Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет429/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
356
Атап айтсақ ол:
- баланың жанындағы адамдардың тез, асығып сөйлеуі (бала дыбыстарды есту және көру арқылы
қабылдай алмайды);
- отбасында екі тілде сөйлеу (бала дыбыстардың әр түрлі үлгілерін естиді); 
- айналасындағы дыбыс айтуы бұзылған адамдардың болуы (бала еліктеу арқылы дыбыстарды
бұзып айтады);
- «педагогикалық» (ересектердің бала тіліне, соның ішінде тіл дыбыстарын дұрыс айтуына
көңіл бөлмеуі); 
- ересектердің баланы еркелетіп, соның «тілімен сөйлеу» (баланың сөйлегені ересектерге
ұнағандықтан, ол дұрыс сөйлеуге ұмтылмайды); 
- баланың дұрыс сөйлемейтін құрбыларының арасында ұзақ болуы. Көптеген 
жағдайда 
бір балада бірнеше себептер үйлесіп кездесуі мүмкін, бұл балалардың дыбыс айтуының
қалыптасуына кері әсерін тигізеді. 
Ғалым Б.Баймұратованың анықтауынша, мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс қолдануында 
жиі ұшырасатын кемшіліктер – сөз ішіндегі дыбысты дұрыс айтпау, сөз ішінде дыбыс қалдыру,
не дыбыс алмастыру.Әсіресе, с-з, и-ж, б-в, п-ф дыбыстарын айтудағы орын ауыстырушылық, сөз 
ішінде дыбыс алмастырушылық, самолет-саломет, космодром-косодлом.
Бұны анықтау үшін баланың білетін өлең-тақпағын, таныс ертегіні қайталап айтып беруін 
өтіне отыру қажет. Сөз ішіндегі дыбыстарды дұрыс айтуын байқау үшін сөздің әр жерінде дұрыс
айтылмаған дыбыс кездесетін зат бейнеленген суретті қолданған тиімді. Әсіресе көпшілік
балалардың айтуға қиналатын р, л, с, ш, ж, з, б, п, ф дыбыстарының айтылуына өте мән берген
дұрыс. Сонымен бірге баланың дауыс деңгейі, сөйлеу қарқыны, екпін мәнері де тәрбиеші 
назарынан тыс қалмауы тиіс. Дауыстың шығу деңгейін және қарқынын баланың ажырата алуы 
«Кімнің даусы?» «Менің кім екенімді тап» т.с.с. ойындар ойнату арқылы тексеруге болады.
Мысалы, бала топтың алдына шығып, теріс қарап, көзін жұмып тұрады. Бірнеше бала кезекпен
қысқа тақпақ немесе жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдерді жатқа айтады. Топ алдындағы бала
естіген дауыстың иесін анықтауға тиісті.
Балаларды тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеудің тұлға қалыптастыруда маңызы өте зор, 
сондықтан бұл мәселеге ғалымдар үнемі үлкен көңіл бөліп отырған.
Зерттеушілердің талдауларын негізге ала отырып,тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеудің 
бағыттарын төмендегі сызбада беріп отырмыз.
Осыдан мектеп жасына дейінгі балаларды тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеудің міндеттері 
анықталды:
1. дыбыстың және сөздің дұрыс айтылуын қалыптастыру, бұл үшін сөзді тыңдай білуін, дұрыс 
тыныс алуын, артикуляциялық аппараттың моторикасын дамыту қажет;
2. орфоэпиялық дұрыс сөйлеуін тәрбиелеу – әдеби айтылу нормасына сәйкес сөйлеу біліктілігі. 
Орфоэпиялық норма тілдің фонетикалық жүйесін, жеке сөздер мен сөз тіркестерін, жеке 
грамматикалық формаларды айтуды қамтиды; 
3. сөз мәнерлілігін қалыптастыру – мәнерлеп сөйлеу құралдарын меңгеру дауыс биіктігі мен 
күшін, сөйлеу қарқыны мен ырғағын, кідірістерді, әртүрлі интонацияларды пайдалану біліктілігін 
қарастырады. Бала күнделікті қарым-қатынаста сөздің табиғи мәнерлілігін білетіні, бірақ өлең 
оқығанда, әңгімелеу мен мәтінді қайталап айтуда саналы сезінетіндей мәнерлілікке оқытуды қажет 
ететіні байқалады; 
4. үн реңкін (дикцияны) жетілдіру – әр дыбыстың, жеке сөздің және сонымен бірге бүтін 
фразаның анық, айқын, түсінікті айтылуы;
5. этикеттің құрамдас бөлігі ретінде тілдік қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу. Мәселен, сы-
пайы амандасу, қоштасу, алғыс айту, өтініш жасау мағынасындағы сөздер сыпайы интонациямен 
айтуды талап етеді. Әңгімелесіп отырған кісіге сыйластық көңілді білдіретін интонациямен айту.
Тілдің дыбыстық мәдениеті екі бөлімде айқындалады: сөзді айта білу және сөзді тыңдай білу 
мәдениеті. Сондықтан да жұмыс екі бағытта жүргізілуі керек:
1. сөйлеу аппаратын дамыту (артикуляциялық аппарат, дұрыс тыныс алу) және соның негізінде 
дыбыстың, сөздің айтылуын, нақты артикуляциясын қалыптастыру;
2. Сөзді қабылдауын дамыту (негізгі компоненттері фонематикалық, дауыс биіктігі, ырғақты 
тыңдау болып табылатын тыңдау зейіні, сөзді тыңдауы) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет