Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы «ішкі жұҚпалы емес аурулар клиникалық диагностика ренгинологиясымен»


Тақырыбы: Несепті және несептің бөлінуін зерттеу Сабақ мақсаты



бет19/25
Дата14.10.2022
өлшемі1.47 Mb.
#462658
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
клиникалық диагностика

Тақырыбы: Несепті және несептің бөлінуін зерттеу
Сабақ мақсаты: Несеп бөлу жүйесі мүшелерінің ерекшеліктерін, зерттеу әдістерін оқып-үйрету
Материалдар мен жабдықтар: сиыр, жылқы, қой, шошқа, ит, мысық, бекемдеуге арналған қүралдар (жіптер, дәке, түмылдырық, Соловьев, Г армс қысқышы, бүраулар), қолғаптар, халат, алжапқыш,
дезинфекциялауға арналған спирт, жануарларды жығуға арналған жабдықтар, термометрлер, фонендоскоптар, перкуторлық балғашық пен плессиметр, вазелин, ағаш бүраулар, катетер т.с.с.
Сабақтың өтетін орны: кафедра аудиториясы немесе ветеринарлық клиника.
Тапсырмалар:

  1. Несепті бөлуді зерттеу

  2. Бүйректі зерттеу

  3. Несепағарларды зерттеу

  4. Қуықты зерттеу

Әдістемелік нұсқау

  1. Несепті бөлуді зерттеу

Несеп жүйесі жағдайының қорытындысын несеп шығару, бүйрек, несеп жолы, қуық, уретра, несепті зертханалық түрде тексеру арқылы жасайды.
Несеп шығуын қарау әдісімен тексеріп, малдың дене тұрысына, жиілігіне және уақытына назар аударады. Несеп шығару кезіндегі малдың түріне және жынысына байланысты. Мысалы: бұқалар, қошқарлар несеп шығару кезінде тұрысын өзгертпейді. Олар несепті тұрып шығарады, несеп жай жіңішке ағыспен шығарылады. Айғырлар несеп шығару кезінде тоқтап тұрып артқы аяқтарын алшақтатып қойып және бүгіп несепті шығарады. Несеп шығару күші катты, соңғы бөлігі үзілісті түрде шығады.
Несеп шығарудың жиілігі тәулікте ірі қара малда - 10-12 рет, қой, ешкі, итте - 3-4 рет, шошқада - 5-8 рет, жылқыда - 5-7 рет.
Несептің бір тәулікте шығаратын көлемі (бір тәуліктегі диурез): мүйізді ірі қараларда - 6-12 л ден 25 л дейін болуы мүмкін, жылқыларда - 3-6 л ден 10 л болады, шошқаларда - 2-4 л шамасында, қой, ешкілерде - 1

    1. л, иттерде - 0,5-2 л, мысықтарда - 0,1-0,2 л.

Ауру малда несептің шығуы жиі (поллакиурия), сирек (олигакиурия), токтап қалу (ишурия), тоқтамау (энурез), ауыртатын (странгурия) немесе несеп шығу барысында ауырсынулар (тенезмлар) кездеседі.
Поллакиурия немесе несеп шығуының жиіленуі диурез көбейгенде, яғни несеп жолдардың төменгі бөліктерінде патологиялық үрдістер пайда болғанда, мысалы жіті цистит кезінде пайда болады. Несеп шығуы сирек болғанда, іш өткенде, шектен тыс терлеуде, су жетпеген кезде болады.
Бүйректі пальпация және перкуссия әдістерімен тексереді. Қарау арқылы зерттегенде бүйрек ауруына байланысты белгілеріне назар аудару қажет. Олардың ішінде ұйқышылдық, сіңір тартылу, тері асты ісіктер, малдың күйзелуі, бүкіреюі және т.б.
¥сақ және арық малдарда бүйректі құрсақ қуысының он жағынан аш бүйірден қатты басып, саусақтарды 1, 2, 3 белдеме омыртқалардың көлденең сабағы астынан жібереді. Сау малдар бул пальпация кезінде ауырсынбайды. Ірі малдарда бүйрек зерттеуін соққылау әдісімен тексеруге болады. Ол үшін сол қолды бүйрек жататын жеріне қойып, оң қолдың жұдырығымен тез ақырын соққы береді. Ауру малдарда (бүйрек қабынуында, паранефритте, тынжытас (уролитиаз) ауруында ауырсынуы байқалады. Ірі малдарда тік ішек арқылы сол жақ бүйрек пальпацияланады, оң жақтағысын оның улғаюы мен артқа ауытқуы кезінде пальпациялауға болады.
Несеп жолдарын, несеп қуықты көбінесе тік ішек арқылы зерттейді. Қажет болса катетеризация жасап, несепті алады да, физика-химиялық әдістермен тексеру өткізеді.
Патологиялық жағдайларда малдарда несеп шығарудың жиілеуін, сиректеуін, несептің қуықта түрып қалуын, несептің ауырсынып шығуын және несептің тоқтамауын байқайды.
Несеп шыеаруынъщ патологиялық жіктелуі:
Поллакиурия немесе несеп шығуының жиіленуі диурез көбейгенде, яғни несеп жолдардың төменгі бөліктерінде патологиялык үрдістер пайда болғанда, мысалы уроцистит ауруында және қуықтың ішінде несеп тастары пайда болған жағдайда анықталады.
Несеп шығарудың сиректеуі - олигокиурия деп аталады, несеп шығарулар арасындағы үзақ үзілістермен сипатталады, сол себептен несеп шығарудың бір тәуліктегі саны азаяды. Бүл симптом мал шектен тыс терлегенде, іш өткенде, ішетін су жетіспегенде немесе бүйрек ауруларында байқалады.
Несептің аурысынып шығуы - странгурия. Несеп тамшылап шығады, мал мазасызданады, күшенеді, ыңырсиды. Бүл симптом қуық ауруларында байқалады. Несептің қуықта бөгеліп (түрып) қалуы ишурия деп аталады. Жануарлар уретраның сфинктерінің қүрысып қалу (спазм) әсерінен несеппен толған қуығын босата алмайды.
Несеп шығу барысында пайда болатын ауырсынулар - тенезмдер деп аталады.
Бір тәуліктегі несептің көлемінің үлғаюы - полиурия деп аталады. Бүл белгіні көп мөлшерде су ішкенде, қантты және қантсыз диабетте, бүйректердің созылмалы қабынуында байқайды. Тәуліктегі шығаратын несептің көлемінің азаюы - олигурия, ішетін судың жетіспеуінде немесе шектелуінде, малдың қүрғак тымырсық бөлмеде үзақ түруы, іш өтулерде, жіті нефритте кездеседі. Несептің мүлдем тоқтап қалуы - анурия ауыр түрде өтетін жіті нефриттің нәтижесі болу мүмкін, нефротоксикалық улармен улану кезінде, несеп шығару жолдарының тастармен, ісіктермен бітелуде, қуықтың парезінде анықталады.
Несептің тоқтамауы - энурез деп аталады, несеп шығару кезінде мал ешқандай дене түрысын сақтамайды, бүл симптом жүлын жотасының жарақаттану немесе індетті аурулар кезінде жүлын миының сакральды бөлігінің зақымдануында болады.
Несептің түңгі мезгілде тоқтамауы - никтурия деп аталады.
Қарау арқылы зерттегенде жануардың жалпы жағдайына, ісінулердің (отеки) бар жоғына және орналасуына назар аударады. Ауыр түрде өтетін бүйрек жетіспеушіліктері, уремия ауру малды коматозды жағдайға әкеліп соқтырады. Бүйрек ісінулері қабақтар бетінде, артқы және алдыңғы аяқтарында және қүрсағында байқалады. Бүйрек ісінулерінде терінің түсі боз немесе сүр болады, ал жүрек ісінулерінде терінің цианозы белгіленеді.

  1. Бүйректі зерттеу

Бүйректерде шығару процесі несептің бөлінуімен байланысты. Әрбір нефрон бүйрек денесінен басталады. Ол ілмекті түтікшеге келіп түседі, бул түтікше үш бөлімнен құралады: проксимальды, Генле ілмегі (петля Генле) және дистальды. Дистальды бөлім бүйрек лоханкасына барып түсетін жинағыш түтікшемен жалғасқан.
Бүйректе несептің бөлу кезеңі екі сатыдан құралады:

  1. плазманың ультрафильтрациясы (алғашқы несептің бөлінуі),

  2. негізгі несептің түзілуі.

Әр түрлі малдарда бүйректің құрылысы бірдей болып келмейді. Мүйізді ірі қараларда олар көп еміздікті, будырлы түрге жатады. Пальпация кезінде бүйректің бетіндегі бөліктері анықталады. Шошқалардың бүйректері көп еміздікті, беттері тегіс. Жылқыларда, усақ мүйізділерде, буғыларда бүйректердің беті тегіс. Бүйректі зерттеген кезде қарау, пальпация, перкуссиялау қажетті жағдайда рентгенологиялық және функционалдық зертеу әдістерін қолданады. Маңызы көп болып саналатын несепті зертханалық әдістермен зерттеу. Бүйректер зақымданғанда келесі симптомдар белгіленеді: орталық жүйке жүйесінің күйзелеуі,
жануарлардың қозғалуының әлсіреуі, күйіс қайырудың бузылуы және узаққа созылған іш өтулер. Бүйрек ауруларының созылмалы түрінде осы белгілердің қатарында малдың арықтауы, тері қышулары және аллопеция белгілері байқалады. Маңызды симптомдар болып саналатын төс аймағында, жақ арасында, қурсақ қуысының төменгі жағында, желіні мен сыртқы жыныс мүшелері бетінде және аяқтарында бүйрек ісінулердің пайда болуы.
Бүйректі пальпация және перкуссия әдістермен тексереді. Қарау аркылы зерттегенде бүйрек ауруына байланысты белгілеріне назар аудару қажет. Олардың ішінде уйкышылдық, сіңір тартылу, тері асты ісіктер, малдың күйзелуі, бүкіреюі және т.б.
Пальпация арқылы бүйректің орналасуын, пішінін, көлемін, қозғалғыштығын, консистенциясын және сезімталдығын анықтайды. Пальпацияның өткізгіш және жудырықты түрін қолданады, үлкен малдарға кейбір жағдайда ішкі пальпация қолданады.
Мүйізді ірі қарада сыртқы және ішкі пальпацияны жүргізеді. Сыртынан оң жақтағы бүйректі зерттеуге болады. Оны оң жақ аш бүйірді басып 1-3 бел -омыртқасының көлденең сабағы астынан саусақтың ушымен анықтайды. Ішкі пальпацияны тік ішек арқылы сол жақ бүйректі анықтау үшін қолданылады. Сол жақтағы бүйрек жылжымалы 3-5 бел омыртқасының өсіндісінің астында орналасқан. Зерттеулер арқылы бүйректің орналасуының өзгеруін, бүйректің улғаюының немесе кішіреюінің, консистенциясының өзгеруін, ауырсынуын және флюктуация белгілері анықталады.
¥сақ және арық малдарда бүйректі құрсақ қуысының оң жағының аш бүйірден катты басып, саусақтарды 1,2,3 белдеме омыртқалардың көлденең сабағы астынан жібереді. Сау малдар бул пальпация кезінде ауырсынбайды. Ірі малдарда бүйрек зерттеуін соққылау әдісімен тексеруге болады. Ол үшін сол қолды бүйректің орналасатын жеріне койып, оң қолдың жудырығымен тез ақырын соққы береді. Ауру малдарда (бүйрек кабынуында, паранефритте, тынжытас (уролитиаз) ауруында ауырсынуы байқалады. Ірі малдарда тік ішек арқылы сол жақ бүйрек пальпацияланады, оң жақтағысын оның улғаюы мен артқа ауыткуы кезінде пальпациялауға болады.
Бүйректің улғаюы көбіне паранефрит, пиелонефрит және ісіктер пайда болуы байқалады. Үлкен малдарда перкуссияны балғашықпен, плессиметрмен жүргізеді, ал усақ малдарды дигитальды перкуссия қолданады. Бүйректің биосынамасын диагностикалық мақсатта сирек жасайды.

  1. Несепағарларды зерттеу

Несеп жолдарын, қуықты көбінесе тік ішек аркылы зерттейді. Қажет болса катетеризация жасап, несепті алады да, физико-химиялық әдістермен тексеру өткізеді.

  1. Қуықты зерттеу

Несеп жүйесінің шығару процестері тек қана бүйректердің қызметімен шектелмей, қуықтыңда қызметіне тікелей байланысты. Қуықта су, мочевина, натрий, калий, иодидтер, бромидтер, фосфаттар, сульфаттар және амин қышқылдары сорылады.
Несеп жүйесінің шығару қызметі несептің несеп жүйесінің мүшелері арқылы қозғалуына тығыз байланысты.
Несептің бүйректерден қуыққа барып ағып түсуі несеп жолдарының булшық етті талшықтарының жиырылу күшіне байланысты. Қуықта несеп уретраның сфинктері арқылы сақталып турады.
Несеп жүйесінің мүшелері үш негізгі маңызды қызмет атқарады:

  1. организмнің ішкі ортасының тепе-тендігін сақтайды,

  2. зат алмасу процесінің соңында пайда болатын заттарды шығарады,

  3. ішкі секреция қызметін атқарады.

Клиникалық зерттеу кезінде несеп жүйесін тексеруді келесі бағытта жүргізеді: несеп шығаруды бақылау, бүйректі, несеп ағарларды, қуықты, уретраны және несепті зертханалық әдістермен зерттеу.
Несеп шығару жүйесін зерттеу кезінде қарау, пальпация және перкуссия жалпы клиникалық әдістерін қолданады, арнайы әдістер ішінен - катетеризация, цистоскопия, бүйрек биопсиясы және несепті зерттеу үшін зертханалық әдістерді қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет