Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет345/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
287
4. Еркін және тұрақты сөз тіркесін немесе жеке сөзді синонимдік сөйлемдермен алмастыру.
5. Жеке сөздің немесе сөз тіркесінің фразеологиялық антонимын табу.
Жоғарыда аталғандай, біз пайдаланған сөйлеу жаттығулары сөйлеу алдындағы және нақты 
сөйлеу дегендерге бөлінген.
Сөйлеу алдындағыларға жататыны: жеке сөз бен сөз тіркесінен сөйлем құрастыру, 
фразеологизмдерді берілген анық жағдайларда қолдану, аударма жаттығулары. Сөйлеу алдындағы 
жаттығулар фразеологиялық бірліктерді бөлек сөйлемдерде және даярланған нәтижелі сөздерде 
сәйкес келетін коммуникативтік ынтаны іске асыруда басынан ойлап қолдану кезеңінде пайдаланады. 
Нақты сөйлеу жаттығуларына біз келесіні жатқызамыз:
1. Шартты-коммуникативтік жаттығуларды
Мысалы: Мына жағдайды ойлаңыздар: сіз және сіздің досыңыз өзіңіздің досыңыздың 
туған күніне дайындалып жатырсыз. Сіз оған сыйлық тандауыңыз керек және сіз дүкенге бара 
жатырсыз. Фразеологиялық бірліктерді пайдаланып, осы сюжет бойынша диалог немесе монолог 
құрастырыңыз. Немесе, мысалы, кез келген мақалды баяндайтын оқиғаны суреттеңіз). 
2. Коммуникативтік жаттығулар, олардың мақсаты фразеологиялық бірліктер қорын меңгеруде 
және коммуникативтік ынтаны іске асыруда оларды пайдалана білу. Шартты-коммуникативтік және 
коммуникативтік жаттығулар дайындалмаған сөйлемде фразеологиялық бірліктерді қолдануға 
үйрететін кезеңде пайдаланылады.
Ұсынылған жаттығулар кешені белгіленген жаттығулар түрлері шенберінде грамматикалық 
жаттығуларды және тыңдауға арналған жаттығуларды қосады. Жаттығулар кешенінде біз ше-
тел тілін оқытатын барлық аспектілерін пайдалануды ұсынамыз (лексикаға, грамматикаға және 
фонетикаға оқытуды). 
Сонымен, ұсынылған ағылшын фразеологиялық бірліктерді оқытатын жаттығулар кешені 
фразеологизмдерді қолданғанда типтік қателерді жібермеуге көмектеседі. Кешенде қарастырылған 
фразеологизмдердің қайталануы тақырыпқа берілген уақыттың нақты мөлшеріне сәйкес келеді. 
Ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктер негізінде лексикалық дағдыларды қалыптастыруға 
оқытатын курсты жемісті аяқтаған студенттер кейін өз бетімен үйренген фразеологиялық бірліктер 
арқылы сезімдерін, ойларын және ынталарын дәл және нақты білдіре алады.
Бүгінгі таңда сөйлеуге үйрете отыра біз аутенттік әңгімелесу деңгейіне шығуға тырысуымыз керек 
екені айдан анық. Әңгімелесудің бұл түрі репродуктивтік-продуктивтік, сондай-ақ продуктивтік 
(басты болып табылатын) жаттығуларды қолдануды қолдайды. 
Репродуктивтік-продуктивтік және продуктивтік жаттығулар ретінде фразеологиялық 
бірліктерді қолданатын диалогтарды оқыту үшін белгілі бір фразеологиздері бар диалог-үлгілер 
айтылатын жаттығулар, осындай диалогдарты қою, берілген фразеологиялық бірліктермен 
диалогтар құрастыру, сұрақ-жауап түрінде, диалогтарды сахналау, диалогтарды аяқтау және 
т.б. қолданылуы мүмкін. Монологтік сөйлеуде репродуктивті және репродуктивті-продуктивті 
деңгейдегі қабілеттерін дамыту қатысушының үлгіге сүйене отыра монологтік сөйлеу құруы 
үрдісінде іске асады. Сонымен бірге көптеген репродуктивті жаттығуларды алдымен жазбаша, 
кейін ауызша (әсірсе, шетел тілін оқытудың бастапқы кезеңінде) орындауды ұсынуға болады, сонда 
студенттер фразеологизмдерді жақсы меңгереді. Әңгімелесуде фразеологиялық бірліктерді қолдану 
бойынша продуктивтік жаттығуларға келетін болсақ, олар сипаты жағынан оқытушы тарапынан 
қатаң бақылауға алынатын тапсырмаларға жатпайды. Олардың мақсаты – студенттерді өз бетімен 
таңдаған фразеологиялық бірліктермен ешқандай үлгіге сүйенбей, ешқандай вербалді көмексіз 
сөйлету. Дегенмен де, репродуктивті сипаттағы жаттығуларды орындау барысында барлық назарды 
меңгеру мақсатында тек қана тілдік сөйлеу формасына, ал продуктивтіде тек қана мағынасына 
аударылған деген пікір қалыптаспауға тиіс. Монологтің әртүрлілігін атап өтуге болады, олар: 
сәлемдесу, мадақтау, кінәлау, дәрістер, әңгімелер, мінездеме, сипаттау, айыптау немесе жақтау 
сөздер. Монологтің мұндай түрлерінің барлығында фразеологиялық бірліктерді қолдануға болады . 
Коммуникативтік-сөйлеу қабілетін қалыптастыру қажет, бұл сөйлеу стилін дұрыс таңдауды, сөйлеу 
формасын әңгімеге сәйкестендіру, ең тиімді әдістер болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет