Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет433/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
359
теориялық базаларға сәйкес келе бермейді және мұндай әсерлердің теориялық негіздері толық 
саналы түрде жүзеге аса бермейді.
Бүгінгі күні психологтардың «теориялық өзін-өзі анықтауы» ерекше маңызды. Бұл үшін 
дидактикалық білім жетекшілігімен тұлғалық тренинг топтарында болатын жұмыс болу керек. 
Қатысушыларға топтық әсер ету контекстінде өздерін-өздері және басқа адамдарды түсінуді және 
қабылдауды, өз қабілеттерін дамыту мен жетілдіруді ғана емес, сонымен қатар адам тұлғасының 
табиғаты жөніндегі өзінің теориялық түсініктерін анықтауға қатысу тобындағы практикалық 
тәжірибеге тұлғалық мәселелер мен даулы мәселелерге және соған сәйкес психологиялық 
кедергілерге негізделеді.
Л.А. Петровская тренинг туралы өз мақаласында: «Психологиялық білім беру үдеріс-кеңес 
психолгиясы үшін әдістемелік түп-тамыр болып табылады. Бұл идеядан жетілдірудің стратегиялық 
жолдары туралы түсінік туады, ал психологиялық шындықты қайта құру қажеттілігі туған жағдайда, 
егер осы шындықтың детерминанты ретінде бірлескен пәндік іс-әрекет шықса, онда ең алдымен, 
оларға, бірлескен іс-әрекетті қайта құру, өзгерту, арқылы әсер ету керек» [2].
Сондықтан, біздің ойымызша, психиканың дамуының мәдени-тарихи теориясы бізді аталған 
мәселені шешудің әдістемелік жолдарын қарастыруға қажетті теориялық және практикалық 
құралдармен қаруландырға қабілетті.
Қазіргі кезде психологиялық тренинг мәселелеріне назар аударатын зерттеуші ғалымдар 
тренингтердің психологиялық көмек, тұлғалық өсуді қамтамасыз ету және түзету тәжірибелерінде 
қолдану салаларын толық суреттеп баяндап береді. Сондықтан біз бұл сұраққа егжей-тегжейлі 
тоқталуды жөн көрмедік. Тек психологиялық тренингтер өзін-өзі тану, өзін-өзі түсіну, рефлексия, 
өзіне, басқаға деген қарым-қатынасты өзгерту, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, 
эмоционалдық икемділікті дамыту, қатысушылардың әлеуметтік бейімделуін жақсарту, басқа 
адамдардың іс-әрекетін психологиялық қайталау (интерпретация) тәжірибелерін тереңдету үшін 
қолданылатындығын еске салғымыз келеді.
Ұйымдағы қызметкерлерді басқару қажеттілігі үшін қолданылатын психологиялық тренинг 
анағұрлым нашар жасалған. Сонымен қатар бұл саладағы қызмет көрсету көлемін дәстүрлік 
психологиялық қызмет көрсету көлемімен салыстыруға болады. Батыс елдерде тренингтің үлес 
салмағы дамыту іс- шараларының жалпы қорымен салыстырғанда 80-85% - ға жетеді. Қызметкерлерді 
дамытудағы тренингтің негізгі түрлері: іскерлік ойындар, топтық дискуссиялар, рөлге бөлініп ой-
найтын ойындар, түрлі «миға шабуыл» модификациялары, «идеялар конференциялары», «ұжымдық 
жазба кітапшалары» және практикалық жағдаяттарды сараптау әдістері қызметкерлердің жалпы 
дамуына, тұлғалық өсуіне және дау-дамайлы жағдайларды төмендету үшін психологиялық 
тренингтердің дәстүрлі түрлері көбірек қолданылады [3].
Нарықтық қатынастар, неғұрлым қалыпты деңгейге ұстап тұруға ұмтылушылық өз қызметтерін 
дамыту үшін жалпы даму мәселелерімен айналысуға мұрша бермейді. Өйткені әрқашан 
коммерциялық мақсаттар көзделді. Қызметкерлерді дамытуға бағытталған кез-келген іс-шара 
сапасы еңбек өнімділігін жақсартуға және ұйымның бәсекелестік артықшылығын қалыптастыруға 
бағытталған. Тренинг қызметкерлерді дамытудағы кең міндеттер мен мақсаттарды шешу үшін 
қолданылады. Ең бірінші ол жаңа қызметкерлердің ұйымға тез бейімделіп кетуі үшін пайдаланылады. 
Жұмыстың үнемділік тиімділігін есептеу қызметкерлердің бейімделу мерзімдерінің қысқаруы 
ұйымның бәсекеге қабілеттілігінің жалпы көрсеткіші үшін мейілінше маңызды екендігін көрсетті.
Қызметкерлерді басқару жөніндегі жүргізілген зерттеу жұмыстары жаңа қызметкердің алғашқы 6 
айда істеген еңбек өнімділігі оның жұмыс орнына компанияның жұмсаған шығынын өтемейтіндігін 
көрсетті. Сөйтіп, жаңа қызметкерлерді жаппай жаңадан қабылдау кезеңінде компания ұзақ уақыт 
шығынмен жұмыс істейтін болады. Жаңа жұмыс орнына, жаңа еңбек жағдайына, жаңа ережелер 
мен нормаларға тезірек үйрену - бейімделу мерзімін қысқартып, шығынсыз жұмыс істеуге әкеледі.
Қызметкерлерді басқару практикасындағы психологиялық тренингті қолданудың негізгі 
салаларын қарастырып көрейік. Жұмыскердің ішкі потенциалын жұмылдыруға, оның мүмкіндік 
шеңберін кеңейтуге арналған психологиялық тренингтер неғұрлым кеңінен тараған. Н.В. Цзен 
мен Ю.В. Пахомов
өз еңбектерінде: «Психотехникалық жаттығулармен жұмыс – пайдаланылмаған 
психикалық қорларды іске қосудың жақсы стимулы. Сабақтар (жаттығулар) тәжірибе алмастыруды 
жеңілдетеді, көптеген қиындықтарға басқаша, жаңа көзқараспен қарап, өз іс-әрекетін кең, мәдени 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет