40
№9 ДӘРІС
Фразеологиялық бірліктердің аудармасы
Негізінен, фразеологизмдер, немесе онымен байланысты тұрақты сөз
тіркестері, кей кезде толық сөйлемдердің өздері де, толық, не толық емес
жартылай ауыспалы мағынаға ие болулары мүмкін.
Фразеологизмдердің негізгі ерекшеліктеріне фразеологизм бірліктерінің
табиғатын анықтайтын, онын мағынасына
тереңділік пен жан-жақтылық
беретін мазмұны мен айтылу жоспарлары арасындағы келіспеушіліктің орын
алатындығы. Тәжірибе бойынша, кез келген тілде фразеологизмдердің бірнеше
деңгейлері болады: сөздікпен бекітілген барлықтарына танымал болғандары;
сөздікте көрсетілсе қолданыстан шығып қалғандары; бір жайғдайларға
байланысты сөздіктерге тіркелмей, баршаға белгілері;
кейбір қоғамдық
топтарға таныс түрлері. В.В. Виноградов олардың төмендегідей түрлерін
аңықтайды:
1) фразеологиялық өсіңкі бірліктері (fusions) – to kick the bucket –
қорапшамен ойнау go west-өлу, go dutch-бірігіп төлеу деген сөйлемдер
құрайтын жылжымалы мағыналық тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемдер.
Бұндай бірліктері аударуда контекстің болғаны жеткілікті емес, сөздікке сүйену
керек.
2) фразеологизм бірліктері -мағыналары құрастыру құрамынан
шығарылатын: to prepare to the better world – өлу. To join the majority - өліп қалу
3) фразеологизмдік тіркестері – құрамдық мағыналары тікелей ұғымдық
танымды көрсетеді. To take a nap – қалғып кету, to take a sleep – ұйықтап кету,
to take a smoke – шылым шегу
4) интернационалдік фразеологизімдер: the world of Damoclos –
Домокловтың добы, the game is not worth the candle - бекер ойын (ағылшынша:
ойынның түтне де жоқ)
Біріншіден, ең басты талап - мәтіннен де еркін тілдік бірліктерді айырып
фразеологизмдерді таба білу. Бұның нәтижелі жолы – мәтіндегі жалпы
мағынаға қайшылықты болатын бірліктерді белгілеу дағдысы қолға алынады,
себебі,
негізінен, осындай бірліктердің көрінгенінде ауыспалы мағынада
болатыны дәлелі.
Екінші маңызды талап – фразеологизмдердің сөйлеу әрекет
ерекшеліктерін талдау дағдысы. Мәселен, ауыспалы мен дәл арамағыналықтағы
қайшылық, көбінесе мәтін авторымен кейбір бейнелік, эстетикалық,
эмоциональді-экспрессиялық және басқа да елеске түсетін, немесе юморлық
көрініс тудыратын образды жеткізу мақсатымен қолданылады.
Сонымен бірге, фразеологизмдер қоғамның
кейбір әлеуметтік-мәдени
болмыс таптарына нақты бекініс тауып, мәтінде олардың орын алып, не
алмауының белгісі ретінде қізмет атқарады. Бұдан әрі, фразеологизмдердің
тиісті стилистикалық бояулары бар, оларға: жоғары, орташа, не төмен дәрежелі
стильдік, кәсіби, немесе басқа да жаргонизм элементтері жатады,
фразеологизмдерді табу мәселесі мен қатар аудармашы әр түрлі екі тіл
41
төңірегіндегі мағыналары жақын фразеологизмдер
арасындағы ұлттық-
мәдениетті басқа ерекшеліктерімен кездесуі ықтимал. Мағыналары біркелкі
бола тұра. Фразеологизмдердің стилистикалық бояулары, бейнелік негіздері,
осыған қоса дәлелдемелік сипаттары әр түрлі болулары мүмкін. Мысалы,
ағылшынша “Rome was not built in a day”, орыс тілінде – «Мәскеу бір сәттен
құрылған жоқ.» Мұндай аударманың баламасы ағылшын мәдени мәтінінде:
Jones was very eloquent to persuade his master, telling him that Rome was not built
in a day,- деп жағымсыз көрінеді.
Бұл жерде қолайлы болып саналатыны дәлме-дәл (фразеологиялық
калькалық) аударма болушы еді:
Джонс қожайынды сендіру үшін, Римнің бір
күн ішінде құрылған еместігін еске түсіріп, бүкіл өзінің шешендік өнерін
жіберген болатын.
Аударма
ережелері
1. Ең тиімді шешім - аударма тілінде біркелкі ұқсас фразеологиялық
бірліктерді іздеу (ағылшын мен қазақ тілдері арасында бұндай ұқсастықтар
саны шектеулі)
Achilles’ heel, the heel of Achilles -Ахилес өкшесі.
2. Бірліктер болмаған жағдайда негізгі фразеологизмдерді мағыналары
жақын, бірақ та, басқа сөз-бейнелік қалпысында құрылған фразеологиялшық
бірліктердің баламаларын табу жолдары арқылы аударылуы тиіс. Кейде
мағыналары ұқсас, бірақ формалары басқа әр түрлі тілдердегі фразеологизмдер
бір-бірін ауыстыруға келмейтін әр түрлі эмоциональді-елестік бояуларға ие
болулары мүмкін.
When Queen Ann was alive – баяғыда немесе бұрынғы
заманда, ежелгі кезде.
3. Кейде калькілеу тәсілі орынды болып, дәлме-дәл аударма орын алады.
Сонымен, аударма тілін жаңа фразеологиялық сөйлемдерді ендіруге мүмкіндік
болады. Антикалық мәдениеттен шыққан, кең тараған діни-библиялық
мәліметтер, оған қоса қазіргі болмысқа негізделген фразеологиялық бірліктер
осылайша аударылады (мысалы: Hell’s Angels - Оттық қыл Періштелері, Zero
option - нөлдік балама).
4. Тарихи-мәдени тақырыптық мәтіндердегі фразеологизмдерді аударуға
қосалқы-қатарлас аударма түрі қолданылады, бұнда бір сөзде фразеологиялық
бірлік орын алып (мысалы, калькі арқылы аудару түрі),
оның ауыспалы
мығанасына қысқа түрде түсінектеме берілуі мүмкін. Мәселен, The City of
Brotherly love – Достық-Махаббат қаласы, атауы кез келген американдыққа
орысшаға аударғанда контекстік өңдеуді қажет етуі, мысалы, қатарлас аударма
арқылы: «Филадельфия -Достық махаббат қаласы» түрін ұсынуға болады.
5. Жоғарыдағы көрсетілген аударма тәсілдерін қолданыла алмаған
жағдайда, фразеологизмдердің ауыспалы мағыналарын түсіндірмелік-аударма
түрі қолданылады, яғни тұрақты сөз тіркестерінің еркін түріне трансформация
тәсілімен аудару. Бұнда фразеологизмдер өздерінің бейне-ассоциативтік
қасиеттерін жоғалталы.
6. Фразеологизмдермен
жұмыс істеу үстінде,
негізгі мәтіндегі
мәліметтерді аударғанда аудармашы көбінде бірқатар фразеологиялық
сөздіктерге сүйеніп отырады.