63
құрамында кобальттың бірдей санында үлкен қаттылық пен морттыққа ие.
Сондықтанда оларды жоғары қаттылықты материалдарды жартылай таза өңдеу
мен таза өңдеуде қолдану тиімді.
Үшкарбидті қатты қорытпаларында (ТТК тобы) WC+(TiC+ТаС)+Co бар,
олардың маркалары ТТ7К12; ТТ20К9. ТТ əріптерінен кейінгі сандар TiC+ТаС
пайызбен берілген қосынды үлесін көрсетеді. Мысалы, ТТ20К9 қорытпасы
құрамында 20%(TiC+ТаС)+9% Co+71% WC. Қатты қорытпалардың ТТК тобы
беріктігі жағынан екі карбидті қорытпалардан жоғары (σ
μ
=1,3…1,6ГПа). Олар
жоғары төзімділігімен, пайдаланудағы беріктігімен анықталады, соққы күштері
мен дірілге жақсы қарсыласады. Сондықтанда оларды қимасы үлкен кесілетін
қабатты қаралтым өңдеуде, жонғылауда, сүргілеуде қолданады.
Минералокерамика. Минералокерамикамен жабдықталған кесу құралдар
жоғары қаттылықты (92…94НРА), жылу төзімділікті (1200
0
С дейін) жəне
тозуға төзімді болуы керек. Бүгінгі күні керамиканың тотығу жəне карбидті
тотығу типтері кеңінен тараған.
Тотықтанған керамика құрамында 99% дейін Al
2
O
3
бар. Осы керамика
маркасы ішінде ұсақталған электрокорундт (түйіршік өлшемі 1…2мкм) ЦМ-332
түрін атауға болады. Иілу беріктігі төмен болуы (σ
μ
=0,3…0,4ГПа) жəне
термоциклдық қажуы бұл керамиканы дірілге төзімді жабдықтарда, таза жəне
жартылай таза өңдеуге қолдануға мүмкіндік береді.
Карбидті тотығу
Достарыңызбен бөлісу: