Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет434/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
360
тұрғыдан көруге көмектеседі», -деп жазады. (
Н.В
Цзен, 
Ю.В
Пахомов 1988, 40б.). Ол үшін іскерлік 
тренингтің түрлі модификациялары пайдаланылады: сату тренингі, уақытты басқару тренингі және 
т.б.
Т.Ю. Базaров бастаған авторлар ұжымы кәсіптік дағдылар тренингін қолданудың келесі 
салаларын атап көрсетті [4]:
1.Жетіспейтін білімдерін толықтыру
2.Жұмыскердің лауазымдық міндеттерін атқарудағы кемшіліктерін түзету
3.Дағдарыс жағдаяттары кезіндегі жұмыс дағдыларын автоматтандыру
4.Фирма үшін аса маңызды функцияларды орындау кезіндегі жұмыс дағдыларын бекіту.
Тренинг сонымен қатар қауіпсіз жағдайда игеріліп, меңгеру және басқа білім, біліктері 
шыңдалатын «жаттықтырушы» ретінде қолданылады. Жұмыстың топтық әдістерінде пайда болған 
өзгерістердің екпіні мен тұрақтылығын жоғарылатқанда, әр қатысушы қабілетін неғұрлым көбірек 
пайдалануына мүмкіндік алады. Ю.М. Жуков, Л.А. Петровская, П.В. Растянников тренингтің бұл 
ерекшелігін қарым-қатынастық біліктілік тренинг үлгісінде былай сипаттайды: «қарым-қатынас 
біліктілігін қалыптастыру үдерісіндегі маңызды кезең өз тәртібі бойынша түрлі жағдаяттарға ойша 
қарастыруды қажет етеді. Қиялдағы нәрсе әрқашан шындыққа айнала бермейді, бірақ онда жасалған 
«тәртіп дайындықтары» басқа жағдаяттарда өзекті мәселеге айналуы мүмкін. Топтағы кез келген 
тәртіп жағдаяты топтағы басқа жағдаяттың немесе топтан тыс шындықтың үлгісі болуы мүмкін [5]. 
Психологиялық тренингтер мүмкіндігі жұмыстың командалық әдісін енгізуде басқаруға жаңа 
енгізулер арқылы ұжымды нығайтады. Түптеп келгенде, бұл аталған салада шынайы нәтижеге қол 
жеткізуге мүмкіндік беретін жалғыз әдіс болып табылады. Дәрістер және басқа дәстүрлі әдістер 
тек білім шеңберін кеңейтеді, бірақ тәртібін өзгертпейді. Бұл тренингті спорттық ойындарда әмір 
(команда) беруді қалыптастыруда айқын көруге болады. 
Н.В. Цзен мен Ю.В. Пахомов психологиялық тренинг әсерін былай сипаттайды: «Нақты 
міндеттерді бірлесе шеше отырып, психотехникалық ойындардың қатысушылары үнемі бірін-бірі 
өзара түсінуге және бірлесе » іс-әрекет жасауға ұмтылады. Бірлескен әрекеттің ұстанымдарын тани 
отырып, олар бірдеңе жасап, ойлап шығара бастайды. 
Ойынға еліккен психотехникалық топтың 
мүшелері өздерін толығырақ аша түсіп, бір- бірі туралы көбірек білетін болады [6].
Бір-.біріне сенім білдіру тереңдей түседі. Өзара қызығушылық таныту неғұрлым жандана түседі 
».
Соңғы онжылдықта қызметкердің потенциалын кешенді бағалау үшін, бағалау орталығы » әдісі 
атты психологиялық тренингті пайдалану кеңінен таралып отыр. « Бағалау орталығы » әдісі жұмыс 
жағдайларында жүйелі бақылау және тәртіптің тиімділігін бағалаудағы құрал болып табылады.
Тренинг бағдарламасы қатысушылардың бұрын жұмыс орнында көрсетпеген мүмкіндіктерін 
көрсетуге бағытталады. Тесттік тапсырмалар 2-3 күн ішінде өткізіледі және оған топтағы дискуссия, 
жеке және топтық жаттығулар, рөлге бөліп ойналатын ойындар мен презентациялар сияқты түрлер 
кіреді [7].
Қатысушылардың тәртібін бақылау нәтижесінде мансаптық ауыстырулар, жоғарылату қорын 
қалыптастыру туралы шешімдер қабылданады.
Психологиялық тренингті тұлғалық өсуге және қызметкерлерді жетілдіруге пайдалану 
психотүзету және әсер ету психологиясы, тіпті психотерапия элементтерін құрайды. Нәтижесінде 
қызметкер жұмыстағы тәртібін жақсартып қана қоймай, әлеуметтік қоршаған ортамен өзара қарым-
қатынас жүйесін өзгертеді.
Кез келген адамда іс-әрекетінің нәтижесі ретінде, психологиялық тренингтік әлеуметтік-мәдени 
табиғаты болады. Тренингтің пайда болу және даму тарихында ғылымның дамуының, түрлі 
теоретикалық бағыттарының авторының әрқайсының жеке ерекшеліктерінің жалпы үдерістері 
көрініс табады. Бір жағынан, тарихшылар белгілі бір кезеңде қандай да, бір теорияның пайда болу 
мүмкіндігіне, сондай-ақ табиғи шектеулерге әсер ететінін субъективті факторларды ажыратып 
көрсетеді.
Екінші жағынан, тренинг үдерісінің мәдени жасалған және жинақталған тәжірибені 
пайдаланатындығын әлі күнге дейін ешкім көрсетпеді.
Психологияның ғылыми құрылымдарының нұсқаларын сараптай отырып, В.М. Розин [8] 
психологиялық мектептердің дамуының жаратылыс ғылым және гуманитарлық парадигмаларын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет