Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет26/45
Дата19.05.2022
өлшемі0.88 Mb.
#457204
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
2zz 11,04

Сұрақтарға жауап беріңіз 
 
1. Тәжірибе бойынша фразеологизмдерді аударғанда қандай деңгейлері 
болуы мүмкін? 
2. В.В. Виноградов фразеологизмдердің неше түрлерін анықтайды? 
3. Фразеологиялық бірліктердің аударма ережелерін атап беріңіз. 
4. Фразеологиялық бөлшектерді аударғанда, аударма мен аударатын 
тілдер ішінде қандай нұсқауларға көңіл бөлуіміз керек, нені ұстанған жөн?
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


43 
№10 ДӘРІС
 
Аударма тілдеріндегі сөздердің
негізгі орын тәртіп ерекшеліктері 
Негізінен ауызекі сөйлеу тілінің екі жүйесі бар - синтаксистік және 
комммуникативтік. Синтаксистік жүйені тұрлаулы, тұрлаусыз сөйлем мүшелері 
құрайды.
Коммуникатиқтік жүйенің негізгін Вильям Матезиус қалаған. Ол 30 
жылдары «сөйлемнің актуальді бөлшектену» теориясын құрған. Сөйлем «тема» 
және «рема» деген бөлшектерден тұрады.  
Тема дегеніміз — ескі ақпаратты және минимальді, ең аз 
коммуникатиқтік ақпарат жүйесімен жеткізетін мағыналық бөлшен.
Ал, Рема дегеніміз — жаңа ақпаратты максимальді ең көп 
коммуникатиқтік ақпарат жүйесімен жеткізетін мағыналық бөлшен.
Мысалы: Бөлмеге егде адам кірді.
«Бөлмеге» - тема болып табылады, «егде адам» - рема, ал «кірді» етістігі 
тема және рема арасындағы байланыс түтігі. 
Ғылыми әдебиеттерде тема және рема арасындағы қолдану 
айырмашылығы әлі белгіленбеген. Қандай да бір айтылған сөйлем әр түрлі 
деңгейлерден тұратын әр түрлі деңгейлерден тұратын коммуникативтік жүйені 
білдіреді: минимальді темадан бастап, максималді ремаға дейін коммуни-
кативтік жүйе орын алады.
Ағылшын тіліндегі сөйлемнің орын тәртібіне ұқсас, олар реманың
сөйлемнің ең соңында тұруын талап етеді. Бірақ кейбір жағдайларда рема, яғни 
негізгі ақпарат, ағылшын тілінде ең сонында тұра бермейді. Себебі оның 
тұруына сөздердің тұрақты синтаксистік орын тәртібі кедергі жасайды. Осыған 
қарамастан рема ағылшын тілінің коммуникативтік орталығы болып табылады 
да, сөйлемнің соңында тұра алады.
Мысалы, келесі сөйлемдерді салыстырып көрейін:  
Show me the book. - кітапты маған көрсет. 
Show the book to me first - ең алдымен кітапты маған көрсет.
Егер ағылшын тіліндегі синтаксистік сөздердін орын тәртібі еркін болса, 
онда коммуникативтік орын тәртібі қатал, ережелерге сай негізделуі қажет. 
Ақпарат темадан ремаға ауысады, сондықтан негізгі ақпарат 
мәлімдемесін сөйлемнің сонында іздеу керек.
Егер де ағылшын тіліндегі сөздердің синтаксистік орын тәртібі қатал 
болып, ал коммуникативтік еркін болса, онда негізгі ақпаратты сөйлемнің 
басына іздейміз. Сондықтан осындай сөздердің орын тәртібі аудармашы жүзеге 
асыруға қиындатады. 
Орыс тіліндегі сөздердің синтаксистік орын тәртібі еркін болып келеді. 
Ағылшын 
тіліндегі 
хабарлы 
сөйлемнің 
бастауышы 
әрқашан 
баяндауыштың алдында тұрады. 
Мысалы: The teacher is reading. - Мұғалім оқып жатыр. 


44 
Бірақ кейбір жағдайларда ағылшын тіліндегі бастауыш пен баяндауыш 
сөйлемде өз орындарын ауыстырады. Осындай әрекет: инверсия деп аталады. 
Инверсия екі түрлі болады: толық және толық емес. 
Толық инверсия 
1. Сұраулы сөйлемдерде болады ондағы етістік to be етістік қызметін 
атқарады.  
Is the chief in the office? - Бастық өзінде ме? 
Are you student? Сіз студентсіз бе? 
2. Әдеби тілде, егер автордың қандай да бір сөйлем мүшесін 
айқындағысы келсе: 
From downstairs came the sound of radio playing a song he had never heard 
before. - Оның ешқашан естімеген өлеңі, радионың дыбысымен төменнен 
естілді. 
Толық емес инверсияда модалді көмекші етістіктер бастауыштың 
алдында қойылады. 
1. Сұраулы сөйлемдерде  
Do you know the man? - Сен бұл адамды білесің бе?
Are you happy? -Сіз бақыттысыз ба?
Can you see anyone overthere? - Сен ана жақтан біреуді көріп тұрсың ба? 
2. Құрмалас сөйлемдерде. Шартты рай. 
Had he come, we should not have known to talk to him about? - Егер ол келсе, 
біз онымен не туралы әңгімелесуді білмейтін болушы едік? 
Қазіргі ағылшын тілінде осындай сөйлемдер сирек кездеседі де, олар тек 
қана кітаби стил үдерге тән. 
3. Жай сөйлемдерде сөйлемнің басында әмөаза мақсатымен кейбір 
сөздерді шығарғанда болуы мүмкін: Never did he come in time! - Ол ешқашан да 
уақытымен келген емес! 
Only then did he remember the girl's name.- Сонда ғана ол осы қыздың 
атын есіне түсірді. 
Сонымен, қорытылай келе, орыс тіліндегі коммуникатиқтік орын тәртібі 
тұрақты белгіленген, ал синтаксистік орын тәртібі еркін, тұрақсыз. Ағылшын 
тіліндегі осыған орай қарама-қарсы жағдай туындайды. Ағылшын тілінде 
сөздерді: коммуникативтік орын тәртібі еркін, ал синтаксистік - тұрақты 
белгіленген. Яғни ағылшын тілінде аналитикалық ерекшеліктері басым. Ал 
орыс тілі өзінің синтетикалық ерекшелігімен ерекшеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет