Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «парасат» Ұлттық Ғылыми-технологиялық холдингі ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ


МОДЕРАТОРЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ МАҒНАЛЫ КОМПОНЕНТІН ІСКЕ АСЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ



бет3/5
Дата13.06.2016
өлшемі1.93 Mb.
#131838
1   2   3   4   5

МОДЕРАТОРЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ МАҒНАЛЫ КОМПОНЕНТІН ІСКЕ АСЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Желілік дайындықты қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің мағналы компоненті кәсіптік іс-әрекет объектісінің мәні туралы білімдермен анықталады да олардың құндылық теліну шарты кезінде практика барысында оларды практикада пәрменді қолдану қамтамасыз етіледі.

Негізін салушы болып іс-әрекеттің алуан түріне және тұтастай іс-әрекет процесіне айналған тұлғалықты қалыптастырудың әдістер жүйесі саналады. Тұлғалықты қалыптастыру әдістерінің осы жүйесінің маңыздылығы тұлғаның желілік дайындығын анықтайтын сондай тұлғалық сапаларын қалыптастыруды анықтайтын іс-әрекеттердің сол түрлерін өзекті етумен анықталады. Тұлғаның құндылық бағдарлау әдістерінің жүйесі, біздің көзқарасымызда, білім алушының белсенділік деңгейі мен білімдер алу көздері бойынша оқыту әдістерімен кіріккен тәрбиенің процестік-тұлғалық әдістері болып табылады.

Дайындалынған әдістеменің ерекшелігі – жергілікті және ауқымды желі ортасында оларды ақпарат іздестіруге, кәсіптік іске асыру жолдарын таңдауға, қоғамды ауқымды ету жағдаятында іс-әрекетті бағалауға, негізгі үрдістерді өз тракторияңа проеакциялауға бағыттай отырып, оқытушының рөлін – білім беру міндетінен кеңесші міндетіне өзгерту.

Әдістемелік жүйенің мағналы компонентінің міндетін жүзеге асыра отырып, оқытушы болашақ мамандардың белгілі бір идеяларға немесе деректерге, теориялық ережелерді түсіндіруге, әр түрлі факторларды түсіндіруге, кәсіптік іс-әрекеттің себеп-салдар заңдылықтарын дамытуға және т.б. қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Желілік дайындықты қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің мағналы компонентінің міндетін жүзеге асыру технологиясы кәсіптік-құндылық бағдарлаудың формалары мен әдістерінің жиынтығы арқылы анықталады. Жетекші әдіс болып ақпараттық, бағалаушылық, реттеушілік және сезімді оятушылық міндеттерін жүзеге асыратын ақпараттық-ағарту әдістері саналады. Әдістің ақпараттық міндеті, ең алдымен, тұлғаның желілік дайындығын қалыптастыру процесінің когнитивтік негізін қамтамасыз етеді.

Әдістемелік жүйе жағдаятында мағналық компонентті іске асыру болашақ маманның желілік дайындығының когнитивтік негізін байытатын кәсіптік іс-әрекет объектісінің мәні туралы жетекші идеяларды иемденуге және жете түсінуге, желілік технологиялар жағдаятындағы болашақ мамандар дайындығының жүйе құрушы компоненті сияқты кәсіптік іске асыруға студенттердің бағдарын сипаттайтын өзіндік танымдық біліктерін қалыптастыруға бағытталған.

Ақылды-саналы іс-әрекет сияқты кәсіптік іс-әрекет ішкі жоспардың бар болуымен, нәтижелердің реттелуімен, ортақталуымен, ойша моделденуімен сипатталады. Ішкі жоспарда мақсат бар болады. Санадағы мақсат шынайы түрде заттарды жасауға жататын идеаль бейне сияқты бар болады, ал олардың бейнесі осы заттар қалай өндірілетінге дейін бар болады. Алдын ала дайындалынған мақсат сияқты ішкі жоспар іс-әрекет болмысының ішкі субъективтік формасы болып саналады, өзі оның өзгерген интериоризирленген формасы болып табылады. Ішкі жоспар – бұл кәсіптік әрекеттер мен операциялардың тізбекті түрде іске асуы тиіс болатын ретті бақылауға қабілетті белгілі бір жүйе. Бүл объектінің танымдық-іс-әрекеттік бейнесінің өзі тек нәтиже ғана емес, 5-кестеде ұсынылған процесс те болып саналады..

Қарым-қатынастың табиғаты, барлық жоғарғы тірі мәністің өзіне тән болатын жете түсінілген және ортақталынған сөз бола отырып, ең жетілдірілген формаға ие болатыны туралы куәлік етеді. Желілік өзара әрекеттестік мазмұнын технологияландыру желілік қоғамдастықтағы жеке дара байланыстар арасында бір қатысушыдан екінші қатысушыға берілетін ақпараттық ағынның мәніне бағытталған. Бірлесіп жүргізетін іс-әрекеттің мазмұны алға шығады:

- оқу қоғамдастығындағы – игеруге оқытушылардың кәсіптік-педагогикалық іс-әрекеті мен студенттердің танымдық іс-әрекеті бағытталған қашықтықтан оқу курстарының мазмұны. Оқу қоғамдастығындағы мазмұн МБС-на сәйкес анықталған және білім алушылар еркін қатынас құра алатын мәтін мен бейне түріндегі дәрістік материал арқылы ашылатын білімдер көлемін ашады. Болашақ маманның өзін-өзі өзекті етуі ұсынылған материалды игеру және өзіндік іздестіру-ақпараттық жұмыс істеу арқылы көрініс табады. (21 – 30)

- желілік кәсіптік қоғамдастықтағы желілік өзара әрекеттестіктің мазмұны қатысушылардың біліктілігімен, сол немесе басқа мәселені шешуде олардың кәсіптік көзқарастарының жүйесінен анықталады. Болашақ маманның осы жағдаяттағы өзін-өзі өзекті етуі бірлесіп жүргізетін іс-әрекеттегі белсенді қатысуы салдарынан болады, атап айтқанда, пікірлестерді іздестіру, олармен ұсынылған болжамдарды бөлісу және т.б.

- бірлестік қоғамдастықтағы мақсаттардың, мазмұндардың, кәсіптік іс-әрекет тәсілдерінің жиынтығымен анықталады. Бұл қоғамдастықтағы өзін өзі өзекті етуі маманның дұрыс орындалған кәсіптік міндеттері салдарынан болады.
5-кесте – Желілік өзара әрекеттестіктің мағналық кезеңінде

өзін-өзі өзекті ету ережесі



Желілік өзара әрекеттестік кезеңдер

Оқу қоғамдастығы

Желілік қоғамдастық

Бірлестік қоғамдастығы

Байланыс орнату

Желілік ресурстарды пайдаланушы сияқты кіріккен ақпараттық-басқарушы жүйелердегі материалды ісдестіру

Іс-әрекетті бірлесіп жүргізетін желідегі әріптестерді іздестіру

Кәсіптік ақпаратты іздестіру

Жағдаяттағы бағдар


Оқытушымен әңгімелесуде қолдану мақсатымен кәсіптік бағдарланған көздерді талдау

Бар кәсіптік горизонталь бағыт-бағдарды бағалау

Кәсіптік көздерді талдау

Сұрақтар мен мәселелерді

талқылау


Шығармашылық тапсырмаларды орындау

Жеке кәсіптік блогты дайындау және жүргізу

Бар кәсіптік тұжырымдамаларды бағалау

Шешім қабылдау

Болашақ кәсіптік іс-әрекетке пән бойынша білімдер проекциясы

Кәсіптік бизнестегі желілік іс-әрекеттің мүмкіндіктерін анықтау

Қашықтықтан шығармашылық өзара байланыстар жасау тәсілі сияқты электрондық ортаның мүмкіндіктерін кәсіптік анықтау

Жоғарыда баяндалғаннан қорытынды жасай отырып, біз желілік өзара әрекеттестік кезінде модератордың өзін-өзі өзекті етудің ережесін ұсынамыз.

Модератордың желілік өзара әрекеттестігінің тиімділігі адамның бай және алуан түрлі өмірлік тәжірибесімен анықталатын тұлғалық қарым-қатынастық қабілетіне тәуелді болады. Желілік кәсіптік өзара әрекеттестік табыстылығының маңызды ережесі кері байланыстың бар болуы, яғни субъектінің өзара әрекеттестіктің нәтижелері туралы ақпарат алу механизімінің бар болуы саналады.

Желілік қоғамдастық порталы жағдаятында ақпаратты тұлғалық қабылдау рефлекциямен анықталады. Мысалға, басқа адамға әлде нені хабарлай отырып, онымен әрекеттесе отырып, бұйрық бере немесе өтініш ете немесе сұрақ қоя отырып, жеке тұлға әр уақытта өзінің басқаға үн қатуының тиімділігі туралы тиісті ақпарат алады да қажеттілікпен рефлексияны шамалайды. Осы ақпараттың негізінде ол тиісті нәтижеге қол жеткізу және дұрыс түсінік болу үшін өзінің әрекеті мен тілдік байланыс құралдарын қайта қарап, өзінің мінез-құлқын үнемі түзетеді. Субъективті түрде сөйлеуші кері байланысқа назар аудармауына болады, бірақ ол сезінбестен оны әрқашан пайдаланады.

Егерде кері байланыстың мүмкіндігінің өзі қандайда бір себептен тежелетін болса, онда виртуальдық орта сияқты желілік өзара әрекеттестіктегі кері байланыстың рөлі еркше айқын түрде сезіледі. Сонымен, тұлғааралық қабылдау процестеріндегі кері байланыс мәлімдеушілік міндетті немесе өзіндік реттеу міндетін орындайды.

Желілік өзара әрекеттестікте модератор бірлесіп жүргізетін іс-әрекетті талдау процесіне қатысады, ол маңыздыны маңызсыздан, қажеттіні кездейсоқтықтан ажыратуды, бірлі-жарым заттардың бейнесінен заттардың тұтас тобына тән болатын айтарлықтай белгілерді бекітетін сөздердің мағынасындағы олардың ортақ қасиеттерін тұрақты бейнелеуге өтуді үйренеді де осылайша сөз етілетін нақты затқа жатады.

Студенттерді оқу қоғамдастығына кіргізе алатын іс-әрекеттердің алуан түрі дамытуға, танымдық мүддені қалыптастыруға, оқу процесіне енгізілген іс-әрекеттердің барлық түрінің мәндік қасиеттерін кіріктіруге бағытталған, және олардың әрқайсысының ерекшелігі өзара толықтырушылықты қамтамасыз етеді де нақты пән бойынша білімдерді, біліктер мен машықтарды қалыптастыру үшін мүмкіндік жасайды. Олар баяндалатын материалдың көрнекілігін айтарлықтай арттырады, ақпаратты беру мен қайталаудың тиімді ырғағын таңдауға рұқсат етеді де материалды мгеруге мүмкіндік туғызады және танымдық іс-әрекеттің түрін – моторлық қызметті белсенді етуден индуктивтік, логикалық және креативтік ойлауды қарқынды етуге дейін – әр түрлі етеді.

Өзара әрекеттестіктің осы формасы кезінде студент пен оқытушы желілік өзара әрекеттестік процесінің белсенді қатысушылар қатарына кіреді. Порталдардағы желілік өзара әрекеттестік процесі барысында студент өзін қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңес ала алады, ал оқытушы студенттер қол жеткізген нәтижелерге байланысты пәнді оқып білу жоспарына түзету енгізеді. Оқу процесінің барлық қатысушыларының арасындағы белсенді өзара әрекеттестік тек оқытушылар мен білім алушылар тобының арасындағы белсенді өзара әрекеттестікті ғана емес, білім алушылардың өздерінің арасындағы өзара әрекеттестікті де қарастырады. Мұндай интербелсенді өзара әрекеттестік оқытудың ең тиімді әдістемелерінің бірі екендігі мойындалған.

Желілік өзара әрекеттестіктің субъектілері болып оқытушылар, білім алушылар мен басшылар саналады. Ақпараттық орта желілік қашықтық тапсырмалар ауқымындағы студенттер мен арнайы дайындалынған оқытушыларды виртуальды түрде біріктіреді де жалпы жағдаятта мыналарды қамти алады:

- бағдарламалық тұғырдың базалық міндетін іске асыратын және оқытушы мен студенттің интербелсенді әрекеттестігін қамтамасыз ететін технологиялық ішкі жүйені;

- электрондық оқу материалдарын, тапсырмаларды, тестілерді дайындау, сақтау және пайдалану үшін кіріккен құралдардың кешені ретіндегі оқу-әлістемелік ішкі жүйені;

- оқу процесін басқарудың ішкі жүйесін – желілік оқу сабақтарын ұйымдастырудың бағдарламалық құралдары;

- пайдаланушылардың ішкі жүйесін – үлестірілген студенттер тобын біріктіретін виртуальдық топ

- құралдар кешенін қамтитын, оқытудың ақпараттық ортасын техникалық қолдау мен сүйемелдеуді қамтамасыз ететін әкімшілік етудің ішкі жүйесін.

Портал сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз етуге, әлеуметтік өзара әрекеттестікті дамытуға, білімдік процесс қатысушыларын желілік біріктірудің формасын зияттандыруға бағытталған.

Электрондық пікірсайыс олардың қатысушыларына өз саласы мен аралас сала бойынша ақпаратта бағдарды тез анықтауға, ең бағалы ақпаратты «бірінші қолдан» алуға, кейбір маңызды детальдарды түсіндіруге рұқсат етеді. Мұндай пікірсайыстарға қатысудың технологиялық түрде іске асырылған ерекшелігі таңдаудың еркіндігі болып саналады (қол коя ма – қоймай ма, талқылауға қатыса ма – қатыспай ма, жазылуды сақтай ма – алып тастай ма).

Кәсіптік қоғамдастықтардың порталында «рейфикация» әдісі жазба айтыстардың нәтижелерін талдау жолымен кәсіптік білімдерді тереңдету мақсатымен дамитың білімдер базасын құру арқылы кәсіптік практиканы анықтап белгілеуді, кәсіпқойлардың айқын емес, қалыпқа келтірілмеген білімдерін айқын, эксплициттік деңгейге алып шығуға мүмкіндік беретін оларды құрылымдауды, түрлендіруді ұйғарады. Желілік технологиялар жағдайларында әрбір тұлға ортақ талқылау үшін өз материалын, 6-суретте көрсетілгендей, жарияланым, сұрақтың, мәселенің шешімі түрінде орналастыруға мүмкіндігі бар.

6-сурет. Кәсіптік желілік қоғамдастық порталының үзіндісі.

Порталда талқылау үшін материалды әзірлеу және орналастыру
Желілік технологиялар – ортақ қатынас құру интерфейсі бар оқу материалдарын, әдістемелер мен электрондық кітапханаларды біртұтас форматта қолданыстағы білім беру стандарттарының негізінде ұсынуға мүмкіндік беретін жергілікті мен ауқымды желілерді және Интернет желісін пайдалануға негізделген технологиялар. Желілік технологиялар оқытушылар мен студенттер арасында өзара әрекеттестіктің барлық формаларын іске асыру үшін пайдалануға болады, атап айтқанда:


  • желіде студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне арналған оқу-әдістемелік материалдар ұсынуға болады;

  • желілер көмегімен оқытушылармен қарым-қатынас және дербес кеңестер процесін ұйымдастыруға болады;

  • желі студенттер тобының өз арасында және оқытушылармен өзара әрекеттестік мүмкіндігін ұсынады, ол 6-кестеде көрсетілген.

6-кесте – Болашақ мамандардың желілік дайындығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің мағналы компонентінің мақсатқа сәйкес ережесі

Желілік өзара әрекеттестік кезеңдер

Оқу қоғамдастығы

Желілік қоғамдастық

Бірлестік қоғамдастығы

Байланысты орнату

Курстың бағдарламасына енгізілмеген оқу ақпаратын іздестіру

Кәсіптік маңызды сұрақты талқылау үшін бірлесіп жүргізетін іс-әрекетті ұйымдастыру

Кәсіптік ұжымды дамытудың өзекті мәселесін анықтау

Жағдаяттағы бағдар


Дәрістердің мазмұнын жетекші ғалымдардың көзқарастарына сәйкес бағалау

Кәсіптік іс-әрекет саласындағы белгілі бір мәселенің даму үрдісін талдау және бағалау

Басқа кәсіптік ұжымдардың стратегиялық жоспарларын бағалау

Сұрақтар мен мәселелерді

талқылау


Оқу жағдаятындағы

ең жарамды ақпаратты таңдау



Желілік қоғамдастықтағы бірлесіп жүргізетін іс-әрекеттің стратегиясын анықтау

Ұжымның қойылған міндеттерін шешу мақсатымен қоғамдастықтың негізінде пікір сайыс ұйымдастыру

Шешім қабылдау

Оқу ақпараты мен қазіргі заманғы жетекші тұжырымдамаларды талдау негізінде өз кәсіптік іс-әрекетіңнің моделін құру

Қазіргі заманғы тұжырымдамаларды талдау негізінде қоғамдастықтың бірлесіп жүргізетін іс-әрекеті дамуының жоспарын дайындау

Қазіргі заманғы тұжырымдамаларды талдау негізінде ұжымның бірлесіп жүргізетін іс-әрекеті дамуының жоспарын дайындау

Желілік технологиялар кезінде барлық білімдік мүмкіндіктер ұйымдастырылғын сұрақтардың шешімін қамти отырып, желідегі авторланған алыстығы пайдаланушыларға ашық болады. Бағдарламалық жабдықтар қашықтықтан білімдік процеске қосылуға рұқсат етеді: виртуальдық ортада студенттер бір бірімен және оқытушылармен байланысы, білімдік процестің қатысушыларының көзбе-көз байланыстары барлық олардың маңыздылығына қарамастан екінші дәрежелі болып қалады.

Желілік технология жағдайларында кәсіптік іс-әрекетке модераторлық іс-әрекет әдістемелерінің педагогикалық мүмкіндіктері кәсіптік-бағдарланған жобаларды талқылауға белсенді қатысуға рұқсат етеді. Болашақ мамандардың желілік әлемге қалыптасуына формалар мен әдістердің жиынтығын ұсына отырып, бұл технология тұлғалық кәсіптік-құндылық бағдарларының когнитивтік сферасын қалыптастыруға бағытталған. Жетекші әдісі ақпараттық, бағалаушылық, реттеушілік және сезімді оятушылық міндеттерді іске асыратын ақпараттық-ағартушылық әдістер болып саналады. Әдістің ақпараттық міндеті, ең алдымен, тұлғалық кәсіптік-құндылық бағдарлау процесінің когнитивтік негізін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда әлеуметтік-экономикалық мәннің жетекші идеялары туралы білім кәсіптік іс-әрекет процесіндегі түрткілер мен өзара байланыстың қалыптасуына айтарлықтай ықпал ете алмайды. Болашық кәсіптік іс-әрекет объектісінің бейнесі болашақ маманның белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырады.

Кәсіптік қоғамдастық порталындағы (оның типі мен мәлімдейтін міндеттеріне тәуелсіз) әрбір жаңалық – бұл:



  • Қоғамдастықтың қатысушыларын қызықтыратын толғақты мәселелерін талқылау;

  • Қоғамдастық қатысушыларының жинақталған әдістемелік тәжірибелерді алмасуы (коғамдастық кітапханаларындағы бұрындары дайындалынған материалдарды жариялау);

  • Әріптестердің және т.б. өтініші бойынша жұмыстық топтарда жаңа әдістемелік материалдар дайындау.

Порталда кәсіптік қоғамдастық құру бастамалық сипатта болады: кез келген тіркелген пайдаланушы ұйымдастырушыға қоғамдастық құруға өтініш жібере алады. Бастамашы біліктілік деңгейін міндетті түрде растауы және қоғамдастықтың іс-әрекет бағдарламасын еркін формада ұсынуы тиіс.

Модератордың біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар бар: ол жақсы байланыстық машықтарға және креативтіктің жоғары дәрежесіне ие болуы, дербес компьютер мен АҚТ-ды нық игеруі, қоғамдастық тіршіліктің «сюжеттік желілерінің» жиының есте тұрақты ұстай отырып, қысқа мерзімде ақпараттың ғаламат көлемін өңдей білуі, белсенді өмірлік ұстанымдарға ие болуы, «жаңадан бастаушыларға» да «тіс қаққандарға»да әдепті, сезімтал және тілектес, дәлелді болуы, әдістемелік және сарапшылық машықтары бар болуы, жеңіл және шапшаң сөздерге ие болуы, өз білімдері мен біліктерін барлығына сыйға тартуға дайын болуы ... тиіс.

Сонымен, қоғамдастықтың жұмыс істеуінде негізгі рөлді модеретор атқарады. Ол:

а) қоғамдастық тақырыптарының сұрақтары бойынша желілік қолдау көрсетеді;

б) мамандарды әріптестердің тәжірибелерімен, қоғамдастық тақырыптары бойынша маңызды және техникалық инновациялармен таныстырады;

в) қоғамдастық тақырыбы бойынша желінің ақпараттық ресурстарына таңдау жүргізеді;

г) қоғамдастық мүшелерімен бірге қоғамдастықтың бірлесіп жүргізетін іс-әрекетінің жаңа стратегияларын дайындайды; осы жұмыстың басшылығын және (немесе) оны үйлестіруді жүзеге асырады;

д) қоғамдастықтың тақырыбы бойынша жарыстар жүргізуге қөмектеседі;

е) жариялау үшін ұсынылатын қоғамдастықтың кітапханадағы материалдарына алғашқы сараптаманы өткізеді және (немесе) осындай сараптамаға көмектеседі;

ж) өз қоғамдастығының тақырыбы бойынша форум(дар)ды жетілдіреді;

з) қоғамдастықтың тақырыбы бойынша конференцияларға (семинарларға) виртуальды немесе шынайы қатысады; мұндай семинарларды жүргізуге қолғабыс тигізеді және (немесе) оларды жүргізуге талаптанады.

Желілік өзара әрекеттестік өзі дидактикалық процесті ұйымдастыруды реттейтін, алгоритмдейтін, бағдарламалайтын формалары мен әдістерінен басым түрде танымдық түрткілер мен мүдделер, оқытудағы шығармашылық үшін жағдайлар тудыруды қамтамасыз ететін дамытушылыққа, мәселелікке, зерттеушілікке, іздестірушілікке өту дегенді білдіреді. Жеке жағдайда, болашақ мамандардың желілік дайындығын қалыптастыру процесінің келесі ерекшеліктері бар:



  • желілік кәсіптік қоғамдастық жағдайында өзара әрекеттестік жалпы қабылданған нормалармен өзінің пікірлерін салыстыру, соңғы әрекетті талдау, кәсіптік іс-әрекеттің мақсаттарын анықтау негізінде құрылатын әлеуметтік мінез-құлық үшін жағдайлар жасайды;

  • желілік қарым-қатынастың сол немесе басқа формаларын дамытудың басты шарты әрқайсысының белсенді және жүйелі түрде қатысуы, тәжірибе алмасуы, өз эксперименттерінің, жобаларының нәтижелерін көрсетуі болып саналады;

  • өз бизнесі үшін порталдың тұжырымдамасын дайындау маманның желілік дайындығының жоғарғы деңгейі болып саналады;

  • маманның желілік қоғамдастықтың жұмысына қатысуы тұлғаның кәсіптік бәсекелестік қабілетінің маңызды шарты болып саналады;

  • желілік экономикалық орта бизнес-әріптестердің арасында және желілік экономика қағидаларына негізделген кәсіптік виртуальдық нарықтың басқа субъектілерімен виртуальдық өзара байланыс құрудың қазіргі заманғы амалы болып табылады;

  • өзара әрекеттестіктің желілік мәдениетін қалыптастыру болашақ маманның біліктілігі мен оның кәсіптік қоғамдастықтың бірлескен іс-әрекетіне қатысуы маңызды шарт болып саналады;

  • кәсіптік қоғамдастықтың басшылығын осы саланың модераторы, басшылық сапаларға ие болуы тиіс жетекші маман жүргізеді;

  • электрондық ортаны (е-дүкен, е-банкинг және б.) пайдалану кәсіптік және жеке міндеттерді шешудің тиімді жолы болып табылады.

Желілік ереже ұсыныстардың 3 түрін қамтиды:

  • Психологиялық, эмоциялық – «Сен» немесе «Сіз» деп байланыс жасау, смайликтерді пайдалану керек пе және қандай шамада, телефондарда қаланың кодын көрсету керек пе, жаңа келгендерді қолдау керек пе немесе олардың сұрақтарын, немесе оларды елемеу керек пе.

  • Техникалық, безендірушілік – ұзындығы белгілі жолдарды пайдалану, транслитті, хабардың немесе қол қоюдың мөлшерін шектеуді, кеңейтілген форматтауға (қарамен, курсивпен, түспен, фонмен, жақтаулармен және т.б. ерекшелеуге) рұқсат алушылықты, хабарларды жоғарғы регистрге жазуға рұқсат алушылықты пайдалану.

  • Әкімшіліктік – тақырыптарға атау (тақырып) беру ережелері, дәйексөз ережелері, өзіңнің ғылыми жұмыстарыңды жарнамалауға рұқсат алушылық және т.б..

  • Желілік қоғамдастықтағы өзара әрекеттестік пікір айтудың логикалық, баяндаудағы бір ізділік пен дәлелдік, анықтылық, бейнелік, эмоциялық тетігіне сәйкес болуы тиіс.

  • Виртуальдық қаржылық тәсілдерді еркін игеру қаржылық операцияларды орындау кезінде уақытты үнемдеуді және тиімділікті арттыруды ұйғарады.

  • Желілік өзара әрекеттестік кезінде рұқсат етілген – тұлғалықты ұқсастыру, талқылау үшін ақпаратты орналастыру, басқа қатысушылар өзекті еткен мәселелерді талқылауға қатысу, модератордың рұқсатымен дербес блогты дайындау және б. тәсілдерін пайдалану керек.

  • Желілік қоғамдастықтың бірлескен іс-әрекетінде талқыланатын мәселені шешудегі тұлғалық ұстаным маңызды және түзетілетін болып саналады.

  • Виртуальдық экономикалық орта маманға жаңа екбек қатынасын (қашықтық еңбек қатынасын, Интернет желісінде табыс табу, үйдегі және Интернет желісіндегі кіші бизнес) қарқынды қалыптастыруға және тележұмыс-фрилансқа қатысуға рұқсат етеді.

  • Кәсіптік қоғамдастықтың немесе экономикалық ортаның зияткелік меншігінің ережелерімен құқығын бұзу қатысушылардың іс-әрекетін тоқтатады.

  • Желілік кәсіптік қоғамдастықтың порталы өзін көрсетудің және кәсіптік қажеттіліктерде өзін өзі шығармашылық іс жүзінде көрсету болып саналады да қоғамдастықтың басқа қатысушыларымен кәсіптік іс-әрекеттерді қолдауда немесе түзетуде көрініс табады.

  • Виртуальдық экономикалық орта маманның кәсіптік іске асыруының жоғарғы деңгейі сияқты Интернет-бизнесті дамыту үшін жағдай жасайды.

  • Желідегі мәселелер мен өз пікірлеріңді талқылау процесін көрінерлік қадағалау тетігі маманға теңбе-тең баға немесе өзіндік баға алуға рұқсат етеді.

  • Өз әріптестеріңнің кәсіптік тәжірибесін жағымды қабылдау мен үйренуді өз мысалыңда сынақтан жүргізуді ұйғарады, нәтижесінде кәсіптік іс-әрекеттің тиімділігі артады.

  • Виртуальдық қаржыландыру мен банктік операцияларды әлденеше рет қолдану маманның экономикалық мәдениетін қалыптастырады.

  • Желілік әлемнің әрбір ережесі маманның өзінің кәсіптік тәжірибелеріне проекцияланады да желідегі мінез-құлық мәдениетін қалыптастырады.

  • Желілік кәсіптік қоғамдастықтың порталы тұлға белсенділігінің тұғыры болып саналады да аккомодация (орта ережелерінің шарты, оған ұқсастыру) мен ассимляцияның (өзіне ұқсастыру, ортаны өзгерту) бірлігі сияқты алға шығады.

  • Виртуальдық қаржылық операциялар мәліметтерді құпиялау мен тұлғаландыру мақсатымен тұлғалық ұқсастыруды талап етеді.

  • Қатысушылар виртуальдық қоғамдастықтың ережелерін орындауға міндетті.

  • Қоғамдастықтың саны мен кәсіптік бағыттылығы, олардың әлеуметтік құрамы олардың дәрежелік бағалануларына сәйкес қысқара немесе азая алады.

  • Порталдың желілік ережелерін талқылау демакратиялық қағидаларға құрылады.

  • Модератор іс-әрекетінің мәні кәсіптік-маңызды мәселелерді талқылауға әр түрлі деңгейдегі мамандардың бірігуімен және қатысушылардың әлеуметтік мәртебесіне тәуелсіз пікір сайысқа қатысу тілегін ескере отырып әрі қоғамдастық бойынша өз әріптестерінің зияттық құқығын сақтай отырып, олардың пікірлеріне сабырлы өзара қатынастың көрініс табуымен анықталады.

  • Виртуальдық экономикалық орта клиенттерге әр түрлі бағыт көрсетушілік, іздестірушілік, сүзгілеушілік тәсілдердің көмегімен тауарлар мен қызметтер көрсетуге тапсырыстар жасауды ұсынатын қаржылық операциялардың жиынтығымен анықталады.

  • Netәдеп флеймді (сөз соғысы), флудты (мағыналық мазмұны жоқ ақпарат) пайдалануға рұқсат етеді де спамды (жаппай жөнелтуді), офтипикті (тақырып бойынша емес хабар), хотлинкингті (веб-бетке файлдар-кескіндерді немесе бөтеннің серверінен басқа ресурстарды енгізу), оверквотингті (артық дәйексөз келтіру) пайдалануға рұқсат етпейді.

Сонымен, желілік дайындықты қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің мағналы компонентін жүзеге асырудың технологиясы кәсіптік іс-әрекет объектісінің мәні туралы білімдерді жете түсінумен анықталады да оларды практикада із жүзінде қолдану барысында оларды тұлғалық телу жағдайы кезінде қамтамасыз етіледі.

Байланысты орнату кезеңінде: оқытушылармен, курстастармен, модератормен, жетекшімен, болашақ іріптестермен, әріптестемен өзара әрекеттестік.

Ақпарқатынастық өзара әрекеттестік жағдайларында оқытушының рөлі өзгереді, ол студенттерді жергілікті және ауқымды желі ортасында ақпаратты өз беттерімен іздестіру мен талдауға, кәсіптік іске асыру жолдарын таңдауға, қоғамды ауқымдандыру жағдайларында іс-әрекетті бағалауға, негізгі үрдістерді өз тракториясына проекциялауға бағыттай отырып, кеңесшіге айналады. Студенттердің желілік дайындығын қалыптастырудың жетекші әдісі ақпараттық, бағалаушылық, реттеушілік және дамытушылық қызметтерді жүзеге асырушы ақпараттық-ағарту әдістері болып саналады.

Модератор жақсы байланыстық машықтарға және креативтіктің жоғары дәрежесіне ие болуы, дербес компьютер мен АҚТ-ды меңгеруі, ақпараттың үлкен көлемін өңдей білуі, белсенді өмірлік ұстанымдарға ие болуы, әдепті, сезімтал және тілектес, дәлелді болуы, сарапшылық машықтары бар болуы, қоғамдастықтың тақырыбын анықтау кезінде желілік қолдау көрсетуі, мамандарды әріптестердің тәжірибесімен, қоғамдастықтың мағналы және техникалық инновацияларымен таныстыруы, қоғамдастықтың тақырыбы бойынша ақпараттық ресурстарды іріктеуді жүргізуі, қоғамдастықтың мүшелерімен бірге бірлескен іс-әрекеттің жаңа стратегияларын дайындауы, басшылық пен үйлестіруді жүзеге асыруы, қоғамдастықта жарыстар жүргізуге көмектесуі, материалды жариялау үшін ұсынылатын алғашқы сараптаманы жүргізуі немесе сараптаманы ұйымдастыруы тиіс.

Жағдаяттағы кәсіптік бағдарлау кезеңі: берілген мәселелік тақырып бойынша кеңейтілген материалды дайындау, желілік кәсіптік қоғамдастықтың мақсаттарымен және міндеттерімен танысу, кәсіптік міндеттердің мәнін және оларды шешу жолдарын зерттеп білу. Оқу қоғамдастығында мағналы компонентті игеруге оқытушылардың кәсіптік-педагогикалық іс-әрекеті мен студенттердің танымдық іс-әрекеті бағытталған қашықтықтан оқыту курстары ұсынылған. Кәсіптік желілік қоғамдастықтағы өзара әрекеттестік мағына қатысушылардың біліктілігімен, сол немесе басқа мәселелерді шешуге олардың кәсіптік көзқарастарының жүйесінен – пікірлестерді іздестіру, олар ұсынған гипотезаны бөлісу және т.б., анықталады.

Бірлестік желілік қоғамдастықтағы мағына мақсаттардың, мазмұндардың кәсіптік іс-әрекет тісілдерінің жиынтығымен анықталады.



Сұрақтар мен мәселелерді талқылау кезеңі: дәрістің тақырыбы бойынша пікірсайыстарға белсенді қатысу, өз ұстанымыңды айту, өз кәсіптік ұстанымыңды дәл және құрылымды тұжырымдау. Порталдардағы желілік өзара әрекеттестік процессті таңдау: талқылауға жазылу – жазылмау, қатысу – қатыспау, жазылуды сақтау – алып тастау еркіндігінің мүмкіндігін ұсына алатын электрондық пікірсайыстар негізінде құрылады.

Кәсіптік шешімдерді қабылдау: топтық талқылау негізінде шығармашылық тапсырмаларды орындау, басқа қатысушылардың өз ұстанымдарына қатысты олардың пікірлерін объективті бағалау, келісіп ортақ шешімдер қабылдау.

Маманның желілік дайындығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің операциялық-іс-әрекеттік қомпонентін жүзеге асыру технологиясы қол жетімді сапалы білім беруді қамтамасыз етуге, әлеуметтік өзара әрекеттестікті дамытуға, желілік кәсіптік қоғамдастық қатысушыларын желілік біріктірудің формаларын зияттандыруға бағытталған.



  • Байланыс орнату кезеңінде берілген тақырыпқа сәйкес оқу-білімдік ортада материалды іздестіру, Интернет желісінде кәсіптік қоғамдастықты іздестіру, кәсіптік жетілдірудің тиімді жолдарын іздестіру, бизнес-әріптестердің және кәсіптік виртуальдық нарықтың басқа субъектілерінің арасындағы виртуальдық өзара қатынасты анықтау, психологиялық, эмационалдық («Сен» немесе «Сіз» деп байланыс жасау, смайликтер және б.), техникалық (ұзындығы белгілі жолдарды, транслитті, кеңейтілген форматтау мүмкіндігі) ережелер, желілік әдеп нормаларын – флеймді (сөз соғысы), флудты (мағыналық мазмұны жоқ ақпарат), спамды (жаппай жөнелтуді), офтипикті (тақырып бойынша емес хабар), хотлинкингті (веб-бетке файлдар-кескіндерді немесе бөтеннің серверінен басқа ресурстарды енгізу), оверквотингті (артық дәйексөз келтіру) – анықтауды жүзеге асырылады.

Оқытушылар мен студенттердің өзара байланысты жемісті нәтижеге бағытталған процесі сияқты желілік өзара әрекеттестік субъективтік танымдық іс-әрекет үшін жағдай жасайды да болашық маманның белсенді кәсіптік ұстанымы анықталады.

Жағдаяттағы кәсіптік бағдарлау кезеңі: берілген пән бойынша дәрістік сабақтар мен өзінің білімдерінің арақатынасын бағалау, кәсіптік іс-әрекеттің арақатынасын өздерінің қажеттіліктерімен және мүдделерімен бағалау, кәсіптік іс-әрекеттің әлеуметтің рөлін өздерінің қажеттіліктерінің және мүдделерінің арақатынасымен бағалау, кәсіптік міндеттері шешу мақсатымен электрондық ортаны (е-дүкен, е-банкинг және б.) бағалау.

Іс-әрекеттің түрлерін ұштастыру желілік кәсіптік өзара әрекеттестік жағдайларда болашақ маманның танымдық мүддесін дамыту мен қалыптастыруға бағытталған, ол ақпаратты берудің тиімді ырғағын таңдауға және моторлық қызметті индуктивтік, логикалық пен креативтік ойлауды қарқындатуға дейін белсенді етуге және материалды игеруге мүмкіндік туғыза отырып, оны қайталауға айтарлықтай рұқсат етеді.



Сұрақтар мен мәселелерді талқылау кезеңі: зерттеу жобаларын таңдау, талқыланатын мәселелерді талқылау, өз көзқарасыңды айту, шешудің тиімді жолдарын таңдау.

Сұқбаттық желілік кәсіптік өзара әрекеттестіктің негізінде болашақ маман үшін де – уақытты шектеместен еркін кеңес алу үшін, оқытушы үшін де – студенттер қол жеткізген нәтижелерге байланысты пәнді оқып білу жоспарына түзету енгізу үшін объективті жағдайлар жасалады. Желілік өзара әрекеттестіктің басым әдісіне, қалыпқа келмеген білімдерді тудыру мақсатымен кәсіпқойлар тобы жүргізген пікір сайыс арқылы ғылыми мәселелерді талқылауға бағытталған, реификация әдісі алға шығады. Кәсіптік қоғамдастықтар порталында бұл әдіс дамитын білімдер базасын құру арқылы, жазба пікір сайыс нәтижелерін талдау, оларды құрылымдау, қалыпқа келтіру арқылы анықтап белгілеуге бағытталған және кәсіпқойлардың айқын емес, қалыпқа келтірілмеген білімдерін айқын, эксплициттік деңгейге шығарға мүмкінлік береді.

Дамитын білімдер базасындағы құрылымдық бірлік «тақырып» болып саналады, әрбір тақырып, ұсынылған тақырып - әр түрлі сарапшылардың көзқарасы және оларды шешудің нұсқалары мен сұрақтар ауқымы – жалпыланған қорытындылар сияқты дамиды.

Кәсіптік шешімдер қабылдау кезеңі: тапсырманы орындау және басқа қатысушылармен талқылау, порталда демонстрацияланған кәсіптік тәжірибені өзіңе проекциялау, өзіңнің кәсіптік мүмкіндіктерің мен қажеттіліктеріңді бағалау. Порталда кәсіптік шешімдерді қабылдау қоғамдастық қатысушыларының сын-пікірлері мен сұрақтары үшін кері байланыстың ашық жүйесі болып саналатын блогтардың желілік өзара әрекеттестік тетігін пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі. Болашақ мамандар жарияланым мен түсініктемелердің сапасын анықтай отырып, өз әріптестерінің сол немесе басқа шешімдерінің рейтингісін анықтауға қатысу мүмкіндігі бар, топтық сүзгілеудің мұндай тетігі сайттағы материалдардың жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді.

Желілік кәсіптік қоғамдастықтың қатысушылары өз хабарламаларын жаза алады, басқа авторлардың жарияланған хабарламаларын оқи алады, басқа авторлардың хабарламаларына түсініктеме бере алады, түсініктемеге жауап бере алады, гипермәтіндік сілтемелерді пайдалана отырып, хабарламалар мен түсікіктемелерді өзара байланыстыра алады.

Желілік кәсіптік қоғамдастықтың іс-әрекеті келесі шарттарман қамтамасыз етіледі: қоғамдастық ішінде біліктілік тағы да байқалатындай болу үшін қатысушылардың тұрпаты мен тақырыптық қоғамдастықтың жасалуымен; қоғамдастықтағы тәжірибелі қатысушылар мен жаңа келген жастардың арасындағы тепе-теңдікті қолдау; қажетті ақпаратты белгілеу мен қадағалау; пікір сайыс пен «үлестер әкелетін» басқа формаларды жеңілдететін тетіктер мен құлшыныс жүйелерін құру; қоғамдастық кеңістігін пайдалануға мүмкіндік туғызатын жұмыс істеушіліктің сыни көпшілігін құру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет