Түйін сөздер: сөйлеу мәдениеті, сөйлеу үрдісі, еліктеу,шығармашылық жаттығулар, пікірлесу,
қатысымдық жаттығулар, тілдік жаттығу.
Сөйлеу әрекетінің ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелуі тіл білімінде XX ғасырда бастау алады.
Ағылшын тілінің әлемдік тіл екенін ескере отырып, студенттерді осы тілде еркін ойлап-сөйлеуге
үйрету; студенттердің сөйлеу қабілетін жаңа технологияларды пайдалана отырып дамыту;
студенттерді өзге ұлттың мәдениетімен таныстыра отырып сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Студенттердің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау, шығармашылық, ізденіс
қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеру болып табылады.
Тіл білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін швед лингвисі
Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткен [1,24]. Бала тілін зерттеген ғалымдар: А.Шахнарович
[2,68], Л.Щерба [3,54], Е.Кубрякова [4,23], С.Канцельсон [5, 63]: «Сөйлеу әрекеті дегеніміз – үздіксіз
үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады», – деген. Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз
деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен
шұғылданатын мамандар арасында туындайтын, ағылшын тілінде өз ойын ауызша жеткізе алатын,
студенттердің ауызша сөйлеу дағдысын қалай қалыптастыруға болады деген сұрақ туындайды.
Сөйлеу жаттығулары қабылдауға, ойлауға, еліктеуге және сөйлеу үлгілерін есте сақтауға
бағытталып, тіл үйренушілерді белсенді сөйлеу әркетіне жетелейді. Қатысымдық жаттығулар
дайындық жаттығуларынан біршама күрделі, оларды шығармашылық жаттығулар деп те атауға
болады. Шет тілін жеделдете үйрету кезінде сөйлеу жаттығулары өте жиі қолданылады, өйткені бұл
жаттығуды орындау үшін тіл үйренушінің белгілі тілдік білімі, сөздік қоры, пікірлесу тәжірибесі
болуы керек. Қатысымдық жаттығулар арқылы олардың бәрі де әрі қарай дамытылады, сондықтан
мұнда да жаттықтыру әрекеті жалғастырылады, бірақ ол күрделену, дамыту, қалыптастыру
бағытында жүргізіледі.
Ауызша жаттығу студенттің оқу материалын ауызекі баяңдауға дағдылану
мақсатын көздейді.
Қазіргі кезде шет тілін коммуникативті функционалды бағытта оқытылуы тиіс.
Сондықтан тілдің қатысымдық механизмін ашу қажет . Яғни, оның сөйлеу процесіндегі, сөйлем
құрудағы, мәтін бойынша әңгіме құрастырудағы рөлі амал – құралдар арқылы меңгертіледі.
Шет тілін білу қазіргі таңның басты мәселесі. Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі- әр
түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу. Бүгінгі таңда әрбір
жаңашыл оқытушы үшін, сыни тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды, әрі
бағалы. Бұл стратегия студенттердің қызғушылығын арттыра отырып, оқытушының тығырыққа
тірелетін сәттерінен арылтырады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу,
білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас , болжау, Автор орындығы
, топтастыру, т.б, стратегияларын қолдану студенттердің мотивациясын оятып, ынталандыра
түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар студенттің қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі,
жалықтырмайды.
Осыдан келе, жоғарғы оқу орындарында оқу-әдістемелік комплекттерін (жинақтарын) зерттей
келе, қазіргі оқулықтарды ағылшын тіліндегі коммуникативтік фразеологиялық бірліктер жеткіліксіз
берілгендігін немесе мүлдем кездеспейтіндігін байқаймыз. Демек, оқытуға коммуникативтік
бағыт беретін, оқушылардың ауызша сөйлеу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік тудыратын, шет
тілінде әңгімелесу үрдісінде негізгі фразеологиялық бірліктерді қолдана білуге үйрететін арнайы
жаттығулар жүйесі қажет. Коммуникативтік фразеологиялық бірліктерді оқыту және оқушылардың
|