Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «парасат» Ұлттық Ғылыми-технологиялық холдингі ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ


ПОРТАЛДАР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МОДЕРАТОР ІС-ӘРЕКЕТІ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ-ІС-ӘРЕКЕТТІК КОМПОНЕНТІН ІСКЕ АСЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ



бет4/5
Дата13.06.2016
өлшемі1.93 Mb.
#131838
1   2   3   4   5

ПОРТАЛДАР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МОДЕРАТОР ІС-ӘРЕКЕТІ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ-ІС-ӘРЕКЕТТІК КОМПОНЕНТІН ІСКЕ АСЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Желілік дайындықты қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің операциялық-іс-әрекеттік компонентін жүзеге асырудың тиімділігін, біздің көзқарасымызша, тұлғаның желілік дайындығының жетекші көрсеткіші ретіндегі жиынтығы қалыптастырудың әр түрлі формаларын қамтамасыз ететін қоғамдастықтың негізінде болжаушылық, танымдық, креативтік, бағалаушылық тәсілдердің жоғарғы дәрежесін қалыптастырумен байланыстырамыз. Тұлға үшін құндылық аспект желілік өзара әрекеттестікке қатысты, 7-кестеде берілген, маңыздылығы мен мақсатқа сәйкес ол көрсететін сол белсенділікте білдірілетін болады.

Әдістемелік жүйенің операциялық-іс-әрекеттік компоненті блогтар мен викилерді қолданумен жүзеге асады. Блогтар (ағыл. сөзі, Web log – web-жорнал, web-хаттама) – бұл әкімшілік ету және пікірсайыстың алғашқы атау берілген тақырыбының жариялану құқығы бір адамға немесе адамдар тобына жататын виртуальдық өзара әрекеттестіктің құралы. Блог оқырмандардың сын-пікір мен сұрақтары үшін ашық та, жабық та бола алады.

Авторлар жаңалықтарды және жаңалықтарға түсініктемелерді жариялайды. Оқырмандардың талқылау мүмкіндіктерінен басқа жарияланымның сапасын да, түсініктемелердің сапасын да бағалау мүмкіндігі бар. Топтық сүзгілеудің осы тетігі сайттағы материалдың жоғары сапасын қамтамасыз етуі тиіс.

Блогтың форумдардан қосымша артықшылықтары бар: мәтінде мультимедиалық хабарламаларды мен html-үзінділерін жариялау мүмкіндігі, пікір сайыстардың бірнеше тармақтарының арасындағв айқаспалы байланыстардың мүмкіндігі. Блогтар мен Викилердің айрықша ерекшелігі мен артықшылығы – желілік қоғамдастық құрудың объективтік қажеттілігі туындайтын ұжымдық бағытталғандық. Желілік өзара әрекеттестіктің келесі тісілі гипермәтін құрудың қарапайым және ұғынықты тәсілін қолдайтын және гипермәтінді жеке және ұжымдық жазуға итермелейтін ВикиВики жүйесі болып саналады. ВикиВики ді пайдалану кезінде адам гипермәтіндік белгілеу тілінің командасын пайдалану туралы қам жемейді.

7-кесте – Желілік өзара әрекеттестіктің операциялық-іс-әрекеттік

кезеңінде өзін-өзі өзектендіру ережесі




Желілік өзара әрекеттестік кезеңдер

Оқу қоғамдастығы

Желілік қоғамдастық

Бірлестік қоғамдастығы

Байланысты орнату

Желілік ресурстарды пайдаланушы сияқты кіріккен ақпараттық-басқаратын жүйелердегі материалды іздестіру

Бірлескен іс-әрекетті жүргізетін желідегі әріптестерді іздестіру

Кәсіптік ақпаратты іздестіру

Жағдаяттағы бағдар


Оқытушымен әңгімеде қолдану мақсатымен кәсіптік бағдарланған көздерді талдау

Бар кәсіптік горизонталь бағытты бағалау

Кәсіптік көздерді талдау

Сұрақтар мен мәселелерді

талқылау


Шығармашылық тапсырмаларды орындау

Дербес кәсіптік блогты дайындау және жүргізу

Бар кәсіптік тұжырымдамаларды бағалау

Шешім қабылдау

Болашық кәсіптік іс-әрекетке пән бойынша білімдерді проекциялау

Кәсіптік бизнестегі желілік іс-әрекеттің мүмкіндіктерін анықтау

Қашықтықтық еңбек қатнастарын жасау тәсілі сияқты электрондық ортаның кәсіптік мүмкіндіктерін анықтау

Жинақтың кез келген мақала-беттері мәтінінің өзі гипермәтін сияқты бағдарламамен тісініктеме беріледі (8кесте). Барлық беттің мәтіндері агент-браузерге түсер алдында, оларды арнайы Вики-агент қарап шығады. Әрбір жаңа анықтама алдымен енгізіледі де содан кейін түсініндіріледі.

Кез келген жазбаны әзірлеу мен редакциялау мүмкіндігі желілік қоғамдастық мүшелерінің әрқайсысына берілген кезде, ВикиВикидегі ұжымдық гипермәтіннің негізгі моделі жүзеге асырылған. ВикиВикиді әр түрлі мақсаттарда пайдалануға болады:

- ұжымдық жобалармен бірлесіп жұмыс істеуді ұйымдастыру үшін құрал ретінде. ВикиВики тұтас топ жаза алатын ұжымдық электрондық тақта болып саналады;

- мәліметтер базасы – ұжымдық тәжірибе қоймасы ретінде. Білімдердің жинақталуы шығармашылық ойдың көзі болып саналғанымен, болашақ мамандардың желілік дайындығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесі әрекеттердің репродуктивтік сипатын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардың шығармашылық деңгейін, мәселелік міндеттерді шешу кезінде, шығармашылық конспектілерді құрастыру кезінде. негізінен «ашық ойлар» сабақтарында демонстрациялайды.

8-кесте – Болашақ мамандардың желілік дайындығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің операциялық-іс-әрекеттік кезеңінің мақсатқа лайықтылық ережелері




Желілік өзара әрекеттестік кезеңдер

Оқу қоғамдастығы

Желілік қоғамдастық

Бірлестік қоғамдастығы

Байланысты орнату

Курс бағдарламасына енгізілмеген оқу ақпаратын іздестіру

Кәсіптік-маңызды сұрақты талқылау үшін бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру

Кәсіптік ұйымды дамытудың өзекті мәселесін анықтау

Жағдаяттағы бағдар


Жетекші ғалымдардың ұстанымдарына сәйкес дәріс мазмұнын бағалау

Кәсіптік іс-әрекет саласындағы белгілі бір мәселенің даму үрдісін талдау және бағалау

Басқа кәсіптік ұжымдардың стратегиялық жоспарларын бағалау

Сұрақтар мен мәселелерді

талқылау


Оқу жағдаятындағы ең жарамды ақпаратты таңдау

Желілік қоғамдастықтың бірлескен іс-әрекетінің стратегиясын анықтау

Ұжымның қойылған міндеттерін шешу мақсатымен қоғамдастық негізде пікірсайыс ұйымдастыру

Шешім қабылдау

Оқу ақпаратын және қазіргі заманғы жетекші тұжырымдамаларды талдау негізінде өзіңнің кәсіптік іс-әрекетіңнің моделін құру

Қазіргі заманғы тұжырымдамаларды талдау негізінде қоғамдастықтың бірлескен іс-әрекетінің даму жоспарын дайындау

Қазіргі заманғы тұжырымдамаларды талдау негізінде ұжымның бірлескен іс-әрекетінің даму жоспарын дайындау

Болжам жасайтын блок: болжаушылық, танымдық, креативтік, баланыстық және бағалаушылық іс-әрекеттен тұратын іскер белсенділіктің қалыптасушылығының шынайы деңгейін зерттеу; іскер белсенділіктің шынайы деңгейін студенттердің өзін-өзі бағалауымен өзара байланысын түзетушілік талдау;

Қалыптастыратын блок студенттердің оқу іс-әрекетінің негізгі тәсілдерін кезеңдік игерумен байланысты болады; іскер белсенділікті дамытудағы өзара әрекеттестіктің басқа формаларының мүмкіндігі бір мезлгілде қарастырылады; бітіруші болып студенттердің өзін-өзі тәрбиелеу процесіне шығуы саналады; болашақ маман іскер белсенділікті бекітуге өз бетімен ынталылық білдірген кезде тұлға үшін онын құраушылары олардың қалыптасушылық дәрежесінен, іс-әрекетке қатағаттандырушылығынан, олардың маңыздылығынан тәуелді болады.

Педагогикалық жағдаяттардың аталған блоктары логикалық түрде өзара байланысты, өзара әрекеттестіктің бірізділігін бейнелейді. Блоктардың барлығы көлемі, уақыт шығыны бойынша әр түрлі қатынаста тұрады, алайда олардың әрқайсысының жұмыс істеуі қағида түрінде маңызды болып саналады.

Операциялық-іс-әрекеттік компонент желілік өзара әрекеттестікті ұйымдастырудың белгілі бір әдістері, құралдары мен формалары арқылы іске асады.

Әдістемелік жүйенің операциялық-іс-әрекеттік компонентін құрастыру кезінде біз негізін қалаушы болып іс-әрекеттің алуан түріне және тұтастай іс-әрекет процесіне айналған кәсіптік-құндылық бағдарлау әдістерінің жүйесі саналатындығын негізге алдық. Бұл жүйенің маңыздылығы мақсатқа ұмтылушылық, біліктілік, креативтік, байланыстылық және тапқырлық сияқты сапаларды қалыптастырумен анықталатын іс-әрекеттің сол түрлерін өзекті етуімен анықталады.

Оқытушылар, білім алушылар мен басқарушылар желілік оқу процесінің субъектілері болып саналады. Ақпараттық орта студенттер мен желілік қашықтықтық сабақтар ауқымында арнайы дайындалынған оқытушыларды виртуальды түрде біріктіреді және жалпы жағдайда:

- бағдарламалық тұғырдың базалық қызметін іске асыратын және оқытушы-студент интерактивтік әрекеттестігін қамтамасыз ететін технологиялық ішкі жүйені;

- электрондық оқу материалдарын, тапсырмаларды, тестілерді дайындау, сақтау және пайдалану үшін кіріккен құралдар кешені сияқты оқу-әдістемелік ішкі жүйені;

- оқу процесін басқару ішкі жүйесін – желілік оқу сабақтарын ұйымдастырудың бағдарламалық құралдарын;

- пайдаланушының ішкі жүйесін – оқушылардың үлестірілген тобын біріктіретін виртуальдық сыныбын;

- құралдар кешенін қосатын, техникалық қолдау мен оқытудың ақпараттық ортасын сүйемелдеуді қамтамасыз ететін басқарудың ішкі жүйесін ұсынады.

Компьютерлік конференциялар, телеконференциялар әдісі – бұл конференцияны жүргізетін және де оған білім алушылардың қатысуын қабылдайтын профессорлар сияқты бірлескен педагогикалық шығармашылық. Бұл әдіс бір мезгілде бірнеше тақырып бойынша ондаған және жүздеген оқитындардың арасында жазбаша немеше ауызша пікірсайысты ұйғарады.

Бар қоғамдастықтардың тәжірибесі желілік қоғамдастықтардың тіршілікке қабілетті болуы үшін үш фактордың қажет екендігін көрсетеді:


    1. қатысушылар санын кеңейту;

    2. құнды үлестерді басқару;

    3. қоғамдастық байланыстар.

Бірінші факторға қатысты қоғамдастықтың тіршілікке қабілеттілігі – олар белсенді болып қалу және қатысушылардың назарын аудару үшін сыни көпшілікке мұқтаждық етеді.

Өйткені әрқашанда қарым-қатынастың әлсіреуі болуы мүмкін, қатысушылардың санын кеңейту тоқтамайтын күш салу болуы тиіс. Қоғамдастықтың нақты тағайындалған мүдде аясы қоординаторға, әлеуетті қатысушылар және де контент сияқты, осы қатысушылардың назарын аудара алатын құралдар мен қызмет етуді іздестіру үшін нарықты зерттеуге көмектеседі. Егерде осы осылай болса, онда сарқылмас қызмет етушілік қоғамдастықтың белсенділігін арттырады; егерде олай болмаса, онда ол түңілу сезімін тудырады да адамдарды кері итереді.

Желілік қоғамдастықтарда «бір-ме-бір» дербес жұмыс істеу үшін әлеуетті қатысушылардың арасында өзара әрекеттестік тәсіл болмайды. Мұнда көп амалдар бар: тікелей электрондық пошта, факс немесе телефон қоңырауы; сәйкес келетін топтар үшін он-лайндық және офф-лайндық таныстырылымдар немесе жиналыстар; жаңа қатысушыларды жинау бойынша әрекет етуші қатысушылар өткізетін марапаттау шаралары.

Желілік кәсіптік қоғамдастықта құнды үлестер болып саналатындар: шығу тегі кезкелген контент; басқа топтармен одақтар; сарапшылардың білімдері мен тәжірибелері; қоғамдастықтың инфрақұрылымы (аппараттық құралдар, бағдарламалық құралдар, интерфейс және жобаның басқа элементтері). Қатысушылардың қоғамдастыққа икемділігінің өзі құнды үлес болып саналады. Осы икемділікті қолдау тәсілдерінің бірі басқа жерден табу әлі де қиын алуан түрлі қызмет етудің жинағынан, контенттен және байланыстардан тұрады. Бұл өз кезегінде қоғамдастықты алға ұмтылдыратын сол айналымдардың өзін іске қосады.

Қоғамдастықтың координаторы қоғамдастықтың құнды үлестерін қолдауға жауап береді. Барлығы осы құнды үлестерді анықтаудан және оларды басқарудың жоспарын құрудан басталады.

Желілік кәсіптік қоғамдастыққа қатысу үшін қатысушы танысуға тиісті және қабылдау немесе қабылдамау ережелері бар:

1. Қоғамдастықтың қатысушылары белсенді өмірлік қағидаларды ұстанады.

2. Қоғамдастықтың қатысушылары іскерлік практикада және мансабын құруда өзінің кәсіптіклік деңгейін жоғарылатуға ұмтылады.

3. Қоғамдастықтың қатысушылары өз мамандығының озат өкілдерінің қатарында болуға ұмтылады.

4. Қоғамдастықтың қатысушылары оның мақсатын қабылдайды және бөліседі, оның іс-әрекетіне белсенді араласады және өзара қатыстылық пен кәсіптік достастық атмосфераны қолдайды.

5. Қоғамдастықтың барлық қатысушылары өздерінің шынайы есімдерімен әрекет етеді. Қатысушылардың әрқайсысы өзі туралы ақиқат ақпаратты айта отырып, басқа қатысушылардан да сондай ақпарат алуды күтеді. Біздің Қоғамдастықта таныс еместер мен бөтендер жоқ. Сайттың модераторы жаңа қатысушыларға өзі туралы ұсынылатын ақпараттың бірдейлігін қатал түрде қадағалайды.

Қоғамдастықтың қатысушылары үшін мыналар рұқсат етілмейді:

1) бүркеншік ат пен nicknames-ті пайдалануға;

2) бірден артық сапарлық кәртішке енгізуге. Құпия сөзді жоғалтқан, жұмыс орнын ауыстырған, аты-жөнді өзгерткен және басқа жағдайда Қоғамдастық қатысушысының қайта тіркелуінің керегі жоқ, өзің туралы мәліметтерді өз бетіңмен өзгертуің қажет немесе қолдау көрсету қызметінен көмек сұрау керек.

3) бөтен адамдардың фотосуретін немесе басқа бейнелерді пайдалануға. Осы кезде өз фотосуретіңді сапар кәртішкесіне орналастыру міндетті емес.

Қоғамдастықтың қатысушылары белгілі бір ақпарат талап етпейтін хабарламаға жауап бермеуге құқылы, мысалы, эмациайлық сипаттағы хабарлама, арандату қасиеті бар хабарлама, осы мәлімдеменің қағидаларын бұзатын хабарламаға.

Қоғамдастықтың қатысушыларынан табанды түрде өзін-өзң ашық жарнамалаудан және өз бизнесін (оның ішінде форумдарға немесе блогтарға бірлестіктің бос орындарын/семинарларды орналастыруға рұқсат етілмейді) жарнамалаудан бас тарту ұсынылады.

Қоғамдастықтың қатысушылары қоғамдастықтың жеке қатысушысына да, ұйымына да қатысты ашық қастық ойлаушы онлайндық сөз айтудан және балағаттаудан бастартуы тиіс. Қоғамдастықтың ұйымдастырушылары мен қатысушыларының атына қастық және балағат сөз айту Қоғамдастықтан шығарып тастаудың себебі қызметін атқарады.

Қоғамдастықтың пікір сайыстарында кез келген ұлттың немесе ұлыстың, дін ұстанулар мен діндердің атына өткір, қастық ойлаушы сөздері бар нәсілшілдік және діни бағытталған сөз айтуға рұқсат етілмейді. Сондай-ақ жынысы мен жас белгілері бойынша да кемсітуге жол берілмейді. 

Қоғамдастықтың қатысушылары онлайн-қарым қатынастарда лексика нормасын пайдалануы тиіс. Лексика нормасына сыймайтын кез келген хабарламаларды модератор ескертпестен сайттан жоятын болады, ал ал олардың авторларына шығарып тастауға дейін санкция қолданылатын болады. Осы талап оффлайн Қоғамдастығының қатысушыларымен қарым қатынасқа тарамайды.

Қоғамдастықтың қатысушылары жөнелтілетін ақпараттың құпиялық пен қауіпсіздік талаптарын өзара сақтауы тиіс.

Қоғамдастықтың қатысушылары өз уақыты мен Қоғамдастықтың басқа қатысушыларының уақытын бағалайды, оны ең маңызды мақсаттар үшін сақтауға тырысады. Осыған байланысты Қоғамдастықтың қатысушылары:

- Мазмұны бірдей хабарламаны бірден артық форумға жіберуден аулақ болады. Бұл «спам» сияқты бағаланады.

- Форумдарда қарым қатынас жасай отырып, сол кезде чат немесе жеке хат жазысу режіміне өтуден бас тартуға тырыса отырып, мүмкіндігінше қатысушылардың көпшілігі үшін маңызды ақпаратты хабарлайды.

- Форумдарда жеке хат жазысуға, жанжал шығаруға және жеке талаптар қоюға рұқсат етпеуге талаптанады.

- Ерекше жеке форумдарда бір бірімен жеке хат жазысуды қолдайды.

Жоғарыда аталған ережелерге сәйкес келмейтін хабарламаларды модератор ашық пікіпсайыстан жояды.

Осы Мәлімдеменің нормаларын бұзған кезде қатысушыны Қоғамдастықтан шығарып тастау мүмкін болады.

Қоғамдастықтан шығару келесідей болады:

1) бір бұзу – сайттың әкімшілігі жазбаша түрде ескерту жасайды (e-mail бойынша немесе жеке форумына);

2) бұзуды қайталау – сайттың ресурсына қатынас құру уақытша тоқтатылады (бір аптадан 1 айға дейін);

3) үшінші рет бұзу – Қоғамдастықтың қатысушылары қатарынан шығарылады.



  • Ұйымдастырушылар форумдардың немесе блогтардың хабарламаларын жоюға және редакциялауға құқылы қызмет көрсетуден, яғни Қоғамдастыққа тіркеу және қатысу мүмкіндіктерінен бас тарту құқығын өзінде қалдырады.

  • Бір бірінен кез келген басқа оффлайн- және онлайн-басылымдарынан дәйексөз келтірген кезде жариялауға автордан рұқсат сұрауы тиіс.

  • Осы ережелердің мәтіні өзгеруі және толықтырылуы мүмкін болады.

Блогтардың ішіндегі коғамдастықтың қатысушылары келесі әрекеттерді орындай алады:

  • Өзінің хабарламаларын жазуды;

  • Басқа авторлардың жариялаған хабарламаларын оқуды;

  • Басқа авторлардың жариялаған хабарламаларын түсіндіруді;

  • Хабарламаның түсініктемесіне жауап беруді;

  • Гипермәтіндік сілтемелерді пайдалана отырып, хабарламалар мен түсініктемелердің арасын өзара байланыстыруды.

Сонымен, маманның желілік дайындығын қалыптастырудың операциялық-іс-әрекеттік компонентінің әдістемелік жүйесін жүзеге асырудың технологиясы сапалы білім берудің қолжетімдігін жасақтауға, әлеуметтік өзара әрекеттестікті дамытуға, желілік кәсіптік қоғамдастықтың қатысушыларын желілік біріктірудің формаларын зияттандыруға бағытталған.

Сұрақтар мен мәселелерді талқылау кезеңі: зерттеу жобаларын таңдау, талқыланатын мәселелерді таңдау, өз көзқарасыңды айту, шешімнің тиімді жолдарын таңдау.

Сонымен, модераторлық іс-әрекет әдістемесінің операциялық-іс-әрекет компоненті:

- түсінікті түрде құрылымдалған білімдерді беретін үйретуші бағдарламалармен және ақпараттық-іздестіру жүйелерімен жұмыс істегенде нәтижесі білім алушының әрекеттерімен детерминацияланған іс-әрекеттердің кез келген түрін түсінікті жоспарлауды талап ететін ортаға білім алушы енген кездегі сындарлы, алгоритмдік ойлауды;

- репродуктивтік іс-әрекеттің мазмұнын өзгерту, танымдық мүддені белсенді ету, зерттеушілік сипаттағы эвристикалық тапсырмаларды орындау есебінен шығармашылық ойлауды;

- бірлескен жобаларды орындау барысындағы қатынастық қабілеттілікті, электрондық пошта мен электрондық конференциялар сияқты технологиялар көмегімен өзара әрекеттестік мүмкіндіктерді кеңейту арқасында компьютерлік іскерлік ойындарды жүргізуді;

- тиімді шешімдер қабылдау біліктерін және жеке тапсырмалар ұсыну арқылы білім алушының мүмкіндігіне бейімделетін және нәтижелерді жақсартуға оларды ынталандыратын жаттығу бағдарламаларының негізінде компьютерлік эксперимнттер барысындағы күрделі жағдаяттағы бейімделуді қалыптастыратын виртуальдық формалар мен әдістердің жиынтығы арқылы жасақтай отырып, желілік өзара әрекеттестік тәсілдерді өзекті етуге бағытталған.




МОДЕРАТОРЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ

БАҒАЛАУ-НӘТИЖЕЛІК КОМПОНЕНТІН

ІСКЕ АСЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Болашақ мамандардың желілік дайындығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің бағалау-нәтижелік компоненті білімдерді игеру және бағалаушылық іс-әрекет процесін бақылау сияқты ұғымдармен байланысты. Желілік өзара әрекеттестіктің нәтижелерін бақылау немесе тексеру әдістемелік жүйенің міндетті компоненті болып саналады. Бақылаудың барлық үш кезеңде әр түрлі көрініс беретін тәрбиелік, білімдік, дамытушылық және диагностикалық міндеттері бар.

Желілік кәсіптік қоғамдастықтардың порталы жағдайындағы бақылаудың желілік кәсіптік қоғамдастық іс-әрекетке белсенді қатысу нәтижесі бойынша бірлескен педагогикалық өнім түріндегі бағалар алуы кәсіптік бағдарланған бағдарламаларды қолдану процесіне белсенді қосылуымен түйінделеді.

Мамандық бойынша кәсіптік-бағдарлы автоматтандырылған бағдарламаларды қолдануға дайындық желілік әлем жағдайындағы болашақ мамандардың бәсекелестік қабілетінің кепілденген нәтижесі болып саналады, өйткені жұмыс берушілердің маңызды талаптарының бірі автоматтандырылған бірлестіктің өзара әрекеттестік тетіктерін меңгеру болып саналады.

Бағалаушылық-нәтижелік компоненттің негізін мынадай құрылымдық компоненттермен анықталатын бағалаушылық іс-әрекет құрады: бағалаушылық іс-әрекет пәні (бірлескен іс-әрекет қорытындысын шығару, іс-әрекеттің өту процесін бағалау, іс-әрекетті ынталандыру, бағалаушылық жігерлендіру-мақұлдау және ұялту әдістерін қолдану);

Бағалаудағы қажеттілік (белсенділік, білім алушының іс-әрекетін бағалауға талаптану, оның тұлғалығы); бағалаудың түрткісі (бұл сол, не үшін бағалау алдын ала қабылданады); бағалаудың әрекеті (бағалау іс-әрекетінің бірлігі); бағалаудың міндеті (бағалау іс-әрекетінде іске асатын қол жеткізугн бағытталған алуан түрлі әрекеттердің мақсаты); бағалау амалы (көмегімен бағалау іске асатын операциялар); бағалау өнімдері (материалдық және рухани сиптатағы білім).

Болашақ маманның технологиялық даму процесіндегі өзін-өзі бағалауы оның тұлғалығын қалыптастырудың, оны өз бетімен қойылған мақсаттар мен кәсіптік іс-әрекеттің қабылданған ниеттеріне сәйкес әрекет етуге қабілетті субъектіге айналдырудың маңызды факторы сияқты алға шығады. Желілік кәсіптік қоғамдастықтың порталы байланыс мақсаттарына сәйкес келуіне немесе айырмашылық болуына байланысты студентке өзінің желілік өзара әрекеттестік траекториясын жасауға рұқсат етеді де желілік бағдарламалық өнімдер жағдайында өзін өзі іс жүзінде көрсетуге шығармашылық қатынасқа мүмкіндік береді.

Желілік дайындықты қалыптастыру – бұл әрбір білім алушыға оқытудың өзіндік жеке жоспар-графиктерін іске асыруға жағдай жасайтын кісіби білімдерді, біліктер мен машықтарды игеру, кеңейту және тереңдету жолдарының, формаларының, әдістерінің, құралдарының, тәсілдерінің жиынтығы. Ізделінді сапаны қалыптастыру білім алушы мен оқытушының әрекеттестігі арқылы өтеді де әрбір білім алушыға оқудың формаларын, әдістері мен режімін анықтаудағы үлкен дербестік кезінде өзіндік білімдік траектория негізінде оқу курсын игеруге жағдай жасайтын ақпараттық-білімдік ортада іске асады.

Желілік өзара әрекеттестік жағдайында жеке қарым қатынастан басқа ұжымдық та бар. Қатысушылар үшін ұжымдық бағалау кезінде сақтауды керек ететін ережелер бар. Жеке жағдайда, бағалаудың әдептілігі (виртуальдық дәрісханада ұжымның пікірі «бірінші» және «соңғыны» ерекшелеу үшін пайдаланылмауы тиіс), ұжымдық көзқарастың көрініс табуында студентке белгілі бір дербестік берілуі тиіс, қоғамдастықта пікірді еркін айту үшін атмосфера жасау, әрбір студентті және қоғамдастықты бағалауға оқытушының орынды қатынасы, тұлғааралық қатынастар жүйесіндегі әрбір студенттің қолайлы орны (сынағаны үшін қудалаудың болмауы, сол немесе басқа баға үшін айыптамау). Ұжымдық бағалаудың негізін адамгершілік мазмұн анықтайды: бағалау қоғамдық пен жеке мүддені қоса бағындыруы тиіс, объективті және әділетті болу, қоғамдастық пен тұлғаның рухани жақындығына мүмкіндік туғызу, сөз бен істің бірлігі, бағалау тұлғадағы оң негізге сүйенуі тиіс, осы оң негізді дамыту керек, көмек қарастыру керек, жария, тура, ашық болу.

Желілік технологиялар жағдайындағы бағалау әдісі білім алушылардың санасына, сезіміне және мінез-құлығына ықпал ететін тәсіл сияқты осы талаптар тұралы түсініктерді, білімдерді игеру деңгейінде, тұлғалық иелену, білімнің сенімге өтуі, мінез-құлықтағы әлеуметтік нормаларды іске асыру деңгейінде бағалаудың әлеуметтік нормаларын игеру қажеттілігін алдынала анықтайды. Бағалау әдісі бірлескен іс-әрекет сияқты педагогтың бағалауы мен білім алушының өзін-өзі бағалауы әрекеттестігінің міндеттілігін ұйғарады. Оқытушының болашақ маманды бағалауы өзін-өзі бағалау критерийлері бойынша жүзеге асуы тиіс, өйткені студенттің мінез-құлқы оның тұлғалығын бағалаумен байланысты болады да, өз кезегінде, бағалаудың сезімтал педагогикалық аспаптылығын талап етеді. Бағалау оқытушыдан әр түрлі форманы қабылдай алады, сондықтан оған желілік режімдегі интерактивтік тапсырмаларға реакциясын, реакцияның шапшаңдығын және жауаптың дәлдігін бағалау көрінісіне назар аудару маңызды болады. Бағалау болашақ маманның өзін-өзі пайымдауымен тығыз байланысты болуы тиіс.

Желілік технологияларды пайдаланып бағалау әдісін пайдаланудың тиімділігін арттыру мынадай педагогикалық талаптарды жүзеге асырудан да тәуелді болады: жүйелілікті, кешенділікті (бағалаудың кешенділік бағдарламаларын құру, бағалау бағдарламаларын іске асыру үшін әдістемелердің кешенін қолдану, студенттердің дербес ерекшеліктеріне байланысты осы бағдарламаларды саралау), бағалаушылық іс-әрекеттегі оқытушының жетекші рөлін қамтамасыз ету, яғни үйлестіруді, түзету енгізуді, педагогикаландыруды дамыту (бағалаудың ретроспективтік және болжаушылық аспектілерінің арасындағы байланыстарды қамтамасыз ету), нақтылық (бағалау кезінде нақтылық көрсеткіштерді дайындау мен қолдану, білім алушыларды бағалаушылық іс-әрекеттің ішкі және сыртқы жақтарының көрінісне назар аудару).

Бірлескен іс-әрекеттің құндылығы және мақсаттық ұйғарымнан немесе құндылық нәтижелерді бағдарламалаудан оларға қол жеткізуге дейінгі желілік өзара әрекеттестіктің барлық созылымындағы оған қатынас бағалаушылық әдістің пәні болып саналады. Барлық жағдайлардағы бағалау критерийлері бағаланатын құбылыстың нормасына жуықтау болып саналады. Жарияланымдар, жаппай талқылауға арналған мәселелер, хабарламалар мен шешімдер, олардың нәтижелері және қоғамдастықтардың іс-әрекетіне, олардың мүшелеріне, бір біріне, өз өзіне қатысушылардың қатынасы бағалау объектілері болып саналады, бұл істер мен мінез-құлық тұтастай мінез-құлықтың түрткілері.

Желілік ұйым қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті әрекеттердің толымдылығын, желілік өзара әрекеттестіктің барлық субъектілерінің арасындағы байланыстардың келісушілігін қамтамасыз етеді; педагогикалық және басшы кадрлардың ақпараттық және кәсіптік қажеттіліктеріне сәйкес олардың жұмысына саралау амалын іске асырады. Және осы мағынада білімдік кеңістіктегі желілер кіріккен саясаттың біріктіруші тетігі сияқты алға шығады.

Ауқымды желідегі қарым-қатынастың нәтижесі жас шамасы мен мәдени кедергілерді жеңу есебінен желілік өзара әрекеттестікке оң құлшыныс қалыптастыру, отандық мәдениеттің дәстүрлі құндылықтарын игеру негізінде қатысушыларда әлеуметтік маңызды тұлғалық сапалар әрекеттестігін дамыту, кәсіптіклік деңгейді дамыту болып саналады.

Интернет желісіндегі сұқбаттық өзара әрекеттестіктің жас шамасы, тұлғалық, ділдік сияқты субъектілердің өзара әрекеттестік ерекшеліктерімен байланысты өз өзгешеліктері және желідегі иесізденген өзара әрекеттестік өзгешелік бар. Қоғамдастықтағы желілік өзара әрекеттестік тең құқықтық және тең мағыналы, игерілуі бойынша білім беру үшін өзекті және желілік қоғамдастық құрамындағы әрбір қатысушы үшін тұлғалық маңызды бірлескен іс-әрекеттестік мәтінмәніндегі білім беру процесі субъектілерінің арасындағы еркін өзара әрекеттестікті білдіреді. Оның нәтижесі оның ділдік және өмірлік тәжірибесімен байланысты әрқайсысының қайталанбас даралығын сақтау кезінде субъектілердің бірлігі болып саналады. Бұл өзара әрекеттестіктің тиімділігі ақпараттық-қатынастық технология құралдары мен желілік қарым-қатынас ережелерінің көмегімен байланыстың сырттай (вербальдық және вербальдық емес) формаларын қолдануға байланысты болады.

Желілік өзара әрекеттестіктің сол немесе басқа формаларын дамытудың негізгі шарты әрқайсысының белсенді және жүйелі қатысуы, тәжірибе алмасуы, өз эксперименттері мен жобаларының нәтижелерін беруі болып саналады. Бұл, бір жағынан, өзін-өзі көрсетудің, екінші жағынан, әріптестермен талқылау процесінде таңдаған әдістері мен педагогикалық табыстарының дұрыстығына өзінің күмәндерін шешу мүмкіндігі.

Топтық байланыс пен өзара әрекеттестіктің ерекше формасы мен тәсілі сияқты қалыптасатын желілік қоғамдастықтар ақпараттық технологияларды пайдаланудың белгілі бір кезеңінде пайда болады. Сол кезде желілік қоғамдастықтың өзара әрекеттестігін белсенді ету үшін жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын тиімді пайдаланудың рөлін ереше атау керек. Белсенді өзара әрекеттестіктің дамуында, осы өзара әрекеттестікті ұйымдастыруда желілік қоғамдастықтың тиімді дамуы және үнемі өз бетімен білім алу мен кәсіптік өсу үшін жағдай жасау көрініс табады.

Ақпараттық-білімдік порталдар желілік өзара әрекеттестіктің кешендік педагогикалық түрде ұйымдастырылған аспаптық құралдарының қызметін атқарады және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен озық педагогикалық тәжірибені тиімді пайдалануға жағдай жасайтын, қол жетерлікті, білім беру процесін дараландыруды және жоғарғы білім сапасын қамтамасыз ететін ақпараттық-технологиялық, ұйымдастырушық-басшылық, оқу-әдістемелік және техникалық компоненттердің көп қызметтік кешені болып табылады.

Желілік қарым-қатынас формаларының дамуын талдау олар не, бұл жөнелту тізімдерімен және телеконференциялармен болатын сияқты, ауқымды желінің ішінде кірігеді, не бұл, өкінішке карай, көп пайдаланушылық әлеммен болатын сияқты, өзінің бар болуын аяқтайды.

Берілген форманың көмегімен әзірленген жеке хабарламалардың желілік құжат немесе цифрлық объекті мәртебесі бар бола ма, соның мәні болады. Желілік қоғамдастық үшін біз сондай хабарламаға сүйене аламыз ба, сол маңызды болады. Мысалы, форум және чат сияқты қатынастардың ішіндегі пікір білдірулердің желілік құжат мәртебесі болмайды.

Ақпараттық жасақтау көзқарасы тұрғысынан бұл – елеулі қате, тіпті болмаған жағдайда жақын арада чаттар мен форумдар қарым-қатынастың басқа формаларымен ығыстырылатын болады. Желілік қарым-қатынастың осындай жаңа формасының рөліне бүгінгі таңда ұжымдық блогтар елеулі үміт етеді.

Осыған байланысты Интернетті тек мәліметтер базасы, ақпараттық қойма сияқты ғана емес, белгілі бір тетік, құрылғы, аспап сияқты да қарастыру қажет. Тәжірибе көрсеткендей, желілік кәсіптік қоғамдастықтағы қатысушыларды белсенді ету және өзара әрекеттестіктің тиімділігін арттыру үшін келесі шарттар жүзеге асқан болуы тиіс: құндылықты арттыру, ұсынылатын материалдың өзектілігі, әдістемелік дайындамалардың ашық сараптамасын ұйымдастыру, интернет-жобалар, конференциялар, желілік сайыстар жүргізу, жаңашыл (педагогикалық және компьютерлік) технологияларды оқыту, тұрақты әрекет ететін порталда желілік координаторларға кеңестік қолдау көрсету.

Байланыс орнату кезеңінде қашықтықтық еңбек қатынастарын жасау тәсілі сияқты кәсіптік бизнестегі желілік іс-әрекеттің мүмкіндіктерін анықтау, электрондық ортадағы қатысудың жолдарын іздестіру, қолайлы кәсіптік тұжырымдамаларды анықтау, пікіп айту ережелері – баяндаудың логикалығы, бір ізділігі және дәлелдігі, анықтығы, бейнелігі, эмоциялығы, өзара әрекеттестіктің арнайы тәсілдері – тұлғалықты ұқсастыру, ақпаратты орналастыру мәселелерді талқылауға қатысу қамтамасыз етіледі.

Жағдаяттағы кәсіптік бағдарлау кезеңі: қойылған кәсіптік міндеттердің қоғамдастықтың бірлескен іс-әрекетінің мақсаттарына сәйкестігін өзі бағалау, пайдаланушының желілік ресурстары сияқты кіріккен ақпараттық-басқарушылық жүйелердегі материалды бағалу, әріптестердің іс-әркетін бағалау.

Сұрақтар мен мәселелерді талқылау кезеңі: оқытушымен әңгімелесуде қолдану мақсатымен кәсіптік-бағдарланған көздерді таңдау, болашақ мамандарды дамытудың бар бағдарламаларын таңдау, кәсіптік ортаны дамытудың тұжырымдамаларын таңдау, виртуальдық қаржылық операцияларды, жаңа еңбек қатнастарын және тележұмыстар-фрилансты (қашықтықтық еңбке қатнастары, Интернет желісіндегі табыс, Интернеттегі кіші бизнес) таңдау.



Кәсіптік шешімдер қабылдау кезеңі: келешек іс-әрекетке білімдерді проекциялау, кәсіптік-бағдарланған шығармашылық тапсырмаларды орындау, жеке кәсіптік блог пен Интернет-бизнесті жүргізу.

Сонымен, студенттердің желілік дайындығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің бағалау-нәтижелік компоненті оқу тапсырмаларын орындау мен кәсіптік-бағдарланған шешімдерді қабылдау нәтижесіндегі жетістіктерді талдауды қамтамасыз етеді.



Желілік қоғамдастықтағы өзара әрекеттестік іздестіру жүйелеріндегі, кіріктірілген ақпараттық-басқарушылық жүйелеріндегі жұмысты, өз ресурстарын дайындауды, кәсіптік ақпаратты іздестіруді, желіге ақпаратты орналастыруды, кері байланысты қамтамасыз етуді, желідегі әріптестерді іздестіруді, жеке кәсіптік блогты жүргізуді қосады.

Желілік саясаттағы өзара әрекеттестік желілік технологиялар саласындағы халықаралық және отандық стандарттарды талдауды, желілік қатынастың қағидаларын сақтауды, желілік жазбе сөз ережелерін іске асыруды, өз пайымдауыңды желілік тыңдаушыларға дейін тұжырымдауды, желілік қоғамдастықтағы қатысу ережелерін сақтауды ұйғарады.



Желілік экономикадағы өзара әрекеттестік келесі әрекеттерді: қашықтықтық еңбек қатнастарын жасауды, желілік технологиялар жағдайында кәсіптік іс-әрекетті ұйымдастыруды, казіргі заманғы электрондық төлем жүйелерін, теле банкингтерді пайдалануды енгізеді.

Ақпараттық-білімдік порталдағы модератордың іс-әрекет әдістемесінің барлық кезеңінде желілік өзара әрекеттестіктің төрт кезеңіне сәйкес: байланыс ортнатуды – жағдаяттағы бағдарлауды – сұрақтарды талқылауды – шешім қабылдау мен байланыстан шығуды және құндылық бағдарлау тетіктерінің негізінде – іздестіруді-бағалауды-таңдауды-проекцияны жүзеге асыру қамтамасыз етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет