Тақырыбы: Жануарларды рентгенологиялық зерттеу техникасын меңгеру. Рентген сәулесімен зерттеу тәсілдері.
Сабақ мақсаты: Жануарларды рентгенологиялық зерттеу техникасын оқып-игеру
Материалдар мен жабдықтар: сиыр, жылқы, қой, шошқа, ит, мысық, бекемдеуге арналған қүралдар (жіптер, дәке, түмылдырық, Соловьев, Г армс қысқышы, бүраулар), қолғаптар, халат, алжапқыш,
дезинфекциялауға арналған спирт, жануарларды жығуға арналған жабдықтар, т.с.с.
Сабақтың өтетін орны: кафедра аудиториясы немесе ветеринарлық клиника.
Тапсырмалар:
Рентгеноскопия. Рентгенография
Рентгенофлюорография тәсілі
Әдістемелік нұсқау
Рентгеноскопия. Рентгенография
Рентгеноскопия - рентген сәулесі арқылы дене мен ағзалардың кескінін айнадан көру.
Дененің кескінін айнадан көру үшін рентген сәулесі мен организмдегі ағзалардың қасиеттері пайдаланылады:
І.Рентген сәулесінің денеден тікелей өтуі;
2.Оның әсерінен кейбір химиялык заттардың жарқылдауы;
Тығыздығына қарай үлпалардың рентген сәулесін өз бойына сіңіру қабілеті.
Рентгеноскопия тәсілінің тиімді жақтары:
арзан;
оңай, жылдам;
бірнеше бағыта зерттеуге болады;
мүшелердің қозғалысын, атқарып түрған қызметін көзбен көріп талдауға болады.
Тиімсіз жақтары:
айнамен қарау алдында көзді қараңғылыққа кемінде 20-30 минут бейімдеу керек;
экранның жарқырауық қасиеті нашар болғандықтан үсақ көріністерді көру қиын жоне оны үзақ уақыт қарау керек;
сәуленің мамандарға және ауру малдарға тигізетін әсері өте көп, сондықтан оның биологиялық зиянды әсері де көп;
дәрігер көргенін ойында үзақ уақыт сақтай алмайды, сол себептен қайта тексергенде өзгерістерін салыстырып анықтау қиын.
Рентгенография немесе дене мен ағзалардың кескінін рентгенограммаға түсіру - ең қолайлы және тиімді тәсіл. Рентгенограммада, рентгеноскопия әдісіне қарағанда өте үсақ өзгерістер жақсы көрінеді.
Рентген пленкасының негізі целлулойдтан жасалып, желатинмен қапталған. Оның екі жақ бетіне жарық сезгіш күміс қоспа жағылған, сондықтан таза пленканы қараңғы жерде картоннан жасалған қара қорапта сактайды. Суретке түсіру үшін пленканы кассетаға салады, оның жануарларды зерттейтін жағы алюминиден жасалғандықтан рентген сәулесін үстамайды.
Рентгенография тәсілінің тиімді жақтары:
рентген суретінде өте үсақ көріністерді көріп зерттеуге болады;
рентген суретін үзақ уақыт сақтауға болады және бүрынғы суреттерімен салыстыра отырып болған өзгерістерді анықтауға мүмкіншілік туады;
сәуленің зиянды әсері мамандарға және ауру малға көп кемиді.
Тиімсіз жақтары:
тәсіл өте қымбат;
қорытынды беру үшін кемінде 1-2 сағат уақыт керек;
мүшелердің қызметін динамикада тексеруге болмайды.
Рентгенофлюорография тәсілі
Рентгенофлюорография тәсілі - экранная суретке түсіру үшін арнайы флюорограф қуралы қолданылады. Суреттің көлемі өте кішкентай (2,4х2,4; 3,2х3,2) болғандықтан, жалғыз өзін ауру түрін анықтауға пайдаланбайды.
Қолданылатын орны - отар арасынан ауруы бар малдарды іріктеп алып, дер кезінде арнайы ем қолдану. Флюорограммаларды флюороскоп қуралы арқылы үлкейтіп қарап, қорытындысын береді.
Флюорография тәсілінің тиімді жақтары:
аз уақыттың ішінде көп малдарды тексеруге болады;
арзан;
сәуленің әсері дәрігер-рентгенологқа аз.
Достарыңызбен бөлісу: |