Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров


Сертификаттау процесінің қҧрылымы



Pdf көрінісі
бет182/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

10.5. Сертификаттау процесінің қҧрылымы
Сертификаттаудың жалпы сапасы сертификаттау алдындағы кезеңнің
сертификаттауды жҥргізу және сертификаттаудан кейінгі істердің сапаларынан 
қҧралады. Маркетинг және сҧранысты зерделеу кезеңіндегі сертификаттау 
сапасы сертификаттау жҥйесін таңдау мен талдаудан тҧрады, сертификаттау 
жҥйесінің ережелеріне сәйкес сертификаттау органы мен сынақ зертханаларын 
аккредиттеу саласын анықтау арқылы сәйкестікті бағалау жҥргізіледі. Бҧл 
кезеңде әр елде ӛнімнің және қызметтің нақты бір тҥрінің серификаттау және 
сынау нәтижелерін мойындалуын есепке алу қажет. Сертификаттау процесін 
жобалау кезеңінде сапаға әсер ететін факторлардың барлығы: тҧтынушының 
сҧрауы, заң талаптары, сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларының 
іс-әрекеттерінің ҧйымдастырушылық, техникалық және ғылыми-әдістемелік 
жақтары есептелінуі керек.
Сертификаттау органы мен сынақ зертханаларында сертификаттауды 
жҥргізу ҥшін қажетті ресурстары: 
– білікті мамандардың; 
– арнайы бӛлмелердің;
– нормативтік қҧжаттардың қорының; 
– ӛлшеу, сынау және тексеру қҧралдарының,
– заманға сай оргтехниканың болуы керек. 
Сертификаттау ресурстары тағайындалған талаптарға жауап беруі керек.
Олардың сәйкестігі сертификаттау органдары мен сынау зертханаларын 
аккредиттеу кезінде тексеріледі. 
Сертификаттау процесі, мысалы сертификаттау кезінде сынаққа 
ҥлгілер таңдау, инспекциялық тексеру немесе ӛтінім бойынша жҧмысты 
жҥргізу, ақиқаттық пен әділдікке қол жететіндігіне сенімді қамтамасыз ете 
алатындай ҧйымдастырылуы тиіс. Барлық процестерді шараларды тҥзетуге 
қажет, жҧмыс сапасына ішкі және сыртқы тексеруді (аудит) жҥргізу қабілеті 
қарастырылуын жобалау керек. Барлық процестерді қҧжаттау және архивтеу, 
ӛтініш берушінің коммерциялық қҧпия ақпараттарының сақталуын қамтамасыз 
етудің маңызы зор. Ӛнім (қызмет) ҥлгілерін сынау, сапа жҥйесін бағалау мен 
сәйкестік туралы шешімді қабылдау сертификаттау жҥйесінің ережелеріне, 
таңдап алынған сҧлба бойынша сертификаттау органы мен сынақ 
зертханаларының ішкі тәсілнамаларына сәйкес сертификаттауды жүргізу деп 
аталады. Сертификаттау сапасын қамтамасыз ету сәйкестікті бағалау процесін 
тексеруді жҥргізусіз мҥмкін емес. Бҧған кезеңді ішкі және сыртқы аудитті 


263 
жҥргізу арқасында қол жеткізуге болады. Ішкі аудит сертификаттау органы мен 
сынақ зертханаларының қызметкерлерімен жҥргізіледі, кӛбіне, оны сапаға 
жауапты маман жасайды. Аудит нәтижесі басшыларға тҥзету шараларын 
жҥргізуге ақпарат ретінде қажет. Сыртқы аудитті аккредиттеу органдары 
инспекциялық тексеру шегінде немесе тәуелсіз сарапшылар жҥргізеді. 
Тексерудің барлық тҥрін жҥргізуде статистикалық әдіс қолданылуы керек. 
Сертификаттау нәтижелерін соңғы рет тексеру сертификат беру туралы шешім 
қабылданғанда жасалынады. Сәйкестік сертификатын жасау мен сәйкестік 
белгісін қолдану қҧқығының лицензиясын пайдалану кезеңдерінде, 
ақпараттылығы мен маңыздылығын қамтамасыз ететін пішімі мен мазмҧнына 
қойылатын талаптарды сақтау қажет. Сертификаттау жҥйесінің тҥріне қарамай: 
сертификаттау объектісінің атауы; сәйкес нормативтік қҧжат; сертификат 
берген органның аты; берілген кҥні; жҧмыс мерзімі; сертификаттау органының 
аккредиттелгені жӛніндегі белгі әр сертификатта болуы керек. 
Сертификаттауды нақты жҥйес бойынша және таңдап алынған сҧлба 
бойынша жҥргізеді. Сертификаттау процесінде негізгі 5 кезеңді атап айтуға 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет