Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет250/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
208
таңдауына басты себеп мектепте пәндерді тереңдетіп оқу болғанын айтты. Таңдауға әсер еткен 
маңызды факторлардың бірі ретінде олар мамандықтар туралы интернет-ақпараттарды атады, со-
нымен қатар жоғары оқу орындарының буклеттерінде қамтылған ақпараттардың объективтілігі мен 
мазмұнының маңыздылығын атап көрсетті.
Диаграмма 1. «Сіз неге дәл осы мамандықты таңдадыңыз?» (компаративтік талдау)
Педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттердің мониторинг режимінде сұралғандардың 
жартысынан көбі (64,9%, 64,5%) өздерінің мамандықтарының әрқашанда қоғамдық сұраныста 
екендігін біледі және заманауи инновациялық технологиялар мұғалімнің мәртебесі мен оған 
қойылатын талаптарды өзгерте алады деп есептейді. 16,5% респонденттер мұғалім мамандығының 
осы жылдарда сұранысқа ие екендігіне сенеді, себебі республика және аймақтар бойынша мектептер 
саны жеткіліксіз. 12,4% респонденттер педагогикалық мамандықтардың мектептерге қаншалықты 
қажет екендігі туралы ақпаратты иемденбейді, себебі мектептерде ваканттық орындардың жоқ 
екендігі туралы, сонымен қатар педагогикалық өтілдің қажеттілігі туралы біледі. 
Диаграмма 2. «Сіздің мамандығыңыз қаншалықты сұранысқа ие екендігін білесіз бе?»
(компаративтік талдау)
Осы кезеңдерде жүргізілген сауалнамалардың нәтижелерін салыстырмалы талдау 
респонденттердің жауаптарындағы аздаған өзгерісті көрсетеді: егер бірінші сұрақ бойынша 


№ 3 (106) 2015
209
мамандық таңдауға мектепте пәндерді тереңдетіп оқыту, бейіндік оқыту тікелей әсер етті деп 
респонденттердің 41,7% белгілесе, екінші сауал бойынша жоғары оқу орындарына түсуге 
репетиторлардың рөлінің жоғары екендігін атап көрсеткен. 
Диаграмма 3. «Мектепте пәндерді тереңдетіп оқу қаншалықты сіздің мамандық 
таңдауыңызға әсер етті?» (компаративтік талдау)
Осыған қарамастан респонденттердің 33,9% бейіндік оқытуды жоғары бағаласа, ал 18,7% 
мектептегі даярлықтың жоғары деңгейін атап көрсетті. Мамандық таңдаудың шешуші факторы 
Интернет ақпарат болып табылды. Жалпы бейіндік оқыту даярлықтың бағыты мен мамандық 
таңдауға басым әсер етеді, сонымен қатар бейіндік оқыту стратегиясымен қолдау тапқан 
оқушылардың қызығушылық бағыты мен мамандықты саналы таңдауы аяқталады. 
Компаративтік талдау жоғары сынып оқушыларының бейіндік оқытуға басым тұрақты 
қызығушылығын көрсетіп отыр (97,4% к 98,4%). Бұл респонденттер жағынан болашақтағы 
мамандығына бағытталған, оны оқуға бір қадам болса да жақындай түскен саналы қажеттілігімен 
түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет