244
ҚР заңнамаларымен бекітілген міндетті сертификаттау – сертификаттау
міндетті талап етілетін ӛнім мен қызметті сертификаттау жҥйесі. Кӛбіне
міндетті сертификаттау адамдардың, олардың мҥліктері мен қоршаған орта
қауіпсіздігіне әсер ететін ӛнімдерге қолданылып,
міндетті сертификат
рәсімделеді. Ӛнімді сертификаттау тҥрлі сертификаттау сҧлбаларын қамтиды.
Ерікті сертификаттау. Ерікті сертификаттауға қауіпсіздік талаптары
орындалуға міндетті емес ӛнімдер жатады. Бірақ сенімділік, эстетикалық
кӛрініс, ҥнемділік және т.б. сияқты кӛрсеткіштерді тексеру арқасында ерікті
сертификаттау жҥргізу нарыққа сапасыз ӛнімдердің тҥсуіне тосқауыл болады.
Ерікті сертификаттау ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес,
ӛтінім берушілер (ӛндірушілер, сатушылар, орындаушылар) еркімен ӛнімнің
(қызметтің)
стандарттар, техникалық шарттар және басқа да нормативтік
қҧжаттардағы талаптарға сәйкестігін растау мақсатымен жҥргізіледі. Ерікті
сертификаттау заңды немесе жеке тҧлға қалауы бойынша ӛтінім беруші мен
сертификаттау органы арасындағы келісімшарт негізінде жҥргізіледі. Ерікті
сертификаттауға қажеттілік сертификаттау объектілерінің стандарттар немесе
басқада нормативтік қҧжаттар талаптарына сәйкес еместігі ӛнім ӛндірушіні
экономикалық мҥддесін қозғаған жағдайда туындайды. Ерікті сертификаттау
объектілері: ӛндірістік
техникалық, әлеуметтік тҧрмыстық (мысалы, кітап,
журнал шығару, ҥй жиһазын шығару) ӛнімдері; материалдық, материалдық
емес (мысалы, білім беру) қызметтері; қиратпай тексеру, материалдық
байлықты бағалау, тҧрмыстық қызмет кӛрсету және т.б. Сертификаттау
қызметкерлері кәсіпорын сапа жҥйесі ИСО 9001 ҥлгісі, экологиялық басқару
жҥйесі ИСО 14001 ҥлгісі, тамақ қауіпсіздігін басқару жҥйесі ИСО 22000-
HACCP ҥлгісі, ақпараттық қауіпсіздік басқару жҥйесі ИСО 27000 ҥлгісі,
ӛндірістегі қауіпсіздік пен денсаулық қауіпсіздігін басқару жҥйесі
OHSAS
18001 ҥлгісі бойынша жҧмыс жасайды. Ерікті сертификаттау міндетті
сертификаттаудың орнына жҥрмейді және оның нәтижесі ӛнімді шығаруға
немесе сатуға тыйым салуға негіз бола алмайды. Ол тҧтынушыны ӛзіне
қаратуға арналған. Міндетті сертификаттау ӛткен ӛнімді ерікті сертификаттау
шамасында, міндетті талаптарды толықтыратын талаптар бойынша да
тексеруден ӛткізуге болады. Мысалы, тіс сықпалары әсерінің тиімділігін
тексеруге болады.
Қазақстан Республикасында отандық және импортталған жабдықтарды
қолданудың міндетті шарты - Тӛтенше жағдайлардың
алдын алу мен жою
бойынша Мемлекеттік инспекция рҧқсатын алу ҥшін аккредиттелген
сертификаттау органымен берілген сертификат. Заңнамамен бекітілген,
қосымша міндетті сертификаттауға жататын жабдықтардың тізімі бар.
Қазақстан Республикасында сертификаттауды жҥргізуге ӛкілетті орган
болып:
1. Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша ӛкілетті орган –
(Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Стандарттау,
метрология
және
сертификаттау
бойынша
комитет
(Мемстандарт);
2. Ӛнім, процес, қызметті сертификаттау бойынша аккредиттеу органы;
245
3. Аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары);
4. Аккредиттеу саласында консалтингтік қызмет кӛрсету бойынша
аккредиттелген ҧйымдар;
5. Сертификаттау бойынша сарапшы-аудиторлар саналады.
Гигиеналық сертификат гигиеналық талдау жҥргізілген соң беріледі.
Гигиеналық сараптама нәтижесінде ҥлгінің қауіпсіз екендігі туралы шешім
қабылданған соң гигиеналық қорытынды жасалынады. Бҧл қҧжат ӛнімнің
немесе ӛндіріс жағдайының адам денсаулығына қауіпсіздігін растайды.
Кӛпшілік тауар топтарына гигиеналық сертификаттар бірінші болып
рәсімделінеді. Сәйкестік сертификаты мен сәйкестік декларациясын тек
гигиеналық қорытынды болған жағдайда ғана алуға болады. Міндетті тҥрде
санитарлық эпидемиологиялық қорытынды (СЭЗ) рәсімделуі қажет тауарлар,
кӛрсетілетін қызметтер мен жабдықтар тізімі бекітілген.
Қазақстан Республикасында ӛнім мен қызмет кӛрсетуді міндетті және
ерікті сертификаттау белгісі –
10.3-сурет,
10.4-сурет. Бҧл белгілер ӛнімнің
мемлекеттің барлық стандарттарына сай екенін білдіреді.
10.3 - сурет 10.4 – сурет
Сәйкестік белгісі ӛнім қорабына, тауар жапсырмасына қойылады. Осындай
қалпында сәйкестік белгісі тҧтынушыны ӛнімнің сертификатталғанын, оның
сапасы бекітілген стандарт талаптарына сәйкес екендігін
және оған сәйкестік
сертификатының рәсімделгенін сатып алушыларға білдіреді.
Берілген белгіде сәйкестік сертификатын берген сертификаттау органы
туралы ақпарат бар. Әріптік және сандық белгілер сертификаттау
органдарының нӛмірлеріне сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: