9
№2 ДӘРІС
Аударма теориясының пәні, міндеттері және әдістері
Кең түрде айтқанда, «аударма теориясы» термині «аударма тәжірибесі»
терминімен салыстырмалы түрде болған. «Аударма теориясы», «аударма
тәжірибесінің» әр түрлі концепцияларын,
заңдарын, зерттеулерін қамти
отырып, оны қандай әдістермен, жолдармен жүзеге асатындығын зерттейді.
Осыған
байланысты,
«аударма
теориясы»
«аударма
жүргізу»
анықтамасымен сәйкес келеді.
Қарапайым түрде айтқанда, «аударма теориясының» құрамына аударма
жүргізудің теориялық бөлімі оның қосымша аспектілерімен қарама- қайшы
түрде болады.
Аударма – бұл күрделі, көп қырлы, аспектілері бөлек әр түрлі
ғылымдардың пәні бола алатын құбылыс.
Аударма жүргізуі әдеби, этнографиялық аударма түрлерін, сонымен бірге
әр түрлі мемлекеттердің аударма тарихын зерттейді.
Зерттеудің пәніне байланысты «аударма жүргізуі» әдеби аударма жүргізу
(әдеби аудармасының теориясы), этнографиялық аударма жүргізу,
тарихи
аударма жүргізу деген түрлерге бөлінеді.
Қазіргі кездегі аударма жүргізудің ең бастысы «лингвистикалық аударма
жүргізу» болып табылады. Аударма жүргізудің бөлек түрлері бір-бірін
толығырып, аударма жүргізуді жан-жақты сипаттауға бағытталады.
Аударма теориясы «жалпы аударма теориясы», «жеке аударма теориясы»,
және «негізгі аударма теориясы» (лингвистикалық аударма теориясының
бөлімдері) деп бөлінеді.
«Аударма теориясы» лингвистикалық аудармасының жалпы заңдарын,
қандай да бір тілдер жұптарының қасиеттеріне байланысты болып, осы
процесстің жүзеге асыру әдісін және бөлек аударманың қасиеттерін зерттейді.
«Жалпы аударма теориясы» аударманың әр түрлерін, қандай да бір тілден
басқа тілге аудармаларын қамтиды.
«Жеке аударма теориясы» жеке бір тілден басқа бір жеке тілге
аудармасының, лингвистикалық аспектілерін зерттейді.
«Аудармадағы негізгі аударма теориясы» әр түрлі түпнұсқадағы
жанрда
жазылған мәтіндердің аудару процесінің қасиеттерін, осы процестердің
құбылысына әсер ететін тілдік пішіндерін, оны жүзеге асырудың жағдайын
айқындайды.
Жалпы аударма теориясы жеке және арнайы аударма теорияларының
негізгі анықтамаларын теориялық түрде анықтайды.
Жеке және арнайы аударма теориялары
жалпы аударма теория
заңдылықтарының бөлек аударма түрлеріне қатысын айқындайды.
Аударма теориясы өзінің алдына келесі міндеттерді қояды:
жалпы лингвистикалық аударманың негіздерін айқындау және
суреттеу, яғни тілдік жүйелердің қандай қасиеттері мен заңдылықтары аударма
10
процесінің негізінде болатындығын дәлелдеп, осы процестің мүмкіншілігі мен
шегін көрсету;
аударманы лингвистикалық зерттеудің объектісі ретінде айқындау,
оның басқа тілдік құбылыстарынан айырмашылығын нақтылау;
аударма жүргізудің классификациялық негіздерін қарастыру;
аударма эквивалентік мәтіндер мен аударманың коммуникативті тең
негіз ретінде айқындау
жеке және арнайы аударма теорияларының жалпыпринциптері мен
құрылымындық қасиеттерін әр түрлі тілдердің комбинациялары үшін
қарастыру;
аударма процесінің жалпы ғылыми
принциптерін аудармашының
негізгі мәтінді, аударма мәтініне жаңарту қызметі ретінде суреттеу;
«аударманың қалпы» деген аңықтаманы айқындап, аударманың баға
сапасының принциптерін қарастыру.
Теориялық бөлімдерден бөлек, аударма лингвистикасының құрамындағы
аударма әдістемесіне үйрету, әр түрлі сөздіктерді құрастыру, бағалау әдісі мен
аудармаларды өзгерту сияқты көптеген қосымша аспектілер жатады. Осының
барлығы аудармашының қызметін жақсартады.
Ең аудымен лингвистикалық аударма теориясы дискриптивті теориялық
пен болып табылады. Ол аударма процессінің заңдылықтарын объективті түрде
суреттеумен айналысады.
Қорыта келгенде, аударма теориясында не болу керек екендігін емес, не
бар
екендігін, зерттеу құбылысының табиғатын суреттеуі жатады.
Лингвистикалық аударма механизмін суреттеу көмегімен ережелер мен
принциптерді, әдістер мен аударма тәсілдерін құрастыра отырып, аудармашы
өзінің алдына қойған мәселелерін сәтті түрде шеше алады.
Аударма – бұл әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар арасындағы байланыс
мүмкіншіліктерін қамтамасыз етудің бір жолы.
Сол себептен аударма теориясы үшін тілдік байланыс процесінің
қасиеттері тура және ауыспалы тілдік актілері, мәтін мен байланыс жағдайдың
көмегімен мәтінді түсінуі адамның басқа құбылыстар негізгі әсер етеді.
Лингвистикалық аудармасында ең негізгі зерттеу әдісі салыстырмалы
аударманың
талдауы болып табылады, яғни мәтіннің түпнұсқасы мен
құрамының аудармасын негізгі мәтіннің түпнұсқасы мен құрамымен
салыстырудың талдау. Бұл мәтіндер зерттеу мен талдауға келетін, объективті
фактілер болып табылады.
Аударма процесінде әр түрлі тілдерде жазылған мәтіндердің арасындағы
қарым-қатынас байқалады. Осы мәтіндерді салыстырудың арқасында
аударманың ішкі механизмін, эквивалентті бірліктерді көре аламыз.
Сонымен бірге екі не одан да көпбір мәтіннің аудармаларын салыстыра
аламыз. Лингвистикалық аударма теориясының
құрылуының жолында
«аударылмайтынның теориясы» деген түсінбеушілік пайда болған. Тіл білімі
жағынан, аударманы қарастырғанда негізгі мәтінді басқа тілге тура, дәл
аударуға мүмкін емес.
11
Қайсыбір мәтіннің ерекшелігін нақты түрде басқа тілде жеткізу мүмкін
емес. Сондықтан аударма процесі мәтінді дәл, тура жеткізу болып табылмайды.
Дәлділіктің болмауы мәтінді түсінуге әсер етпейді. Мысалы: «A good student
never comes unprepared», «Жақсы талапкер (студент) сабаққа ешқашан да
дайындалмай келмейді». Осы мысалда студент деген өз ұл бала мен қыз баланы
білдіреді. Бірақ неміс пен француз тілдерінде зат есімді міндетті түрде атау
керек, осыған қарамастан сөйлемнің мәні бізге түсінікті.
Қорытындылай келе, аударманың ең басты мақсаты, ол- тіларалық
байланыстың қандай да бір түрін құрастырып, сол арқылы мәтіннің аудармасын
негізгі мәтін мағынасына сай келетіндей еткізу.
Достарыңызбен бөлісу: