тірі табиғат бұрышы, кітаптар бұрышы) танысу. Ұйықтайтын бөлме (жиһаздар мен төсек жабдықтары), жуынуға арналған бөлмелер мен киім ауыстыратын бөлмелердің жабдықтарымен таныстыру. Әр бөлме неге арналғанын түсіндіру.
Балабақшада балалар немен айналысатынын әңгімелеуге үйрету.
Мінез-құлық дағдылары
Ізеттілік дағдыларын (сәлемдесу, қоштасу, көмек қабылдап, оған алғысын білдіру, өз көмегін ұсыну) дамыту. Қарапайым әдеп ережелерін: үлкенді тыңдау, ойыншығымен бөлісу, қоғамдық орындарда мәдениеттілік сақтауды үйрету.
Құрдастарымен және ересектермен ынтымақтасып әрекет ету
Өзінің, ата-аналарының, отбасының басқа да мүшелерінің аты-жөнін атай білуге және өзінің туыстары жөнінде әңгімелей білуге үйрету. Отбасы мүшелеріне мейірім мен сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.
Балаларды құрбыларымен бірлескен әрекеттерге қатысуға, ойын барысында басқа балаларға кедергі келтірмей, бірлесіп ойнауға үйрету.
Еңбек тапсырмаларына қызығушылығын дамыту.
Адамгершілік қағидалары туралы түсінік
Өз отбасына, үйі мен балабақшасына сүйіспеншілік сезімін дамыту.
Бала бойына мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік және басқа да игі қасиеттердің орнығуына барынша мүмкіндік жасау. Ересектер қашан да баланы қолдап, оның жетістігіне қуанып, сәтсіздігіне қамығатыны, әрдайым оған қолдау жасап, көмектесетіні туралы түсінік беру.
Балабақшада өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет