Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ


ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ



бет24/66
Дата27.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#481740
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66
Мектепке дейінгі мекеменің "Зерек бала" бағдарламасы

ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ


Мақсаты: балалардың алғашқы бірігіп ойнау тәжірибелерін жинауда, басқа баламен қатар және бірге ойнай білуін дамытуда белсенді тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Әртүрлі ойындарға қызығушылығын дамыту. Ойынды таңдауда, ойлаған ойын іске асыруда дербестігін дамыту, белсенді іс-әрекетке ынталандыру, сергек және қуанышты көңіл-күйін қолдау.
2. Ойын іс-әрекеті тәсілдерін: ойын әрекеттерін оңайлау сюжеттермен бірлескен ойыншықтармен орындау, ойын үшін 1-2 затты дербес таңдап ала білу, дидактикалық ойындар мен қозғалыс ойындарының қарапайым ережелеріне және үлгілеріне сәйкес ойын әрекеттерімен ойнау.
3. Ересектердің көмегімен ойыншықтар мен заттарды өз орындарына орналастыруды, құрылыс материалдарын қалауды үйрету.
4. Балаларды ойыншықтарды санына, көлеміне, мөлшеріне қарай салыстыруға, заттардың аттарын, ойында қолданылатын кейбір құрылыс материалдарын (текшелер, кірпіштер) дұрыс атауға ынталандыру. Топырақпен, сумен, қармен ойнау барысында балаларда осы материалдардың қасиеттері туралы білімдерін бекіту.
5. Басқа балалармен қатар, бірге ойнай білу, құрдастарының ойынына тілектестік қарым-қатынаста болу: бірге ойнау, басқа балаға бөгет жасамау керектігін түсіне білуін қалыптастыру.
6. Тәрбиеші ұйымдастырған қарапайым топтық ойындарға қатысуға үйрету.
Мазмұны:
Сюжеттік-рөлдік ойындар
Баланың бақылау нәтижелері, қазақ халық ертегілері және басқа халық ертегілері, Қазақстан жазушыларының әдеби шығармалары бойынша жанына жақын тақырыптарға ойын ойлап табуына мүміндік туғызу.
Балаларда: қарапайым сюжеттер ойлап табу, рөл таңдау, оны құрдастарымен бірге орындай білуін, ойын кезінде бір-бірімен байланысты бірнеше әрекет түрлерін атқара білуін (тамақ пісіру, дастарқан мәзірін дайындау, тамақтандыру, ұйықтатуға жатқызу, емдеу) дамыту. Екі қатысушы кейіпкері бар сюжетте өзара әрекетке (анасы - қызы, дәрігер - емделуші, жүргізуші - жолаушы) үйрету. Серіктесімен-ойыншықтармен ойында өзі үшін де, ойыншық үшін де рөлдерді орындау.
Баланың өз бетінше рөлді толықтыра түсетін заттар мен көрсетілімге қажетті ойыншықтар таңдау талпыныстарын мадақтау.
Балаларға ойында құрылыс материалдарын, қарапайым ағаш және пластик конструктор қолдануды үйрету.
Ойын барысында табиғи заттарды (топырақ, су, қар т.б.) әр түрлі мақсатта қолдануға (көпір, үй, жол салу, қардан төбешіктер, қамалдар жасау, ойыншықтарды суда жүздіру т.б.) ынталандыру.
Қимылды ойындар
Қазақ және басқа халықтың қимыл ойындарында балалардың қимылдау белсенділігін дамыту. Ойынды барлық топпен және шағын кіші топтармен ұйымдастыру.
Өрмелеу, еңбектеу дағдыларын дамытатын, қимылдау ептілігін арттыратын доппен, шармен ойнайтын дербес ойындарды мадақтау.
Қимыл түрлері өзгеретін және ережесі күрделірек ойындарды енгізу.
Балаларда қарапайым ережелерді сақтау, қимылдарын үйлестіру, кеңістікті бағдарлай білуін тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар
Ойыншықтар мен заттарды түсіне, көлеміне және пішіні бойынша жию, түсі және көлемі бойынша кезектестіріп, белгілі бір жүйелілікте мұнара және пирамиданы құрастырып, жинай білуін бекіту.
4 бөліктен, содан кейін 6 бөліктен тұратын суреттерді (ыдыс, ойыншықтар т.б.) жинауды, бөлшектелген ойыншықтарды (бөшкелер, матрешкалар, шарлар, машиналар) жинауды үйрету.
Балалардың құрал-саймандармен әрекет етуін: тығындау, винтті бұрау, легеннен ойыншықтарды ойыншық қармақпен аулауды меңгерту үшін жағдай жасау.
Ойын барысында қарапайым ережелерді орындап, ойын әрекетін: әрекетті тәрбиешінің белгісімен бірдей бастап, бірдей аяқтау, рет-ретімен әрекет етуді (мысалы, «Мынау не, ол қайда тұрады?» ойынында түрлі үйшіктерді мекендеушілердің дауысын салып, кезекпен жауап беру) дұрыс орындауға үйрету.
Балаларды музыкалық-ырғақтық ойындарда дыбыс жоғарылығын қабылдауға «Құс пен балапандары», екі музыкалық аспапты тембрі бойынша ажыратуға (сырнай және дауылпаз), мысалы ойында, «Ненің дауысы?» баяу және қатты музыканың дауысын беру, және соған сәйкес такт үлесінің күштілігін ескере отырып, сылдырмақты сылдырату, қоңырау соғуға үйрету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет