№ 3 (106) 2015
285
ауызша сөйлеу қабілетін қалыптастыру кезінде оқытушының алдында төмендегідей міндеттер
тұрады: фразеологизмдерге деген қызығушылығын, оларды шетел тілінде әңгімелесу үрдісінде
қолдануға деген ниетін ояту; студенттерге жалпы мағынасын түсінуге көмектесу; фразеологиялық
бірліктерді ауызша сөйлеуде анықтап, түсунуге жетелеу; оларды есте сақтауын қамтамасыз ету.
Студенттердің ауызша сөйлеуіне бағытталған фразеологиялық бірліктермен жұмыстың негізгі
сатыларын қарастырайық:
- қатысушыларға суреттер беріледі де, оларға мұқият қарап, соларға сәйкес келетін таңбаларды
оқу тапсырылады;
- мөлшермен олардың беретін мағыналары мен қазақ тіліндегі аудармасын айтады (бұл сатыда
қатысушылар мөлшермен сәйкес келетін тілдік құралдарды пайдаланады);
- фразеологиялық бірліктерді оқып, оны суретпен сійкестендіреді, сөзбе-сөз аударады;
- сөзбе-сөз аударма көбінесе мағынаны өзгертіп жіберетіндіктен, қатысушылар суреттің
мазмұнына қарай сөйлемді қалайша құрастыруға болады деген сияқты өздерінің дұрыс нұсқаларын
ұсынып көреді;
- оқытушы қатысушыларға белгілі бір фразеологиялық бірліктерді қолдана отыра диалог
құрастыруды ұсынады;
- қатысушылар контекске қатысты өз нұсқаларын ұсынады (бұл сатыда оқытушының
фразеологиялық бірліктердің коммуникативтік мағынасын ұсынған дұрыс);
- фразеологиялық оралымдарды, олардың мағыналарын арнайы ағылшын тіліндегі
коммуникативтік фразеологиялық бірліктер сөздігіне жазып алады;
-
қатысушылар осы бірліктерен сөйлем құрастырады (ауызша);
-
оқытушы қатысушыларға белгілі бір фразеологиялық бірліктерді қосып диалог немесе
жағдаят ойлап шығаруды тапсырады;
Оқытушы әрбір сатыдан өткен кезде бекітуге бағытталған амалдар жасайды және сөйлеу кезінде
фразеологизмдер қолданатын шарттар қарастырады. Бірақ барлық фразеологиялық бірліктерді
сурет түрінде ұсынуға келмейді, сондықтан көру арқылы фразеологизмдерді семантизациялауды
берілген фразеологизмнің шығуын және мағынасын түсіндірумен ауыстыруға болады. Бұдан кейінгі
сатылардың барлығында фразеологиялық бірліктермен жұмыс жасап көру арқылы жүргізіледі.
Фразеологизмдерді меңгеру және бекітуге байланысты бірнеше сабақтардан кейін оқытушы
жалпылама сабақ пен жүйелеу жүргізе алады, бұл кезде қатысушылар меңгерген фразеологизмдерді
қолданылатын саласына, тақырыбына байланысты бөліп қарастыра алатын болады.
Осылайша, фразеологиялық бірліктермен жұмыс жасаудың осы түрін үнемі пайдаланған
кезде студенттердің ауызша сөйлеу қабілетін қалыптастыру мақсатында негізгі коммуникативтік
бірліктерді оқытуда белгілі бір жетістіктерге жетуге болады.
Әр кезең өз міндеттері мен ерекшеліктеріне ие. Бұл кезеңдерді іс-тәжірибеде іске асыру үшін
оларды арнайы тандалған және бірінен бірі шығатын фразеологиялық бірліктерді оқытатын
жаттығулар кешенімен толықтыру қажет.
Оқу үрдісінің негізгі бірлігі болып жаттығу табылады. С. Ф. Шатиловтан кейін біз жаттығуды
«бірқатар операцияларды немесе сөйлемдік, тілдік мінезді әрекеттерді бір рет немесе көп жағдайда
арнайы ұйымдастырылған шара» деп түсінеміз [6; 55]. Алайда жалғыз жаттығу шетел тілін
үйреткенде соңғы нәтижені беруі шамалы, сондықтан жаттығуларды келістіру, нақты жаттығулар
жүйесін құру қажеттілігі туындайды.
Жаттығуларды жүйеге келтіру ұмтылыстар әдістеме тарихында әр түрлі бағыттағы өкілдерімен
жасалған (М. С. Ильин, Б. А. Лапидус, Е. И. Пассов, И. В. Рахманов, С. Ф. Шатилов және т.б.). К. Д.
Ушинский де кезінде жаттығулардың жүйелілігі жетістіктің ең бірінші және басты негізі деп айтқан,
ал бұл жүйеліліктің кемшілігі – көп санды және көп уақытты жаттығулар неге нашар нәтижелер
беретініне басты себеп [7, 85].
Жаттығулардың жүйелілігі деп « жаттығулардың қажетті тегі, түрі және әр түрлік жиынтығы
табылады, олар әр түрлі сөйлеу әрекеттерде олардың қатынасуымен дағды және машықтың
қалыптасу заңдылығын есептейді және тілді максималды меңгеруін қамтиды...» .
Жаттығулар жүйелілігі жаттығулар тобындағы иерархияда жоғарғы бірлікті құрайтыны белгілі
(жаттығулар тобы—> цикл —> серия —> кешен —>жүйеліліктің асты—> жаттығулар жүйелілігі),
жаттығулар тобы барлық сөйлеу әрекеттері түрлерінде сөйлеу дағдыға үйрететін құрал болып
|