Бақылау сұрақтары:
Катетерлеу үшін қолданылатын катетер түрлеі қандай?
Жануарларға катетеризация жасау техникасы?
Дәрілік заттарды қуыққа енгізу әдістемесі?
Әдебиеттер: 1, 2, 4
№ 13 сабақ
Тақырыбы: Жануарлардың мшез-қулқын, басын, омыртқа бағанасын және сезім мүшелерін зерттеу
Сабақ мақсаты: Жануарлардың мінез-қулқын, басын, омыртқа бағанасын және сезім мүшелерін зерттеу ерекшелігін оқып-игеру
Материалдар мен жабдықтар: сиыр, жылқы, қой, шошқа, ит, мысық, бекемдеуге арналған қуралдар (жіптер, дәке, тумылдырық, Соловьев, Г армс қысқышы, бураулар), қолғаптар, халат, алжапқыш,
дезинфекциялауға арналған спирт, жануарларды жығуға арналған жабдықтар, термометрлер, фонендоскоптар, перкуторлық балғашық пен плессиметр, вазелин, ағаш бураулар, рефлектор т.с.с.
Сабақтың өтетін орны: кафедра аудиториясы немесе ветеринарлық клиника.
Тапсырмалар:
Жануардың мінез-қулқын зерттеу
Бас сүйегін және омыртқа бағанасын зерттеу
Сезім мүшелерін зерттеу
Әдістемелік нұсқау
Жануардың мінез-құлқын зерттеу
Жүйке жүйесінің патологиялық өзгерістері бар малды зерттеу кезінде өте сақ болу қажет, себебі листериоз, лептоспироз, қутыру, т.б. індетті аурулар адамдарға өте қауіпті деп есептеледі. Жүйке жүйесін зерттеу жумыстары келесі тәртіп бойынша жүргізіледі:
малдың мінез-қулқын зерттеу;
бас сүйегінің ми сауыты мен омыртқасын зерттеу;
сезім мүшелерін;
сезімталдығын;
тірек-қимылын;
рефлекстерді;
вегетативтік жүйке жүйесін;
ликворды тексеру.
Малдың мінез-құлқын зерттеу. Қарау арқылы малдың сыртқы қоздырғыштарға реакциясын анықтап (дыбыс беру, азық беру шулары, т.б.), оның темпераментін (сыртқы әсерлерге сезгіштік) және патологиялық өзгерістерінің бар-жоғына назар аударады. Қазіргі уақытта малдың мінез- қулқына өте үлкен көңіл аударылады. Тіпті арнайы ғылым, этиология деген пайда болды. Малдың жүйке жүйесінің патологиясы кезінде мінез- кулқы қатты өзгереді. Оның бузылуына қозу және жабығу өзгерістері жатады. Қозу жағдайында ми қабығының козғыштығы жоғары болғандықтан барлық психикалық және қозғалу қызметтері күшейеді. Бул жағдай менингоэнцефалит, бас сүйегінің ішкі қысымының жоғарылауы улы заттардың әсерінен пайда болады. Қозу жағдайы бірнеше түрлерімен сипатталады: алға қарай тоқтамай жүре беру, бір жерде айналып туру, артқа қарай жылжу және т.б. Бул кезде малдың сезімі бузылады. Әсіресе күшті өзгерістер індетті энцефаломиелит, қутыру ауруында, нитриттермен, тамыр дәрімен (чемерица, вех ядовитый) улану кезінде. Күйзелу өзгерістері төрт түрлі болады: апатия, уйқышылдық, узақ уйқы және кома (естен тану). Апатия мен уйқышылдық көп індетті ауруларда, созылмалы нефрит, гепатозда кездеседі. ¥зақ уйқы мен кома ми қабының қызметі күрделі түрде бузылғанын көрсетеді.
Көру арқылы малдың бас сүйегінің ми сауытының мынадай ерекшеліктеріне көңіл аударылады: көлемі мен пішініне, оның мүмкін болатын өзгерулеріне (шеке тусының ісінуі, бас сүйегінің соққыдан зақымдануы).
Бас сүйегін және омыртқа бағанасын зерттеу
Бас сүйегінің патологиялық өзгерістері келесі жағдайларда кездесуі мүмкін: ауырсыну - менингитте, жарақаттарда, ценурозда, эхинококкозда, жергілікті температурасының көтерілуі - мидың гиперемиясында, менингитте, бас сүйегінің жумсалуы - ценурозда (айналма), эхинококкозда (жылауық), ми ісіктерінде, рахитте (қуныс, мешел) және т.б. ауруларда.
Омыртқа жотасын қарау арқылы зерттеген кезде оның майысуы мен қимылсыздықтың бар-жоғын анықтайды. Малдарда омыртқа жотасының доға тәрізді майысуы - кифоз, төмен қайқаюы -лордоз, бір жаққа қисаюы - сколиоз кездеседі.
Сезім мүшелерін зерттеу
Көру аппаратын зерттеу. Қабақты, конъюнктиваны, көздің қабықшасын, қарашықты және тор қасықшасын көру кезінде қабақтың қабынуын, көздің жумылуын және қарашықтың кішіреюін, көздің ақ қабықшасы мен тор қабықшасында дақтардың пайда болуын немесе қабынуының бар жоғын анықтайды. Малды жетектеп кедергілер арқылы жүргізіп одан қалай өтетінін анықтайды.
Есту мүшесін зерттеу. Көру арқылы малдың өз атына, алақанды соққанда шығатын дыбыстарды қабылдауын бақылаймыз. Сау малдарда есту мүшесінің қызметінің бузылмағандығын қулақтың елеңдеуі, тыпыршуы, қорқуы және үркуі білдіреді. Зерттеу кезінде есту мүшесінің шектен тыс күшеюіне және нашар естуіне көңіл аударған жөн.
Иіс сезу мүшелерін зерттеу. Ақ жаппа немесе сүлгімен малдың көзін танып, содан соң малға әр түрлі азықтарды беру және мүсәтір спиртін иіскету арқылы анықтайды. Азықты және мүсәтір спиртін малдың танауына әр түрлі қашықтықта жақындату қажет. Иіс сезу жақсы сақталған болса малдың бар ынтасымен азыққа үмтылатындығын, ал мүсәтір спиртінің иісінен басын тартып алатындағын байқауға болады.
Бақылау сұрақтары:
Жүйке жүйесін зерттеу тәртібін атаңыз?
Сау малдың мінезі немен сипатталады?
Әдебиеттер: 1, 2, 4
№ 14 сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |