Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров



Pdf көрінісі
бет165/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

9.5. Процедуралар 
 
Бӛлімшелер орындайтын процедуралар сапа жҥйесі қҧжаттарының 
екінші деңгейін қҧрайды. Әрбір процедура жалпы процедураларды 
сипаттайтын қҧжат тҥрінде болады. Мҧндай қҧжатқа функционалдық 
міндеттердің таралуымен бӛлімшелердің қҧрылымдық сҧлбасы кіреді. Бҧл 


231 
процедураларды енгізу ӛте пайдалы, себебі ол қҧрылымдық бӛлімшелерге бір-
бірінің барлық функционалды байланысын кӛруге мҥмкіндік береді.
Қҧжат мынадай сҧрақтарға жауаптардан тҧруы қажет:
– не? (бӛлімшелер функциялары);
– кім? (ҧйымдастырушылық қҧрылым, жауапкершілік, әркімнің 
функциясы мен рӛлі);
– қалай? (операция қалай орындалатыны тҥсіндірілетін ережелерге 
сілтеме жасалады);
– кіммен? (бӛлімшенің жеткізушісі мен тапсырыс берушісі кім болып 
табылады). 
ИСО 9001 стандартының талаптарына сәйкес ҧйым 6 міндетті 
қҧжаттандырылған процедураларды дайындауы және жҧмыс кҥйінде ҧстауы 
қажет, олардан басқа қажеттілікке байланысты басқа да процедураларды жасап 
шығаруға болады. Олар: 
1. Қҧжаттаманы басқару 
Мекемеде қҧжаттаманы басқару тәртібін орнатуды қамтамасыз етеді.
Қҧжаттаманың қҧрамы мен қозғалысы дәл анықталуы қажет, қатаң 
ҧйымдастырушылығы мен логикасы болуы қажет. Қҧжаттар кез келген 
уақытта қолжетімді болуы керек, олар бір-бірінен кӛшірілмей, бір-біріне 
қайшы келмейтіндей, белгілі жҥйе бойынша жасалуы тиіс.
Оған: сапа саласындағы саясат (СС), сапа бойынша басшылық (СБ), 
қҧжаттандырылған процедуралар (ҚП), мекеме стандарттары (МС), жҧмысшы 
ережелер (ЖЕ), қызметтік ережелер (ҚЕ), бӛлімшелер туралы жағдайлар (БЖ), 
сапа бағдарламалар (СБ), қҧжаттарға қосымшалар (ҚҚ), т.б. қҧжаттар тобы 
кіреді. 
Жҥйеде артық қҧжаттар болмауы тиіс, олар қажеттілікке байланысты 
жасалады. Қҧжаттар уақытында қайта қаралып, жаңартылып отыруы тиіс. 
Әрбір қызығушылық танытқан тҧлға ӛз қҧжатының мазмҧнын білуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет