Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет249/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
207
Қазақстан Республикасы «Бiлiм беру» Заңында жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары 
біліктілікті және «бакалавр» академиялық дәрежесін бере отырып мамандар даярлауға, олардың 
кәсіптік даярлығының деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталғаны туралы айтылса [2], ал 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасында жоғары білімнің еуропалық аймағына бірігуді қамтамасыз ету, жоғары білікті 
ғылыми және ғылыми – педагог кадрларды даярлау мәселелері баяндалған [3]. Он екі жылдық білім 
беру бойынша құжаттарда жаңа ғылыми-педагогикалық идеяларды шығармашылықпен қабылдай 
алатын, оқыту теориясы мен әдістемесін игерген кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктің жоғары 
деңгейін игерген маман ретінде даярлау мәселесі қарастырылған [4].
Дегенмен қазіргі таңда бейіндік оқыту үдерісін «Технология» бағытында жүзеге асырудың 
мазмұндық және іс-әрекеттік бағытының педагогикалық, дидактикалық негізіне арнайы жүргізілген 
зерттеу жұмыстары өте аз. Әсіресе түрлі технологиялық үдерістердің ғылыми негізін жүйелеп 
түсіндіретін болашақ мұғалімдерді оқушыларды бейіндік оқытуға кәсіби даярлауға байланысты 
негізделген, осы бағыттағы зерттеу жұмыстары өз негізінде нақтылы шешімін табу қажет. Сол 
себепті болашақ мұғалімдердің оқушыларды бейіндік оқытуға кәсіби даярлығын социологиялық 
сауалнама арқылы тексеріп, мониторингтік зерттеу жүргіздік. Сауалнамаға педагогикалық мамандық 
студенттері, мектептердің жоғары сынып оқушылары, педагогикалық қызмет саласындағы 
мамандар, мемлекеттік қызметкерлер тартылды. Негізгі мақсатқа сәйкес зерттеудің 3 негізгі 
объектісі бойынша келесі зерттеу міндеттері қалыптастырылды: педагогикалық мамандықтағы 
студенттерден педагогикалық кадрларды бейіндік оқытуға тиімді даярлау жағдайларының кешені, 
жоғары білім беру жүйесіндегі бейіндік оқытуды ұйымдастырудың белсенді түрлері, бейіндік 
мектептің болашақ мұғалімінің қасиеттерін студенттердің игеру деңгейі, мектептегі жоғары сынып 
оқушыларының бейіндік даярлықтарын жүзеге асыру жағдайларына студенттердің баға берулері 
салыстырылды. Жоғары оқу орындарында бейіндік оқытудың инновациялық әдістері бойынша 
даярлық деңгейлеріне студенттердің баға берулері салыстырылды.
Лицейлер мен колледждердің жоғары сынып оқушыларына бейіндік білім беру бағдарламаларын 
меңгеруге тиімді даярлау мүмкіндіктері, оқушылардың жеке білім беру бағдарламаларын 
құру мүмкіндіктерін ескере отырып, жоғары сынып оқушыларын оқыту мазмұнын саралау 
үшін жағдайлар жасау, бейіндік оқыту стратегияларына сәйкес оқушылардың жеке білім беру 
траекториясын құру мүмкіндіктері салыстырылды.
Эксперттерден болашақ мұғалімдерді бейіндік оқытуға даярлаудың негізгі проблемалары, 
арнайы цикл пәндерінен бейіндік оқу және оқудан тыс сабақтардың, педагогикалық практиканың, 
студенттердің оқу жұмыстары мен ғылыми зерттеу жұмыстарының мазмұндық материалдары, 
мұғалімді оқушыларды бейіндік оқытуға даярлауға әсер ететін пәнаралық байланыстарды түзету 
үдерісі, бейіндік оқыту жағдайындағы анықталған кәсіби қызметтерді, білім мен іскерліктерді 
иемденетін мұғалімнің қызмет ерекшеліктері салыстырмалы талданды. 
Зерттеу пәні болашақ мұғалімдерді бейіндік оқытуға нәтижелі дярлауға әсер ететін факторлар. 
Кешендік салыстырмалы зерттеуге педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттер, жоғары 
сынып оқушылары және зерттелетін проблеманың мемлекеттік деңгейде шешілуіне әсер ететін 
эксперт мамандар қатысты. Сауалнамаға педагогикалық мамандық студенттері (42,2% ер бала, 
57,8% қыз бала), лицей мен гимназияда оқитын жоғары сынып оқушылары (50% ер бала, 50% қыз 
бала) және эксперттер(60,4% ер бала, 39,6% қыз бала) қатысты. 
Респонденттердің ұлттық құрамына келетін болсақ педагогикалық мамандықтарда оқитын 
студенттердің 94,2% қазақтар, 3,8% басқа ұлт өкілдері (татарлар, әзірбайжандар), 2,0% өзбектер. 
Лицей мен гимназияда оқитын жоғары сынып оқушыларының 68,9% казақтар, 19,2% орыстар, 
10,3% басқа ұлт өкілдері (украиндар, түріктер, татарлар), 1,6% өзбектер. Эксперттердің 79,2% 
қазақтар, 14,6% орыстар және 2,1% - өзбектер, 4,2% - басқа ұлт өкілдері. Сауалнамаға қатысқан
эксперттердің 28-нің жалпы педагогикалық өтілін талдасақ, 10 адамдыкі 10 жылдан жоғары, 
18 адамдыкі 20 жылдан жоғары. Эксперттер педагогикалық мамандық иелері. 48 эксперттің 4 
доктор, 15 педагогикалық ғылым кандидаттары, 8 эксперт саяси, социологиялық, психологиялық 
ғылымдардың докторлары, мемлекеттік басқару органдарының басшылары (соның ішінде ОҚО 
әкімінің жанындағы облыстық және қалалық білім беру департаменттерінің қызметкерлері). 
2011-2012 жылдардағы зерттеу кезеңдерін салыстырмалы талдау көрсеткендей сұралған 
студенттердің жартысынан көбі (59,3% к 59,5%) жоғары оқу орындарында өз мамандықтарының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет