Несеп бөлу жүйелерін зерттеу үлгісі
Бүйректер. Сыртқы және ішкі зерттеулер. Бүйрек маңы ауырсынатын ауырсынбайтын. ¥сақ малдарда соңғы қабырға артынан пальпациялайды.
Анықталатын жәйттер: жағдайы-қалыпты, ауытқыған (қай жағына) ; көлемі улғаймаған, улғайған, кішірейген; пішіні - дөңгеленген, бөлікті, зығыр тәрізді; беткейі - жылтыр, будырлы; консистенциясы - жұмсақ, тығыз, қатты, борпылдайтын, ауырсынатын, ауырсынбайтын бүйрек артериялары -тамыры соғады, соқпайды; бүйректе тас болуы - жоқ, бар.
Несеп жолдары. Ірі малдарда тек улғайғанда ғана пальпацияланады. Анықталатын жәйттер: ауыруы, улғаю дәрежесі, тастар болуы.
Қуық. Ірі малдарда тік ішек арқылы зерттейді, усақ малдарда құрсақ қабырғасы арқылы пальпацияланады. Қуықтың орналасуы - жамбас, құрсақ қуыстарында (жартылай не толығымен), пішіні - дөңгелек алмурт тәрізді; толығуы - бос, орташа, толып, кеткен; консистенциясы - жумсақ, тығыз, тырысқан-иілгіш; құрамы - зәр, жабысқақ, суйықтық, қум, тастар; ісік-бар, жоқ; ауырсынуы.
Көрсеткіштері кезінде катетерлеу (катетер арқылы зәр алу, емдік заттар енгізу т.б.) мен цистоскопия өткізіледі.
Уретра. Қызару, іріңді бөлінділер (мөлшері, түсі, консистенциясы), түйіндер (түсі), қанталаулар, жаралар, ісіктер, туындылар, несеп тастары болуы; консистенциясы - иілгіш, тығыз, қатты; температурасы -орташа- жылы, жоғары, төмен; ауырсынуы, өткізгіштігі-еркін, қиындық тудырады, бітелген.
Көрсеткіштері болса бітелу орынын анықтау үшін және емдік мақсатпен катетерлейді.
Несеп бөлінуі. Жиілігі - қалыпты, жиі, сирек, шыжыңдық, байқалмауы. Турысы - кәдімгі, өзіне тән емес (қандай). Несеп бөлу үрдісі - еркін, қиындық тудырады, ауырсынады.
Бақылау сұрақтары:
Несеп жүйесіне жататын мүшелерді зерттеу жоспарын атаңыз? Уремия дегеніміз не, клиникалық түрі қандай болады?
Бүйректер қай туста орналасқан? Бүйректерді қандай әдістермен зерттейді? Жалпы зерттеу кезінде малдың қандай жеріне назар аудару керек? Сау ірі қара малда бүйрек құрылымы қандай?
Қуық қалай орналасқан? Қуықты кандай әдіспен зерттейді?
Несеп шығаруға баға беру, көңіл аудару?
Әдебиеттер: 1, 2, 4
№ 12 сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |