Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет430/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
357
Таза, анық,
мəнерлі
сөйлеу
Орфоэпиялық
дұрыс сөйлеуі
Сөйлеу қарқыны
Кідіріс
Дауыс күші
Сөйлеу қарқыны
Ырғағы
Тіл дыбыстарын
дұрыс айтуы
Үн реңкі
(дикциясы)
Сөйлеу əуені
Сөз мəнерлілігі
Тілдің дыбыстық мəдениеті
Сурет 1 – Тілдің дыбыстық мәдениетінің құрылымы
Сөзді дұрыс айтуды қалыптастыра қою оңай емес екенін ғалымдар айтып келе жатыр, сондықтан 
оның жолын да іздестіруде, рас, пікір де түрліше. А.Максаков пен Г.Тумакова сөздің дыбыстық 
жағын меңгеруге ерекше мән берген: «Сөздің дыбыстық жағын игеру –балалар үшін күрделі 
процесс. Бұл процесті былай анықтауға болады:
– сөздің қалай дыбысталатынын тыңдау арқылы;
– дыбыстарды дұрыс айту және ажырату арқылы;
– сөз ішінен дыбыстарды өздігінен танып, оңай ажыратып алу;
– сөздерді актив қолдану арқылы.
Сөзді дұрыс айту, игеру және молайту балаларды қоршаған ортаны тануымен айқындалады» [3].
Бұл туралы отандық ғалым Б.Баймұратова алты жастағы балалардың тілін дамытуда 
байланыстырып сөйлеуге үйрету басты орын алады, ал байланыстырып сөйлеуді дамыту сөздің 
дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу ісімен де тығыз байланысты деп көрсетеді. [4]. 
Сонымен, жоғарыдағы қарастырылған зерттеулер дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеуде басшылыққа 
алатын бағыттарды айқындауға мүмкіндік берді. Біз өз жұмысымызда сөйлеу мүшелері (ауыз қуысы 
және мұрын,тіс ерін,тіл, көмей,өкпе) – бұл орталығы ми болып табылатын сөйлеу механизімінің 
атқару мүшелері; ми дамығанда баланың сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттеріде дамиды; егер тілдік 
қарым-қатынас үдерісінде бала өзінің сөйлеу аппаратының бұлшық еттерін жаттықтырса, яғни 
баламен сөйлесіп, оны тындаса, ми дамиды(интеллекті механизмі жетіле түседі). Бала дыбыстарды 
неғүрлым ертерек, шапшаң және дұрыс артикулдеуді үйренсе және дауыс ырғағын үндестірсе, ол 
соғұрлым тілді жоғары түрде меңгеруге қабілетті болады деген пікірлерді негізге алдық. 
Тіл – тек сөйлесу, қарым-қатынас құралы емес, ол адам өмірінің материалдық және рухани 
мәдениетінің сол ұрпаққа тән тума қасиеттерін жинақтаушы құрал, осы арқылы оны болашақ 
ұрпаққа жеткізуші құрал. Сондықтан әрбір халықтың мәдениеті мен дүниетанымы оның сөйлеу 
мәдениеті мен байланысты қалыптасып, дамиды. Ал, сөйлеу мәдениетінің негізі тілдің дыбыстық 
мәдениетінен басталатыны белгілі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет