Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы «ішкі жұҚпалы емес аурулар клиникалық диагностика ренгинологиясымен»


Тақырыбы: Жануарлармен жумыс жасау және зерттеу ережелері Сабақ мақсаты



бет2/25
Дата14.10.2022
өлшемі1.47 Mb.
#462658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
клиникалық диагностика

Тақырыбы: Жануарлармен жумыс жасау және зерттеу ережелері
Сабақ мақсаты: Жануарларға емдік көмек көрсету кезінде бекемдеу мен қауіпсіздік техникасын меңгеру және оқып-игеру
Материалдар мен жабдықтар: сиыр, жылқы, қой, шошқа, ит, мысық, бекемдеуге арналған қүралдар (жіптер, дәке, түмылдырық, Соловьев, Гармс қысқышы, бураулар), қолғаптар, халат, алжапқыш, дезинфекциялауға арналған спирт, жануарларды жығуға арналған жабдықтар, термометрлер, фонендоскоптар, перкуторлық балғашық пен плессиметр, вазелин, З.Н. Горяинов руминографы, ағаш бураулар т.с.с.
Сабақтың өтетін орны: кафедра аудиториясы немесе ветеринарлық клиника.
Тапсырмалар:

    1. Ауру жануарлармен жумыс жасау ережелері

Әдістемелік нұсқау

  1. Ауыл шаруашылық малдарымен жұмыс жасау ережелері

Ауру малды кішіпейілділікпен жайлап сипап, урмай, соқпай, үркітпей және айқай-шусыз жақындап устау керек. Малға жақындау үшін әр малдың ерекшеліктерін білу қажет.
Жылцыга алдыңғы жағынан таяп келіп жүгенінен устайды. Егер жылқы тыныш турмаса, онда жоғарғы ерніне немесе қулақтың түбіне бурау немесе қамшының бауын салып бурайды, сондай-ақ аттың басын және алдыңғы бір аяғын жоғары көтеріп турады.
Егер жануар байлаусыз турса, оны өзіне қарату үшін атын айтып шақырады, содан кейін барып қана әрекет етеді. Жануар арнайы станокта немесе жылқы бекемдеуге арналған орында турса артынан жақындамай, сәл жанынан жақындап жануардың басын буратын жағынан дыбыстайды.
Жалпы зерттеу немесе өңдеу жумыстарын жүргізу үшін жануарларды арнайы орындарға орналастырады, яғни жумыс жүргізу барысында жануар зерттеуші ветеринарлық мамандарға зиянды жағдай туғызбайтындай болуы шарт.
Термометрия, тік ішек арқылы зерттеу, тереңдік тазалаушы клизма және өзге де емдік жумыстарды жасаған кезде ветеринарлық дәрігерлер қауіпсіздік сақтау үшін алдыңғы аяқтарының бірін манипуляция жүргізетін жағына қарай көтеріп бекемдейді.
Ал артқы аяқ бөлігін зерттеу кезінде қауіпсіздік үшін артқы аяғын бекемдейді. Қызу қанды және спорттық жылқыларды зерттегенде арнайы бураулар мен ауыз қысқыштар салады. Ветеринарлық тәжірибеде жіпті бауы бар ағаш бураулар қолданады. Бурауды салу үшін жіптің тузағына қол салып, жоғарғы ерінді устап, алға қарай тартады, содан кейін сол қолмен тузақты ерінге орналастырып, қатты қысып бурайды. Кейбір жануарлар бурауларды көтере алмауы мүмкін, мундай жағдайда олар өздерін жайсыз устайды. Аталған жағдайда әртүрлі бекемдеуге арналған станоктар қолданады. Тыныш жануарларды станокта бос байлау арқылы, ал спорттық жануарларды іш тусынан қайыс өткізіп, бекемдеу қерек.
Ірі қара малына мойын жанынан келіп екі қолмен мүйізден устайды, егер мал тынышсызданса онда мурын қуысының шеміршегін қолмен немесе мурынға арналған қысқышпен қысады (1-ші сурет).



Сурет 1 - Ірі қара малды мүйіз арқылы және мурнын қысқышпен


бекіту
Асау малдың артқы жағын зерттеу үшін оның артқы аяқтарын бекіту қажет. Ірі қара мал әдеттегідей артқы аяғымен сыртқа және артқа қарай теуіп жолатпайды. Сондықтан, малдың тура тікелей артынан туру қажет, немесе екі артқы аяғын ілмектеп байлайды. Осымен қатар, сирақтың үстінен ілмек байлап, немесе қуйрығымен тізе буынды іштен сыртқа қарай орап бекітеді. Асау буқалардың басын қабырғаға немесе бағанаға қатты, қысқа байлап тастайды.
Сондықтан ірі қара малды бекемдеу үшін танау шеміршегінен саусақпен қысу, Гармс қысқашы, Николаев қысқашы, танау сақинасы немесе дененің әртүрлі бөлігінен шектеу арқылы мүйізінен устап, жіптің көмегімен мойнынан, мүйізінен, басынан және танауынан бекемдейді. Түяқты тазалау және кесу кезінде тізе буыны түсына бүраулар салады.
Түйеге алдыңғы аяғының түсынан өте сақтықпен таяп келіп ноқтадан үстау қажет.Түйені шөктіріп, алдыңғы және артқы аяқтарын жіппен буып тастау керек. Тынышсыз түйелерге мүрындық кигізеді. Түйелер зерттеу кезінде баспен және артқы аяғымен оқыс-қимыл жасап, тістеп, көбік шашу арқылы зақым келтіруі мүмкін. Сондықтан түйеге сақтықпен, алдыңғы аяқ түсынан жақындау керек. Бекемдеу әдістері жылқы мен ірі қара малындағыдай. Алайда, түліктік ерекшелігін ескере отырып, жануарды бекемдеуді үнемі бағып-күтуші маман жүргізген дүрыс.
Қой мен ешкілерді артқы аяғынан немесе мойнынан үстайды. Тексеру кезінде мал иесі мойнынан немесе мүйізден үстап түрады. Қажет болған жағдайда үстелге жатқызып бекемдейді.
И

Ауырсыну түрінде өтетін
тті
тексерген кезде кандай жуас ит болмасын оған түмылдырық кигізу қажет (2-ші суретте бейнеленгендей), егер ол жоқ болса онда иттің жағын жіңішке жіппен буып, түйінін бір үшын желкенің үстінен байлау керек. Мүндай іс-әрекеттер қожайынның көмегімен жүзеге асырылады. Иттерді жатқан күйінде бекемдеу үшін үсақ жануарларға арналған операциялық үстел қолданыладьғ
манипуляциялар кезінде мысықты
орамалмен орайды. Танауына капронды байлам жасауға, ал аяқтарына теріден немесе резеңкеден жасалған қолғап кигізуге болады.
Үй құстарын тексеру үшін бір қолмен қанатынан, ал екінші қолмен аяғынан немесе мойнынан үстау керек. Үркек (қорқақ) қүстарды зерттеу алдында басын орамалмен жабады. Суда жүзетін қүстарды (қаз, үйрек) адамның көзіне зақым келтірмес үшін оның басын қоса үстайды. Емдік- профилактикалық шараларды қолды созу арқылы, алшақ түрып жасайды.
Шошқаларды зерттеу кезінде күш салу, бекіту әдістер жарамсыз болады. Себебі шошқалардың қатты дауысы зерттеуге бөгет жасайды. Сондықтан, оларға азық беріп, абайлап жанына келіп, арқасынан сипап зерттеу жүргізеді. Керек жағдайларда арнайы қысқыш немесе ілмек арқылы малдың үстінгі жағын қысып бекітеді. Шошқаларды түрған қалпында, жоғарғы жақтан үстап, арнайы бекемдеуіш қүралдар қолдану арқылы станокта бекемдейді. Бордақылаудағы жас шошқаларды К.П.Соловьев үсынған қысқыш арқылы бекемдеген жөн. Жаппай емдік шаралар үйымдастыру үшін тар қоражайға айдау арқылы жүргізеді.
Зертханалық жануарларды бекемдеу әдістері. Қоянды орындыққа отырғызып, оның екі қүлағынан үстайды, немесе ақ жаймаға орайды.
Терісі багалы аңдарды ит тәрізді үстап-матайды.
Жабайы жануарлармен жұмыс жасау ережелері. Жабайы аңдар мен асау малды тексеру үшін оларға аминазин және басқа да басалқы дәрілерді егу арқылы жуасытып барып зерттейді.
Ауру малдарға дурыс диагноз қою үшін оларды жан-жақты тексерудің маңызы өте зор. Сондықтан да оқу барысында білім алушылардың бір жүйелі түрде жүргізілетін клиникалық тексеруге, әртүрлі малдарды тексергенде қауіпсіздікті сақтауға, ауру малдарға жақындау, ол үшін тексерілетін малдарды дүрыстап ноқталап үстау әдістеріне аудару керек. Ауру малды - өте қарапайым қимылмен сипап, үрмай-соқпай, үркітпей және қатты дыбыс шығармай жақын келіп үстау керек. Малды зерттеп тексергенде бауыры астына немесе аяғының маңында отыруға, еңкеюге, артқы аяғын түртуге болмайды. Ауру мал зерттеушіні көріп, сезуі қажет. Мал түрін және оның ерекшеліктерін ескере отырып оларға жақындап, содан соң үстап, байлап-матау қажет.
Бақылау сұрақтары:

  1. Өткізілетін жүмыстарды тиімді әрі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бекемдеу әдістері?

  2. Жылқыларға жақындау кезінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек?

  3. Жылқыға термометрия жүргізу үшін қандай әдісті қолдану керек?

  4. Бүқаны тексеруге алып келу үшін қалай бекемдеу қажет?

  5. Ит пен мысықтарды бекемдеу әдістері, қауіпсіздік техникасы?

  6. Әртүрлі жануарларды бекемдеуге қандай қүрал-жабдықтар қолданады?

2 сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет