Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров



Pdf көрінісі
бет170/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

Бақылау сҧрақтары: 
 
1. TL 9000, AS 9100, QS 9000 стандарттары не ҥшін жасалған? 
2. ИСО 9000 сериялы стандарттарына сәйкес сапа жҥйесі бойынша 
қҧжаттардың қҧрылымы қандай? 
3. Сапа бойынша басшылық жалпы тҥрде қанша негізгі бӛлімнен тҧруы 
қажет? 
4. Процедуралар дегеніміз не? 
5. Сапа жҥйесін енгізуде туындайтын негізгі мәселелерді атаңыз. 


238 
10. СЕРТИФИКАТТАУ 
Сертификаттау деген сӛз латын тілінен аударғанда «бекіту, куәліктеу» 
(certificate- 
куәлік) 
дегенді 
білдіреді. 
Ӛнімнің 
сапалы, 
«дҧрыс 
жасалынғандығына» кӛз жеткізу ҥшін, оның қандай талаптарға сай екенін және 
оның сәйкестігі туралы ақиқатты айғақтарды қалай алуды білу керек. Осындай 
айғақтың баршаға танымал әдісі сәйкестік сертификаты. Бҥгінгі кҥні 
сертификаттау деп, ҥшінші бір жақтың ҧқсастырылған ӛнімнің, процесс немесе 
қызметтің нақты бір стандартқа, нормативті қҧжатқа сәйкестігін дәлелдейтін іс-
әрекетін айтамыз. Ӛнім ӛндірушілер мен оларды тҧтынушыларға тәуелсіз 
«ҥшінші жақтың» жҥргізген сынақтарының нәтижелері ақиқатты деп саналады. 
Ҥшінші жақ деп ӛндірушіге (бірінші жақ), тҧтынушыға (екінші жақ) тәуелсіз 
деп танылған тҧлға немесе органды айтамыз.
Сонымен, сертификаттау – дегеніміз ӛнімнің, қызметтің, процестің 
белгіленген талаптарға сәйкестігін растап, жазбаша кепілдік беретін іс реті. 
ИСО/МЭК «сәйкестік» (Assurance of conformity – сәйкестігін дәлелдейді ) деген 
терминді ҧсынып, нәтижесінде ӛнімнің (қызметтің, процестің) бекітілген 
талаптарға сәйкестігін растайтын ӛтінім берілетін іс реті екенін нҧсқайды. 
Бҧлар ӛнім ӛндірушінің сәйкестік туралы ӛтінімі (supplier

s declaration – 
ӛндіруші ӛтінімі), ӛнімнің қойылған талаптарға сәйкестігі туралы жазбаша 
кепілдігі, ӛнімге қатысты ақпараттарда, каталогтарда, пайдалану туралы 
нҧсқауларда жазуға болатын ӛтінім, этикетка, жапсырылған жазба қағаз және 
т.б. болады. 
Әртҥрлі факторларға қатысты сертификаттау процесін қҧрайтын 
ережелер, іс реттері, сынақтар және тағы да басқа іс-әрекеттер әрқилы болып 
келеді. Егерде сертификаттау жҥйесі нақты бір ӛнімнің (процестің, қызметтің) 
сәйкестігін дәлелдейтін болса, онда ол біртектес ӛнімдерді сертификаттау 
жҥйесі деп аталып, тәжірибеде тек қана осы ӛнімдерге қатысты стандарттарды, 
ережелерді және іс ретін пайдаланады. Осындай бірнеше біртектес ӛнімдердің 
сертификаттау жҥйесі ӛздерінің органдарымен және қҧрылымдық қҧрамымен 
жалпы сертификаттау жҥйесіне кіруіне болады. Белгіленген талаптарға 
сәйкестігінің дәрежесін жҥйелік тҥрде тексеруді сәйкестікті бағалау (conformity 
assessment) деп атаймыз. Ӛнімнің нақты бір кӛрсеткіштерін ӛлшеу арқылы 
анықтап, сәйкестігін бағалауды тексеру (inspection) деп айтамыз. 
Сертификаттау стандарттарға сҥйенеді және оның негізінде сертификаттау 
нормалары бойынша сынақ жҥргізу жатыр. Ӛнімнің, қызметтің сапасын 
жоғарылату, олардың тҧтынушыға қауіп тӛндірмеуін қамтамасыз ету 
объективті қажеттілік болып табылады. Бҥгінгі кҥні, нарықтық қатынас 
шартында сертификаттау ӛнімнің нормативтік қҧжаттардағы талаптарға 
сәйкестігіне кепілдік беретін негізгі қҧрал болып тҧр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет