Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
286
табылады. Біздің жағдайда ағылшын фразеологиялық бірліктерді оқытқанда келесі талаптарға
жауап беретін жаттығулар кешені туралы айту керек:
-
міндетті жаттығулар тобын анықтағанда мақсатты есептеу талабы;
-
сәйкес келетін жаттығулар тобын алғанда дағдылар қалыптасатын және машықтар дамитын
кезеңдерді есептеу талабы;
-
әр түрлі жаттығулар сәйкестігін анықтаған кезде оқытудың нақты жағдайларын есептеу
талабы;
-
материалды меңгеруде қиыншылықтардың ақырындап өсуін есептеу.
Жаттығулар кешенінің негізгі талаптарын анықтап, ағылшын фразеологиялық бірліктерді
оқытатын жаттығулар кешенінің ерекше сипаттарын анықтау қажет, олар осы талаптарға сүйеніп
және өздерін идиоматикалық ауызша сөйлеудің лексикалық жағынан оқытуға құрастырылған
жаттығулар кешенінің жеке талаптарынан табады.
Ағылшын фразеологиялық бірліктері ерекшеліктерін талдау, бұл бірліктерді тандау талаптары
негізінде ағылшын фразеологиялық бірліктерді оқытатын жаттығулар кешеніне келесі жеке
талаптарды қалыптастыру керек:
-
фразеологиялық бірліктерге қатынасты кешен сөйлеу лексикалық дағдылардың негізгі
кезеңдерін көрсету қажет;
-
кешеннің бірлігі жаттығулар мазмұнында берілген өз семантикалық және синтаксистік
құрылымында оқитын тілдің ерекше қасиеттерін білдіретін сөз тіркестері мен күрделі сөздер болу
қажет;
-
кешен шетел тілін оқытудағы лингвоелтанушылық, коммуникативтік амалдарды есептеумен
қалыптасу керек және мәдениеттер диалогы контекстінде;
Әдістемелік әдебиетте жаттығуларды ұтымды сараптайтын нақты бір көзқарас жоқ. Жаттығулар
тілдік және сөйлемдік (И. В. Рахманов) [8,98]; тілдік, сөйлеу алдындағы және сөйлемдік (С. Ф.
Шатилов); шартты-коммуникативтік / шартты-сөйлемдік және коммуникативтік- сөйлемдік (Е.
И. Пассов) болып бөлінетіні белгілі [9,96]. Жаттығулардың алғашқы бөліну негізінде көбінесе
олардың тіл құралдарымен немесе сөйлеу құралдарымен меңгеруге бағытталғаны немесе білім мен
дағдыларды қалыптастыруға сүйенгені, немесе әр түрлі сөйлеу әрекеттерде сөйлеу дағдыларын
меңгеруі жатыр. Біз бар сараптаманы бір қалпына келтіруге, жалпылауға, жүйелеуге тырыстық
және оларды ағылшын фразеологиялық бірліктерді оқытатын жаттығулар кешенің қалыптастыруда
пайдаланбақ болдық.
Ағылшын фразеологиялық бірліктерді оқытатын жаттығулар кешенің құру үшін жаттығуларды
тілдік және сөйлемдікке бөлгені, біздің ойымызша, сұрақтың ең тиімді шешімі. Аталған сараптама
әдістемелік мақсатты бағытталған және дағдылар мен машықтарды қалыптастыратын үрдісті
назардан тыс қалдырмаған. Сонымен, ұсынылған ағылшын фразеологиялық бірліктерді оқытатын
жаттығулар кешені екі негізгі текті жаттығулардан тұрады: 1) тандап алған фразеологизмдердің
құрылымы мен мағынасын түсінетін және есте сақтайтын тілдік жаттығулар; 2) алдын ала оқыған
фразеологизмдерді сөйлеуде түсініп және пайдалана білетін, сонымен қатар, оларды нық ұғып
алатын сөйлеу жаттығулары.
Сөйлеу жаттығулары ұсынылған кешенде а) сөйлеу алдындағы және ә) нақты сөйлеу дегендерге
бөлінген. Сөйлеу алдындағы және нақты сөйлеу жаттығулары дегеннің айырмашылығы бұл
жұмыста келесіден тұрады. Нақты сөйлеу жаттығуларын орындаған кезде дәл тілдік құралдарды
тандау көп жағдайда студенттің өзіне байланысты. Сөйлеу алдындағы жаттығуларын орындаған
кезде тілдік құралдарды тандау азайтылған немесе мүлдем жоқ.
Аталған жаттығулар тектері жеке жаттығулар түрлеріне бөлінеді (аударма, мәтінде жіберілген
фразеологиялық бірліктерді тандап қою және т.б.).
Тілдік жаттығулар фразеологиялық бірліктерге қатынасты келесі лексикалық дағдылары
қалыптастыру кезеңдерінде пайдаланылады: фразеологиялық бірліктер блогін презентациялайтын
кезең; ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық бірліктерін салыстыратын кезең
(фразеологиялық бірліктер түрлерін және мағынасын компаративтік бекітетін кезең); фразеологиялық
бірліктерді танитын, түсінетін және есте сақтайтын кезең.
Ұсынылған кешенде пайдаланған тілдік жаттығуларға келесі түрлері жатады:
1. Фразеологиялық бірліктерді тындаумен тану және оларды ұсынылған диалогтардан бөліп алу.
2. Фразеологиялық бірліктердің алынған бөлшектерін тандау.
3. Ағылышн фразеологиялық бірліктерін олардың қазақ тіліндегі эквиваленттерімен салыстыру.
|