Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


 дəріс. Жүзді  құрал  жасауда  қолданылатын  аспаптық  болаттар



Pdf көрінісі
бет26/38
Дата03.01.2022
өлшемі1.58 Mb.
#450322
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Кесу теориясы материал

11 дəріс. Жүзді  құрал  жасауда  қолданылатын  аспаптық  болаттар.
Кесу  құралы  жұмысының  тиімділігі  көбіне  аспаптық  материал  қасиеттеріне
байланысты болады. Сапалы жəне жоғары өнімді өңдеуді қамтамасыз ету үшін
аспаптық материалдар келесі талаптарға жауап беруі қажет:
1. Жоғары механикалық сипаттамалары (қаттылық, беріктік, соққы тұтқырлығы
жəне т.б.), тозуға төзімділігі жоғары болуы;
2. Өңделетін материалдарға салғырт болуы;
3. Жылуға  төзімділігі, жылуөткізгіштігі  жоғары  болыу  жəне  температураның
циклдық өзгеруіне сезімталдығы аз болуы;
Аспаптық  материалдың  жылуға  төзімділігі  деп, материалдың  берілген
қаттылығы  сақталатын  жылытудың  ең  жоғарғы  температурасын  айтамыз.
Мысалы, аспаптық  құралдар  жасалатын  болат  төзімділігі, болат  қаттылығы
58HRC тең болатын жылыту температурасына тең.
4. Арзан жəне қажетті деңгейде технологиялық болуы.
Пайдаланатын  аспаптық  материалдарды  келесі  негізгі  топтарға  бөлуге
болады:
1) аспаптық болаттар;
2) қатты қорытпалар;
3) минералдық қыш жəне керместер;


60
4) жоғарықаттылықты материалдар.
Алғашқы  екі  топ  қана  əзірге  көп  қолданыста. Бірақта  болашақта
жоғарықаттылықты  материалдар  мен  қыштан  жасалған  құралдар  жеделдете
дамуда. Кеңінен  тараған  аспаптық  материалдардың  химиялық  құрамы  мен
физика-механикалық қасиеттері 2 кестеде көрсетілген.
Аспаптық  болаттар. Аспаптық  болаттар  химиялық  құрамына
байланысты  көміртегілі, қоспаланған (төменгі  қоспаланған)  жəне  тезжонғыш
(жоғары  қоспалы) деп  бөлінеді. Суық  қалпында  қаттылығы  жағынан  бұл
болаттардың  барлығы  бір  бірінен  аз  ғана  айырмашылықтары  бар, ал  негізгі
айырмашылықтары олардың жылуға төзімділігі.ичие в теплостойкости.
Көміртегілі  аспаптық  болаттар (ГОСТ 1435-74) орташа  сапалы  жəне
күкірті  пен  фосфоры  аз  жоғары  сапалы  болып  шығарылады. Көбірек  қолдану
тапқаны  У10А  маркалы  болат, ішіндегі  көміртегі 1,0…1,2%. А  əрпі  болаттың
балқытылуы  жоғары  сапалы  екендігін  көрсетеді. Көміртегілі  болаттар  төмен
жылу төзімділігіне ие – 200…250
0
С.
Қоспаланған (төменгі  қоспаланған) болаттарда (ГОСТ 5950-74)
көміртегілі  болаттардағыдай  көміртегі  бар, бірақ  қосымша (~1%) вольфрам,
хром, ванадий  жəне  басқа  да  элементтермен  қоспаланған. Бұл  элементтерді
қосқаннан  болаттың  жылуға  төзімділігі 300
0
С  дейін  көтеріледі. Қоспаланған
болаттардың көп тараған 9ХС; ХВГ; ВСГ; Х6ВФ. Көміртегілі жəне қоспаланған
болаттардың, жылу  төзімділігі  төмен  болғандықтан, оларды  көбіне  кесу
жылдамдығы 
аз 
құралдарды 
жасауға 
пайдаланады: бұрандаойғыш,
бұрандакескіш, ұңғылағыш, кіші  диаметрлік  бұрғылар, слесерлық  аспаптар
жəне т.б.
Тезжонғыш (жоғары  қоспалы) болаттардың (ГОСТ 19265-73)
көміртегілі  жəне  қоспаланған  болаттармен  салыстырғанда, жоғары  кесу
жылдамдығымен  жұмыс  істеуге  болатын  жылу  төзімділігі  мен  тозуға
шыдамдылығы жоғары. Тезжонғыш болаттар негізгі аспаптық материал болып
келеді, бұлардан  жүзді  құралдардың 60% жасалады. Тезжонғыш  болаттың
құрамындағы  негізгі  қоспаланатын  элемент  вольфрам (6…18%). Тезжонғыш
болаттар  құрамындағы  вольфрамнан  басқа  хром, молибден, кобальт,
ванадийдің саны да аз емес.
Тезжонғыш  болаттардың  жоғары  кесу  қасиеттері, басқа  аспаптық
болаттардың термоөңдеуінен өзгеше термоөңдеу параметрлерімен анықталады.
Термоөңдеу ерекшелігі – жоғары температурамен шынықтыру (1240…1280
0
С).
Шынықтырудан  кейін  тезжонғыш  болаттар  əдетте, үшреттік  босаңдатудан
550..560
0
С  өтеді. Мұндай  термоөңдеу 62…69HRC қаттылықты, 620…720
0
С
жылуға төзімділікті, 2,5…4,0Мпа ию беріктігін береді.
Тезжонғыш 
болаттар 
жылутөзімділігі 
жылутөзімділігі 
жағынан
мөлшердегі, жоғарылатылған  жəне  өте  жоғары  жылутөзімділікті  болаттар
болып  бөлінеді. Тезжонғыш  болаттардың  жалпы  өндірісінің 75…80%
мөлшерленген  жылутөзімділікті  болаттар  құрады (620…630
0
С). Оларға
вольфрам қосылған болаттардың Р18, Р12, Р9 маркалы, вольфрам мен молибден
қосылған  болаттар  Р6М5, Р6АМ5, Р8М3, Р6М3, 10Р6М5 жатады.


61
Мөлшерленген жылутөзімділікті тезжонғыш болаттар көбіне σ
в
≤900…1000МПа
құрылымдық материалдарды өңдеуге арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет