62
сапалы құралды алу үшін тезкескіш болаттардың карбидтік бір тектілік емес
балы үшіншіден аспауы. Бірақта үлкен құймакесектерде төмен карбидтік бал
алу өте қиын. Осыған байланысты тезкескіш құралдарды жасауда, болашағы
бар бағыт-ұнтақты металлургия болып саналады. Олар карбидтік балды
біріншіге дейін түсіре алады. Ұнтақты металлургия əдісімен алынған, маркасы
Р6М5К5, Р9МУК8 тез кескіш болаттардан жасалған құралдардың төзімділігі,
қарапайым əдіспен алынған осы маркалы болаттардан жасалған құралдардың
төзімділігінен 1,2...2 есе жоғары болатынын сынаулар көрсетті. Ұнтақты
металлургия əдістері құрал өлшемдеріне өте жақын өлшемдері бар дайындама
алуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: