Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы «ішкі жұҚпалы емес аурулар клиникалық диагностика ренгинологиясымен»


Тақырыбы: Бауырды клиникалық және функционалдық түрғыда зерттеу Сабақ мақсаты



бет18/25
Дата14.10.2022
өлшемі1.47 Mb.
#462658
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
клиникалық диагностика

Тақырыбы: Бауырды клиникалық және функционалдық түрғыда зерттеу
Сабақ мақсаты: Бауырды жалпы және арнайы зерттеу әдістерін оқып-үйрену
Материалдар мен жабдықтар: сиыр, жылқы, қой, шошқа, ит, мысық, бекемдеуге арналған қүралдар (жіптер, дәке, түмылдырық, Соловьев, Г армс қысқышы, бүраулар), қолғаптар, халат, алжапқыш,
дезинфекциялауға арналған спирт, жануарларды жығуға арналған жабдықтар, термометрлер, фонендоскоптар, перкуторлық балғашық пен плессиметр, вазелин, ағаш бүраулар, ауыз кергіштер, биопсия т.с.с.
Сабақтың өтетін орны: кафедра аудиториясы немесе ветеринарлық клиника.
Тапсырмалар:

  1. Бауырды жалпы зерттеу әдістері

  2. Бауырды арнайы зерттеу әдістері

Әдістемелік нұсқау

  1. Бауырды жалпы зерттеу әдістері

Сиырдың оң жақ қапталының 10-12 қабырғалар аралығында болатын бауырдың бәсең (сыбырлы) дыбысын анықтайды, ал қой мен ешкіде бауыр 8-12 қабырға аралығында орналасқан. Бауырды пальпация және перкуссия арқылы зерттеуге болады. Қажетті жағдайларда лапароскопия мен биопсия жасайды.
Пальпация әдісін қолдың саусағымен он жақтағы артқы қабырғаның үстіңгі бөлігінен терең батырып жасайды. Сау малдарда бауырдың артқы шетін ғана сипап зерттеу болады. Ол тегіс, консистенциясы шымыр (серпінді), ауырсынбайды. Егер бауыр үлғайса бүл кезде оның көлемін, сезімталдығын, консистенциясын және үстіңгі бетінің қабілетін анықтауға болады. Бауырдың үлғаюы цирроз, қабыну, лейкоз, фасциолез ауруларында және бауырдың маймен азғындауында кездеседі. Ал туберкулезде, цирроз және эхинококкозде - сырты төмпекті (кедір- бүдырлы), қабынуында, абсцесс кезінде - сезімтал болады.



Сурет 25 - Бауыр жіті гепатитінің бәсең дыбысты шекаралары



  1. Бауырды арнайы зерттеу әдістері

Лапароскопияны қүрсақ қуысындағы басқа да мүшелерді және бауырды көзбен (визуалды) қарау мақсатында қолданады. Бүл зерттеуді медициналық оптикалық аспап - лапароскоп көмегімен жүргізеді.
Бауыр биопсиясы. Кей жағдайларда бауырдың зақымдану сипатын анықтау үшін мүшеден пунктат (сынама) алынады. Бүл әдіс морфологиялық және гистохимиялық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Биопсиялауды жүргізу үшін арнайы қүрал - троакар пайдаланылады.
Бауыр. Бауырдың қатайыңқы аймағы (бәсең дыбысты аймағы) - үлғаймаған, үлғайған (соңғы қабырғадан шығып түрады), кішірейген, алға, төмен ауытқыған, бауыр перкуссияланбайды, ауырсынбайды, ауырсынады көрсеткіштері болса пунктат алып зерттейді.
Ірі қара малда қалыпты жағдайда бауырдың қатайыңкы (бәсең дыбысты) аймағы шонданай төмпешігіне сәл жетпей, 12-ші қабырға аралығында болады, ал 11-ші қабырға аралығында жауырын ортасы сызығына жетеді. Бауыр шекаралары үлғайғанда ол осы сызықтардан төмен ығысады. Айтарлықтай үлғайғанда соңғы қабырға шегінен шығады. Жылқы бауыры тек үлғайып, кабырға доғасына жақындағанда, не одан шығып кеткенде ғана клиникалыктүрде зерттеуге жарамды.
Перкуссиялауды мықын сызығының бойымен, оң жағында 14-16-шы қабырға аралықтары маңында өткізеді. ¥сақ малдарда бауырды сипап, соққылайды. Қалыпты жағдайда ол соңғы қабырғадан аспайды. Анықталатындары - үлғайған (шеті дөңгеленген), үлғаймаған (шеті үшкір). Бауыр беткейі - жылтыр, бүдырлы, төмпешікті. Консистенциясы -тығыз, қамыр тәріздес, қатқыл, қатты.
Көкбауыр - жылқыларда ол мықын сызығымен сол жағында 17-ттті қабырға аралығында перкуссияланады. Оның үлғаюы мен ауытқуы кездерінде ол соңғы қабырғадан шығып түрады. Сонымен қатар ауырсынуын анықтайды.
Ірі қара мал көкбауыры зерттеуге келмейді. ¥сақ малдарда сыртқы пальпация арқылы үлғайғандығын, беткейінің сипатын - жылтыр, бүдырлы, төмпешікті; консистенциясын - тығыз, жүмсақ, эластикалы; ауырсынуын анықтайды. Қажетті жағдайларда пунктат алып зерттейді.
Бақылау сұрақтары:

  1. Бауыр қай жерде орналасқан?

  2. Бауырды қандай әдістермен зерттейді?

Әдебиеттер: 1, 2, 4
11 сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет