Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «парасат» Ұлттық Ғылыми-технологиялық холдингі ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ



бет2/5
Дата13.06.2016
өлшемі1.93 Mb.
#131838
1   2   3   4   5

Желілік қоғамдастық деп біз өзекті кәсіптік мәселелерді шешу мақсатымен порталда желілік кәсіптік қоғамдастыққа біріккен мамандар тобын айтамыз. Бұл ортадағы басшы, міндеті пікір-сайысты ұйымдастыратын және талқылау үшін мәселені тұжырымдайтын, осы саладағы беделді маман модератор болып саналады. Мұнда қатысушылар болып, берілген мәселеге қызығушылық танытатын, ғалымнан бастап оқушымен аяқталатын, осы саладағы кез келген тілек білдіруші маман саналады.

Бірлестік қоғамдастық деп біз мәліметтер базасы А қосымшада берілген автоматтандырылған кәсіптік-бағдарланған бағдарламалар негізінде (1С-бухгалтерия, iRenaissance бірлестігінің ROSS Systems, SIKE, ПРОМТ бірлестіктік ақпараттық жүйе, Trados автоматтандырылған аударма жүйесі және б.) біртұтас жергілікті желіге біріккен белгілі бір кәсіптік ұжымды айтамыз. Мұнда қатысушылар болып тек ұжымның мүшелері ғана саналады.

Желілік өзара әрекеттестіктің мақсатқа лайықтылық заңдылығы екі аспектіде: мақсаттың мәселесі адамның танымдық пен практикалық іс-әрекетінің заңдылықтары сияқты және мақсаттың мәселесі мақсатты бағытталғандық және табиғат пен қоғамның объективтік өзара байланысы сияқты қарастырылатын мақсаттың философиялық санаттарын ашу арқылы анықталады.

Әрине, желілік өзара әрекеттестіктің мақсатқа лайықтылығы – бұл кәсіптік қоғамдастықтың бірлесіп жүргізетін іс-әрекетінің нәтижесіне және белгілі бір құралдардың, технологиялық аспаптардың көмегімен оған қол жеткізу жолдарына алдын ала сүйсіну.

Желілік кәсіптік қоғамдастықтың порталында мақсат айтылады: бірінші кезекте, желілік өзара әрекеттестіктің сондай қазіргі заманғы ортасының, екінші, 2 және 3 суреттерде көрсетілген кәсіптік-бағытталған қоғамдастықтың бар болуы.



2-сурет – кәсіптік желілік қоғамдастық порталының үзіндісі

Педагогикалық құбылыс сияқты желілік өзара әрекеттестіктің мақсатқа лайықтылық базалық санаттары алдын ала көре білу, жобалау, бағдарламалау, жоспарлау болып саналады. Іс-әрекеттің мақсатын анықтау процесінде мақсаттардың әрекеттестігі мен жоғарыда аталған ұғымдар екі процестің бірлігі болып табылады: идеал мақсаттарды ұсыну мен шынайы жағдаятта бірлесіп жүргізетін іс-әрекетте оны іске асыру. Желілік дайындықты қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің құлшыныстық-мақсатты компонентіндегі алғашқы сәт өзара әрекеттестіктің бас мақсатын анықтау болып саналады.

3 сурет – кәсіптік желілік қоғамдастық порталының үзіндісі

Ізделініп отырған сапаны қалыптастыруды біз порталда желілік кәсіптік қоғамдастықты дайындау болып саналатын, 4 суретте көрсетілген, Г.Қ. Нұрғалиеваның іздестіру – бағалау – таңдау – проекциялау құндылық бағдарлау механизмі арнасында қарастырамыз.

4 сурет – кәсіптік желілік қоғамдастық порталының үзіндісі. Кәсіптік қоғамдастықтың бірлесіп жүргізетін іс-әрекеті.
Кәсіптік қоғамдастықтың Интернеттегі іздестіруі болашақ маманға әрекетті өзекті етуге рұқсат етеді де болашақ кәсіптік іс-әрекеттің құндылық эталоны қызметін атқарады, кәсіптік іс-әрекетке құндылық қатынасты іске асыруға болатын кезде оның бағдарын анықтайды.

Желілік қоғамдастықтың маңыздылығын бағалау таңдаған кәсіптік іс-әрекеттің әлеуметтік-экономикалық рөлін болашақ маманның өз қажеттіліктерімен және мүдделерімен байланыстыруға рұқсат етеді. Оған белгілі бір норма бойынша бағалау, әрекеттердің, сын-пікірлердің, баға дәлелдемесінің баламалы нұсқаларын негіздеу мен ұсыну, жетістіктердің немесе сәтсіздіктің сыни талдауы, жағдаяттар талдауы және 2-кестеде көрсетілген басқалары сияқты жұмыс істеудің тәсілдері мүмкіндік туғыза алады.

Желілік қоғамдастықтағы талқыланатын көптеген мәселелерден маманның қажеттілігін өзекті ету кезінде оның бәсекелестік қабілеттілігін анықтайтын кәсіптік сапаларға ие болуда болашақ маман таңдау жасайтын болады.

Желілік қоғамдастықта өзін өзі проекциялау желілік кәсіптік қоғамдастықтық іс-әрекетте, ал одан әрі кәсіптік іс-әрекеттегі болжау процесі, өзін өзі «экстраполяциялау» арқылы өтеді.

Іздестіруді – бағалауды – таңдауды – проекцияны тиімді іске асыру үшін тұлғалық қажеттілікті өзекті ететін іс-әрекет түрлерінің спектрін байыту, желілік кәсіптік қоғамдастыққа қатысу үшін жағдаяттар жасау қажет.

2 кесте – желілік өзара әрекеттестіктегі құлшыныстық-мақсатты

кезеңнің мақсатқа лайықтылық ережесі

Желілік өзара әрекеттестік кезеңдер

Оқу қоғамдастығы


Желілік қоғамдастық


Бірлестік қоғамдастығы


Байланыс орнату


Оқу-білімдік ортада берілген тақырыпқа сәйкес материалды іздестіру

Интернеттегі кәсіптік қоғамдастықты іздестіру

Кәсіптік жетілдірудің тиімді жолдарын іздестіру

Дағдаяттағы бағдар


Берілген пән бойынша дәрістерді, сабақтарды бағалау және өз білімдеріңмен байланыстыру

Кәсіптік іс-әрекетті өз қажеттіліктеріңмен және мүдделеріңмен байланыстыру мақсатында бағалау

Кәсіптік іс-әрекеттің әлеуметтік рөлін бағалау және өз кәсіптік қажетті-ліктеріңмен және мүдделеріңмен байланыстыру

Сұрақтар мен мәселелерді

талқылау


Ұсынылған зерттеу жобаларынан өз мүмкіндіктеріңе сәйкес талдау

Талқыланатын мәселелерден өз ұстанымыңа жақынын таңдау немесе өз көзқарасыңды айту

Көптеген мәселелерден таңдау

Шешім қабылдау

Тапсырманы орындау және басқа қатысушылармен талқыдау

Порталда өзіңе демонстрацияланған кәсіптік тәжірибені проекциялау

Өз кәсіптік мүмкіндіктерің мен қажеттіліктеріңді бағалау


Мәтінмәндік-жағдаяттық алдын ала келісу заңдылығы вербальдық және вербальдық емес мәтінмәнді есепке алып, әлеуметтік және мәдени мәтінмәндердің, қатынастық сөздік қылықтардың заңдарын ескере отырып, қатынастық жағдаяттағы білімдерді таңдау мен пайдалануды талап етеді. Осы заңдылықтың процессуальдық бағыттылығы бар және қатынастық жағдаяттың әлеуметтік шындықтан, дәстүрлерден, беделден және т.б. тәуелділігін ашады да, сыни талқылау үшін мәселені және 3 кестеде көрсетілген кәсіптік қарым-қатынастың жаңа тәсілі сияқты желілік өзара әрекеттестікке қатысушылардың көзқарастары мен әрекеттерін негіздеу үшін шешу жолдарын анықтайды.
3-кесте – Құлшыныстық-мақсатты кезеңде желілік өзара әрекеттестіктегі мәтінмәндік-жағдаяттық алдын ала келісу ережесі

Желілік өзара әрекеттестік кезеңдер

Оқу қоғамдастығы

Желілік қоғамдастық

Бірлестік қоғамдастығы

Байланыс орнату

Тәртіп сабақтардың (дәрістік, семинарлық, жобаларды қорғау және т.б.) түріне сәйкес болуы тиіс

Күннің тақырыпшаларымен танысу

Кәсіптік маңызды ақпаратты іздестіру

Жағдаяттағы бағдар


Қойылған міндеттерге сәйкес тапсырмаларды орындау

Талқыланатын міндеттердің мәтінмәніндегі мәселені талқылау

Сұранысқа барабар реакция

Сұрақтар мен мәселелерді

талқылау


Әлеуметтік шындыққа сәйкес қатынастық жағдаятты бағалау

Пікірлерді бағалау және өз көзқарасыңды айту

Пікірлерді бағалау және өз көзқарасыңды айту

Шешім қабылдау

Көзқарастар мен әрекеттерді негіздеу және өз іс-әрекетіңе проекциялау

Көзқарастар мен әрекеттерді негіздеу және өз іс-әрекетіңе проекциялау

Көзқарастар мен әрекеттерді негіздеу және өз іс-әрекетіңе проекциялау

Желілік кәсіптік қоғамда мәтінмәндік-жағдаяттық алдын ала келісу желілік өзара әрекеттестік қатысушылары (және олардың сипаттамалары – кәсіптік іс-әрекет объектісінің мәні, кәсіптік әдеп, осы саладағы өзекті мәселелер туралы білім) туралы, өндіріс процестері мен талқыланатын мәселе бойынша хабар қабылдау туралы түсінік беретін әлеуметтік мәтінмәнді қамтитын күрделі қатынастық құбылыс сияқты алға шығады. Әдістемелік жүйенің құлшыныстық-мақсатты компоненті арнасындағы осы заңдылық желілік қоғамдастық жағдаятындағы қатынастық шындық ережесіне барабар назар аударуы айқын байқалады.

Желілік кәсіптік қоғамдастыққа қатысу, бүкіл ғұмыр бойы өзіңнің кәсіптік біліктілігіңнің деңгейін осылайша көтере отырып, өз мамандығың саласындағы жаңа білімді алу мүмкіндігін береді. Желілік қоғамдастық адамдардың өз білімдерін қалай бөлісетіндігіне аса үлкен көңіл бөледі. Қоғамдастықты қалыптастыру үшін қарым-қатынастың анықтаушы мәні бар. Адамдар қоғамдастықта, араларында не бар, соған ортақ болудың арқасында өмір сүреді, қарым-қатынас – сол тәсіл, адамдар соның арқасында осы ортаққа ие болады.

Іс жүзінде қоғамдастық теориясы негізделетін негізгі ережелердің бірі сол, білім әрқашанда белгілі бір мәтінмәнде игерілуден тұрады. Білімді игеру үшін жаңа келген адамды нақты іс-әрекетке қатыстыруды қамтамасыз ету өте маңызды. Жаңа келген адамдар қоғамдастықтың ішіне тап болып, қоғамдастықтың іс-әрекетіне қатысудың заңды мүмкіндігін алады. Осы іс-әрекетке қатыса отырып, адамдар осы кәсіптік қоғамдастықтың мәтінмәніндегі жаңа білімдерді игереді. Ілім оқу курсын игеру арқылы соншалықты болмайды, бірлесіп жүргізетін іс-әрекетке қаншалықты қатысу арқылы болады. Көптеген жағдаятта адамның қоғамдастық ішінде дербес өсу траекториясы оқыту процесі сияқты қарастырылады.

Қазіргі кезеңде пайда болатын желілік қоғамдастық кәсіптік өсуге жағдаяттар жасайды және көмектеседі, оларды білім алу мақсаттары үшін пайдалану туралы айтуға рұқсат етеді. Топтық қатынас пен өзара әрекеттестіктің ерекше формасы мен тәсілі сияқты қалыптасатын желілік қоғамдастық АҚТ-ды пайдаланудың, 5 суретте көрсетілген, белгілі бір кезеңінде пайда болады.



5-сурет – кәсіптік желілік қоғамдастық порталының үзіндісі. Сұрақты талқылау мен шешімді қабылдау кезеңі.

Интернет заңына желілік дайындық икемді және жылдам желілік құрылымдарға қатысу ережелерінің кәсіптік қағидаларына сәйкес келетін іздестіру арқылы көрініс табады, болашақ маман желілік технологиялар саласындағы халықаралық стандарттарға бағалау жүргізеді, желілік қатынас тәсілдерін таңдауды ұйғарады, содан кейін желілік қоғамдастықтағы өз мінез-құлқын шұғыл өзгерту керек.

Субъектілердің зияткерлік белсенділік заңдылықтары бойынша құлшыныстық-мақсатты компоненттің әдістемелік жүйесі арнасындағы желілік өзара әрекеттестік қатысушыларының белсенділігі өзін-өзі жүзеге асыру болып саналады. Тұлғаның белсенділігі мен дербестігінің жоғарғы модулі өзіндік реттеу, ал дәлірек субъектінің белсенділігі жүзеге асырылатын кезде өзін-өзі басқару, оның өзекті және әлуетті мүмкіндіктері тек ұйымдастыру және айналасын түрлендіру де ғана емес, 4 кестеде көрсетілген өзінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен ұйымдастыру мен басқаруда болып саналады.

Желілік өзара әрекеттестіктің зияткерлік белсенділігі негізіне екі жақты қызмет атқаратын түрткі жатады: олар қоғамдастықтың біріккен іс-әрекетін оятады және бағыттайды және олар іс-әрекетке субъективтік, тұлғалық мағына береді. Түрткі мен мақсаттың өзара байланысының субъективті айтылуы мақсатқа талаптану, оған жету тілегі формасында өтеді де, желілік өзара әрекеттестікте болашақ маманның мінез-құлқы оның кәсіптік мақсаттарының жетістігіне мүмкіндік туғызуы тиіс.
4 кесте – Құлшыныстық-мақсатты кезеңде желілік өзара әрекеттестіктегі

зияткерлік белсенділік ережесі




Желілік өзара әрекеттестік кезеңдер

Оқу қоғамдастығы

Желілік қоғамдастық

Бірлестік қоғамдастығы

Байланыс орнату

Тапсырмаларды орындау кезінде кәсіптік білімдерді өзіндік іске асыру

Талқыланатын мәселелермен танысыстық

Іс-әрекеттің белгілі бір кезеңе кәсіптік міндеттердің көлемін анықтау

Жағдаяттағы бағдар


Әрекетті жоспарлау

Талқыланатын тақырыпқа сәйкес сұрақты тұжырымдау

Берілген параметрлерге сәйкес орындау

Сұрақтар мен мәселелерді

талқылау


Белсенді талқылау

Талқылаудың бірдей тақырыбына сұрақты тұжырымдау

Ауқымды желідегі шешімдерді іздестіру немесе желілік кәсіптік қоғамдастық порталында талқылау

Шешім қабылдау

әрекеттер мен білімдерді түзету

Ұжымдық талқылау нәтижелерін өз ісіңе қолдану

Алынған тәжірибені қойылған міндеттке бейімдеу

Осы жағдаятта маңызды объективтік шарт, модератор айтқандай, шама жеткенше, болашақ маманның кәсіптік мүддесін қалыптастыру болып саналады, яғни модератордың іс-әрекеті мақсатты түрде бағытталған болып саналады. Мақсатты бағытталғандық жоқ болған жағдаятта осы қоғамдастық уақыт өте келе өз іс-әрекетін тоқтатады. Ұйғарым актісінің динамикалық компоненті сияқты түрткі мен мақсаттың байланысы мақсатты бағытталғандық көз қарасы тұрғысынан оның іс-әрекетін талдауға, өзгеріске ұшыраған іс-әрекет процесі сияқты сананы талдауға рұқсат етеді.

Желілік кәсіптік қоғамдастықтың әрбір қатысушысы бірлесіп жүргізетін іс-әрекетке жауапкершілік алады, берілген мәселені талқылауға басқа әріптестерді тарту үшін порталдың барлық құралдарын-жабдықтарын пайдалануы және қоғамдастықтың қатысушыларын ынталандыруы тиіс.

Модераторлық іс-әрекет үшін желілік технологиялардың маңыздылық сипаттамасы білім беру субъектілерінің (оқытушы-студент) рөлі мен қызметінің өзгеруіне саяды.

Оқытушылардың дәстүрлі жүйеде болмаған жаңа қызметі пайда болады. Оған мыналарды жатқызуға болады: компьютерде жұмыс істеу білігі, интерактивтік оқытатын бағдарламаларды әзірлей және жұмыс істей білу білігі, ақпараттық технологиялар саласында маман болу. Желілік технологиялар басқа ұйымдастыру құрылымы мен оқу процесін басқару формасын, басқа да ұйымдастыру-құқықтық нормаларды талап етеді. Бұл желілік басқаруда үлестірілген білімдік ресурстардың пайдаланылуына, икемді оқу жоспарының тұжырымдамасының және т.б. қолданылуына байланысты.

Желілік технологиялардың педагогикалық ерекшелігі қолайлы жұмыс істеу қарқынын таңдау мүмкіндігін студенттің өзіне бере отырып, студенттердің дербес ерекшеліктерін есепке алу жағына қарай оқу процесінің өзгеруі байқалады. Тұлғаның желілік әлемдегі құлшыныстық бағыттылығы өзгереді:



  • Іскерлік түрткі – пайдаланушылардың көпшілігі үшін желіде жұмыс істеу нақты мақсатқа, яғни нәтижеге жетуге бағытталған кәсіптік іс-әрекеттің құрамды бөлігі болып саналады. Бұл нақты ақпаратты іздестіру, белгілі бір адаммен байланыс жасау және өзара әрекеттестік, қандайда бір бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру және т.б. бола алады. Нақты іскерлік нәтижеге бағдарлау мен іскерлік деп аталатын құлшыныстың бар болу көрсеткішінің қызметін атқарады.

  • Танымдық түрткі – жаңа білімдер алумен байланысты; пайдаланушының танымдық мүддесінің бағыттылығына байланысты ол әр түрлі стпаттамаға ие бола алады. Компьютерлік желілерде танымдық өзара байланыстың пәні жаңа қызмет көрсету мүмкіндіктері, әр түрлі гипермәтіндік ақпарат, жаңа адамдар, идеялар мен пікірлер, көріністік және дыбыстық бейнелер бола алады.

  • Қатынастық түрткі – жаңа таныстықтарды, мүдделері жуық адамдарды, пікірлер алмасуды, достар мен пікірлестердің жаңа аясына ие болуды іздестіруімен сипатталады.

  • Қатынастық түрткі немесе ынтымақтастық түрткі адамның іс-әрекеті түрлерінің көпшілігі өзінің мазмұны бойынша да, және де құрылымы бойынша да әлеуметтік сипатқа ие болуымен анықталады. Бұл дегеніміз іс-әрекет адамдардың арасындағы қызметтердің, олардың арасындағы ынтымақтастықтың, іс-әрекет нәтижелерінің, жұмыс барысы бойынша мәселелерді бірлесіп шешудің ара жігін ашуды ұйғарады дегенді білдіреді.

  • Негізіне терең психологиялық құбылыстар жататын өзін-өзі сендіру түрткісі – тұлғаның өзін-өзі бағалауы, талаптану деңгейлері, табысқа жету құлшынысы. Адамның іс-әрекеті жиірек дәлелдеушілік сипатына ие болады, сол кезде адам өзіне және басқаларға өзінің дәулеттілігін, құндылығын дәлелдеуге тура келеді. Өзін-өзі сендіру субъектінің тұлғалық құндылық типіне байланысты іс-әрекеттің алуан түрінде жүзеге аса алады. Басқалармен қатар, бүл түрткіні жиірек адамның базалық құлшыныстық білім алу қатарына жатқызады.

  • Аффилиация (пікірлесуді қажетсіну) түрткісі іс-әрекеттің әлеуметтік мәнін және адамның тұлғалығын білдіру болып саналады. Ол әрбір адамның белгілі бір топқа жату қажеттілігінде, оның құндылығын қабылдау мен оның артынан еруде, топ құрылымында өзінің орнын алуда көрініс табады.

  • Өзін-өзі іс жүзінде көрсету және тұлғалығын дамыту түрткісі пайдаланушылардың біраз бөлігі желілік режімдегі жұмыстың өзінің тұлғалығы мен іс-әрекетіне ықпалын ұғынуымен түсіндіріледі. Бұл ықпал танымдық мүмкіндіктерді дамытуға, қарым-қатынас ерекшеліктеріне, тұлғаның мүддесін қалыптастыруға қатысты болады. Өз мүмкіндіктерін (танымдық, қатынастық және т.б.) іс жүзінде көрсету мен дамытуды ұғынған талаптану желіде жұмыс істеу кезінде тұлғалықты дамыту түрткісін қалыптастырады. Бұл түрткіде өрнекті шығармашылық компонент бар болады. Желіде жұмыс істеу адамға өзінің шығармашылық қабілетін көрсету мүмкіндігін береді, мысалы, жаңа бағдарламалық өнімдерді, WWW ресурстарды дайындау, телеконференцияларда айту және т.б. Бұл адамға өзінің шығармашылық әлеуетін іс жүзінде көрсетуге, маңызды және білікті сарапшылар тарапынан өзінің шығармасының бағасын алуға рұқсат етеді.

Қоғамдастықта адамның виртуальдық тұлғалығы қалыптасады. Ол өзіне жасаған атақ-бедел. Виртуальдық тұлғалық адам үшін оның шынайы тұлғалығына қарағанда жиірек маңызды және одан бас тарту (қоғамдастықтан кетіп қалу) адам үшін өте қиын. Ең жоғарғы деңгей - өзін-өзі іс жүзінде көрсету, яғни белгілі бір мақсаттарға жету. Ал мақсатқа тек пікірлестер командасында ғана жетуге болады. Өз мақсаттарына жетудің қызығына түскен пікірлестер тобы – табысты қоғамдастықтар жобалар ұйымдастырады.

Мүмкін болатын қоғамдастық – бұл өз мақсаттарына жететін команданы іздестіру үшін ең жақсы технология.



Желілік кәсіптік қоғамдастық қатысушылары болып санала алады: тәжірибе алмасуға, айтысуға және келісуге бола алатын оқытушылар-әріптестер;

  • Бірлестікке, аумақтық және кәсіптік қоғамдастыққа кіруге қызығушылық танытқан студенттер мен оқушылар;

  • Коғамдастықтың нақты қатысушысы үшін дербес түрде көпбағытты білімдік қатынасты орнатуға қабілетті, сондай-ақ дербес білімдік траекторияны сүйемелдей алатын тьютерлер;

  • Жеткен нәтижелерді бағалай алатын, сондай-ақ қоғамдастықтың басқа қатысушылары әзірше нені білмейді, соны үйрете алатын сарапшылар;

  • Жобалардың жетекшілері: білімдік аймақта болу шарттарының бірі ортақ тақырыпты дамытатын, ортақ мәселені шешетін, ортақ ресурстарды мен ортақ желілік кеңістікті пайдаланатын онша үлкен емес жобалар (шағын-топ) жұмысына қатысу болып саналады. Жоба жетекшісі жобаны іске асырады және іс-әрекеттер мен жеткен нәтижелер туралы есеп-қисапты жүйелі түрде жариялап отырады;

  • Аралас ғылымдардың өкілдері мен тәжірибелі іскерлер (практиктер): белгілі бір міндеттерді орындайтын қомандаларды құрады, қызметкерлер жинайды, осы білімдік қоғамдастықтың қатысушыларымен тәжірибе бөліседі; тьютерлер мен сарапшылардың рөлінде қатысады;

  • Желілік кәсіптік қоғамдастықтың ұйымдастырушысы, жобалаушысы және үйлестірушісі.

Сонымен, ақпараттық қоғамның заңдары іс-әрекеттің, қарым-қатынастың және аксиологияның теориялық негіздерін кіріктіретін желілік қоғамдастықтың жаңа моделі үшін объективті жағдаят жасайтын ақпараттық-қатынастық өзара әрекеттестіктің парадигмаларын түзетуді талап етеді. Олай болса, болашақ мамандардың желілік өзара әрекеттестігі әдістемелік жүйесінің құлшыныстық-мақсатты компонентінің мәнін түйіндей отырып, біздер маңыздылығын философтар көрсеткен мақсаттардың иерархиясын анықтадық:

  • Ортақ – желілік әлем – желілік қоғамдастық, желілік экономика мен саясат жағдаятындағы кәсіптік іс-әрекетке дайындалынған, бәсекелестікке қабілетті мамандарды қалыптастыру;

  • Жеке – желілік технологияларды қолдану негізінде болашақ маманның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;

  • Арнайы – болашақ маманды бірлестік қоғамдастықта жұмыс істеуге қалыптастыру.

Сонымен, ақпараттық-білімдік порталдардың модераторлық іс-әрекеті әдістемесінің құлшыныстық-мақсатты компонентін іске асыру технологиясы болашақ кәсіптік іс-әрекетке жете түсінген өзара байланыстар жүйесін білдіретін кәсіптік құлшынысқа негізделеді.

Өзін-өзі өзекті ету болашақ маманға желілік қоғамдастықтарда ұсынылған шынайы кәсіптік ортада кәсіптік атақты дәлелдеуге рұқсат етеді. Студент өзі үшін болашақ кәсіптік іс-әрекеттегі болашақты, жаңа кәсіптік мақсаттар бағдарын, бәсекелестік әлемдегі өзінің кәсіптік әлеуетін үйлесімді ашу мен бекіту талабын анықтайды.

Мақсатқа лайықтылық, бір жағынан, болашақ кәсіптік іс-әрекеттің тұлғалық ұсынылу арақатынасымен әрі желілік кәсіптік дамудың маңыздылығын түсінумен және болашақ маманның қалыптасуына үстемдік ететін үлгі – әлеуметтік нұсқау анықталады. Мақсатқа лайықтылық барысында болжаммен және оның негізінде қалыптасқан мақсатқа сәйкес ақиқаттың түрленуі жүзеге асатын адамзат іс-әрекетінің әрбір цикліндегі маңызды кезең сияқты көрініс табады.

Желілік өзара әрекеттестіктің мәтінмәндік-жағдаяттық келісуі мәтінмәнді есепке алып, әлеуметтік және мәдени мәтінмәндердің заңдарын, қатынастық сөздік қылықтарды ескере отырып, қатынастық жағдаяттағы білімдерді іріктеу мен пайдалануды талап етеді. Қатынастық жағдаяттың әлеуметтік ақиқаттан, дәстүрлерден, беделден және т.б. тәуелділігі ашылады да, сыни талқылау үшін мәселені және желілік өзара әрекеттестік қатысушыларының көзқарастары мен әрекеттерін негіздеу үшін шешу жолдарын анықтайды.

Желілік өзара әрекеттестік субъектілерінің зияткерлік белсенділігі олардың өзін іс жүзінде көрсетудің шарты болып саналады. Тұлғаның белсенділігі мен дербестігінің жоғарғы модусы желілік әлем жағдаятындағы кәсіптік дамудың меншікті бағдарламасын ұйымдастырудағы болашақ маманның өзекті де әлуетті мүмкіндігін өзіндік реттеу болып саналады.

Желілік өзара әрекеттестіктің құндылығын жете түсіну студенттердің білімдік іс-әрекеттерінің реттегіші сияқты алға шығады, өйткені тұлғалық құндылықты бағдарлау негізінде тұлғаның қажеттілігін жоғарылату заңы тұрады. Кәсіптік қажеттіліктердің даму диалектикасы осы қажеттілікті қанағаттандыратын желілік қоғамдастық жағдаятындағы кәсіптік өзара әрекеттестік арқылы өтетін болады. Болашақ мамандардың кәсіптік қажеттіліктерін қанағаттандыратын педагогикалық ұйымдастырылған аспаптық орталар сияқты желілік кәсіптік қоғамдастықтың порталы бар болған кезде желілік кәсіптік өзара әрекеттестіктегі қажеттілік өзекті етіледі. Іскерлік, танымдық, қатынастық, бірлестік түрткілерін өзекті ету, сондай-ақ кәсіптік өз ісінің дұрыстығын бекіту, аффилиация, өзін іс жүзінде қөрсету және тұлғалықты дамыту үшін желілік кәсіптік қоғамдастық порталы жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет