№ 3 (106) 2015
355
Әр тілдің өзінің дыбыстық құрамы, олардың орфоэпиясы, интонациясы, екпіні бар. Бала оны
меңгеруі керек. Сөйлеудің мәнерлілігі де белгілі қызмет атқарады. Сондықтан тәрбиеші оларды
балада дұрыс қалыптастыруға жұмыс жүргізеді.
Сәбидің сөйлеуге үйренуі сол тілге тән барлық фонемаларды артикулдеуді, орфоэпияның ережесі
бойынша сөздегі белгілі бір позицияда тұрғандыбыстардың үндесуін айтуды, интонацияның
жекелеген элементтерін алдын ала үйренгенде ғана мүмкін болады.
Сонымен, тілдің дыбыстық мәдениеті ұғымы сөздің фонетикалық және орфоэпиялық
дұрыстығынан, оның мәнерлілігі мен анық үн реңкінен (дикция) тұрады.
Адамның сөйлеу тілі- ең алдымен, мидың көптеген саласының үйлескен қызметінің нәтижесі.
Мида естіген сөзді ұғынады, онда дыбыстар мен тілдік дыбыстардың тіркесінің артикуляциялануы
үшін қажетті қозғалыс бағдарламасы қалыптасып, осы жерден сөйлеу бұлшық еттерінен бұйрық
жолданады. Егер тілдік қарым – қатынас үрдісінде бала өзінің сөйлеу аппаратының бұлшық еттерін
жаттықтырса, яғни баламен сөйлесіп, оны тыңдаса, ми дамиды. Бала дыбыстарды неғұрлым
ертерек, шапшаң және дұрыс артикульдеуді үйренсе, ол соғұрлым ертерек іштей, тілді анағұрлым
жоғары түрде меңгеруге, қабылдауға болады. Сөзді қабылдау мен оны ұғыну бір – бірімен тығыз
байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып,оны ұғыну мүмкін емес. Жеке сөздерді қабылдаудың
өзі оны ең алдымен ұғынуды талап етеді. Қабылдау мен ұғыну бір уақытта жүріп отырады, бір –
бірінсіз іске аспайды. Интонацияны қабылдау сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалысында
түрліше реакция тудырады. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болғаны дұрыс. Олар: бірі
– сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі – мәнерлілігі. Мазмұндылығы дегеніміз – жеткізілетін
ойдың айқындылығы мен таза, ұшқыр болуы. Мәнерлігі дегеніміз – сөйлеу кезінде эмоциялық
қалпын білдіре алуы, әр сөйлемді өзінің назымен айта алуы [3].Сөйлеудің мазмұндылығы оның
мағынасымен қатар дұрыс дыбысталуына байланысты болса, мәнерлілігі сөйлеу интонациясының
дұрыс болуы.
Мектепке дейінгі ұйымдардың сәбилер тобынан бастап сөйлеу аппараты мен сөзді қабылдауының
толық қалыптаспауынан (жас ерекшелігіне қарай) балаларда дыбыстарды айтудың физиологиялық
бұзылуы байқалады. Бұл кемшілік мектепке дейінгі ұйымда және отбасында баланың дұрыс
дыбыстауын қалыптастыру бойынша жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде қалпына келеді.
Сонымен бірге кейбір ерекше себептерге байланысты балада арнайы көмекті қажет ететін дыбыс
айтуының бұзылуы байқалады.
Балалардың дыбыс айтуының бұзылуының негізгі себептері:
Естуінің төмендеуі;
Сөйлеу тіл дыбыстарын естіп ажыратуының бұзылуы;
Артикуляциялық аппараттардың анатомиялық бұзылыстары;
Артикуляциялық аппаратының қызметінің бұзылуы (артикуляциялық мүшелерінің
епсіздігі);
Баланың айналасындағы адамдардың сөйлеу тіліне көңіл бөлінбеуі;
Себептердің әрқайсысын жеке қарастырайық: Баланың ерте жасында естудің төмендеуінің
дыбыс айтуының дамуына ғана емес, жалпы сөйлеу тілі дамуына кері әсерін тигізеді.
Сөйлеутіл дыбыстарын естіп ажыратуы бұзылған жағдайда балалар дамуына ғана емес, жалпы
дыбыстар оларға ұқсас болып естіледі (мысалы, «с» және «ш»). Бұндай бұзылыстар ерте жаста
дыбыс айтуында жас ерекшеліктері болып көрінеді, бірақ оларға қарағанда келешекте өз
бетімен, яғни логопедиялық көмексіз жойылмайды және міндетті түрде баланың жазуында көрініс
табады. Сондықтан кешіктірмей үш-төрт жасында баланың акустикалық жақын дыбыстарды
естіп ажыратуының қалпын тексеру өте маңызды. Акустикалық аппаратының-анатомиялық
бұзылыстарының (тіс және жақ сүйектерінің дұрыс қалыптаспауы, тіл асты желбезегінің қысқа
болуы, таңдай жарақшалары, т.б.) салдарынан көптеген жағдайда дыбыстардың айтуының
қалыптасуына кедергі болады. Мысалы, тіл асты желбезегінің қысқа болу себебінен бала тілін
жоғары көтере алмайды, сондықтан «р» дыбысының дұрыс артикуляциясы балада қалыптаспайды.
Артикуляциялық мүшелерінің епсіздігі де дыбыс айтудың қалыптасуына кері әсер етеді, өйткені
әр дыбысты айтқан кезде артикуляциялық мүшелер белгілі қалыпты сақтау тиіс.
Баланың айналасындағы адамдардың сөйлеу тілінің дұрыс болмауы немесе баланың сөйлеу
тіліне көңіл бөлінбеуі, яғни сөйлеу тілінің дамуына әлеуметтік жағдайдың әсері.
|