Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» акционерлік қОҒамының филиалы атырау облысы бойынша педагогикалық



Pdf көрінісі
бет16/70
Дата11.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#483011
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70
«Өзін-өзі-тану»-пәні-бойынша-көмекші

(1941 ж. 12 ақпан)  
“Адамға берілетін білім оның көзіне көрінетіндей құлағына естілетіндей 
және қолына ұстатқандай болуы керек, яғни бала білімді өзінің сезім 
мүшелерімен терең сезіруі керек сезімге әсер еткен білім ғана балада жеңіл 
қабылданып, ұзақ есінде сақталады” деген  П. Я. Гальперин:
 
«Өзін – өзі тану» рухани адамгершілік білім бағдарламасындағы 
мұғалімнің рөлі 
“Мұғалімдік мамандық–бұл адамтану,адамның күрделі және қызықты
шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік 
пен педагогикалық өнер– ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады” деп
түйіндеген В.А.Сухомлинский 
«Рухани адамгершілік–міне мектептің ақиқаты. Ол мектептің барлық 
жеріне орнығу керек, оның барлық бұрыштарына, оның барлық кеңістігіне
барлық пәнге, барлық көрнекіліктерге, барлық бағдарламалар мен оқулықтарға, 
әдістер мен тәсілдерге. Ол әрбір тәрбиеші мен мұғалімнің санасы мен жүрегін 
толтыру керек. 
Мұғалімге елдің болашағын қалыптастыруда ең басты рөл берілген.
Барлық мамандықтың ішінде мұғалім мамандығы – ең ардақты, ең қиын және ең 
маңыздысы деп атап көрсеткен Ш.А.Амонашвили.
«Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға 
тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлау тиіс.Ол балалармен сөйлескенде 
ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де 
ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек
мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді…» деген
Ыбырай Алтынсарин.  
Мұғалімнің ролі оқушының ішкі әлеуетін, оның рухани–адамгершілік 
құндылықтар негізіндегі жоғары адамгершілік мәнін ашуға жағдай жасау болып 
табылады.
Қателесу қаупі төніп тұрса да мұғалім оқуда болсын, тәлім-тәрбие 
жұмысында болсын оқушыларға өзінің батыл-батыл ойларымен ықпал жасауы 
қажет» деп ой түйіндейді А.С.Макаренко.


23 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет