№ 3 (106) 2015
363
Л.С. Выготский [11] қарудың әрекетке әсері туралы алғаш айтқан болатын. Ол тәртіп үдерісіне
қосылған психологиялық құрал оның тәртібі мен құрылымын өзгертетіндігі туралы жазған еді. Жаңа
құралды енгізу жанама әсердің құрылымы мен барлық іс барысын өзгертетіндігін түсінудің бір
жолы филогенезде болып жатқан әрекеттерді сараптауда болып жатыр. Мысалы, бала дамуындағы
тілді меңгеруге байланысты жүретін өзгерістер немесе өндірістің дамуына, компьютердің пайда
болуына байланысты адамдардың тәртібіндегі өзгерістер.
7. Интероризация меңгеру ретінде.
Ж. Пиаже, П. Жане және А. Валлонның ілімдерін дамыта отырып, Л.С. Выготский [11]
интероризацияны сыртқы байланыстардың ішкі байланысқа ауысу үдерісі ретінде айтқан болатын.
Байланыс- белгілерді талқылағанда, біз белгілі бір құралдарды қолданудағы жеке дағдылардың
дамуы туралы мәселені қарастырған болатынбыз. Бұл жерде құралды меңгерудегі жеке-дара
ерекшеліктерді жоққа шығарып, барлық дағдыларды тек белгілі бір құралды пайдалануға апаруға
болмайтындығын еске алу орынды болар еді.
Интериоризация туралы айтқанда түрлі ғалымдар түрлі феномендер туралы ойлайды. Мысалы,
Ж. Пиаже мектебінде мұны сенсомоторлық белсенділік деп түсінсе, психоанализ өкілдері ұжымдық
санасыздықты меңгеру үдерісін белгілеу үшін қолданады.
« Игеру » туралы ұғым Л.С. Выготский мен А.Н. Леонтьевтің қаруды сыртқы жоспардан ішкі
жоспарға ауыстыру үдерісі туралы көзқарастарын дамытады. Бірақ келесі зерттеулер кез- келген
қарудың ішкі жоспарға көшпейтіндігін көрсетті.
Бір таң қаларлығы, А.Н. Леонтьев пен Л.С. Выготскийдің ізбасарларының көптеген зерттеулері
барлығы дерлік жанама әсерлер ішкі жоспарда ешқашан дамымайтындығын көрсетіп отыр.
Мысалы, көптеген адамдар үшін көбейту немесе оқу үдерісі толықтай ішкі үдеріс болмайтындығы
белгілі болды.
Сондықтан бұл жерде А.Н. Леонтьевтің [10] жанама әсер барысында ішкі жазықтықтың
пайда болуы туралы ойын еске түсірген жөн. Бұл ішкі жазықтық материалды және нейрондық
байланыс түрінде өмір сүреді: Бірақ ол интериозация туралы айтқанда еске түсетін қандай да бір «
психологиялық » жазықтықпен сәйкес келмейді.
Тренинг тәжірибесі үшін бұл білімнің орасан зор маңызы бар. Жүргізуші егер ұжымдық әсер ету
нәтижесінде жаңа жанама әсерлерді тек қатысушылар ғана меңгерсе, олар ешқашан да ішкі жоспарға
көшпейді, демек тәртіп константасы бола алмайтынын түсінуі керек. Адамдар осындай немесе
осыған ұқсас жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін біледі, бірақ өз өмірлерінде пайдаланбайды.
8. Интериоризация иемдену ретінде мәдени құралды « меңгеру » және мәдени құралды « иемдену
» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты түсінуге тырысайық. Меңгеру туралы айтқанда, біз
оны белгілі бір құралды қалай пайдалану керектігі туралы білім ретінде сипаттадық. « Иемдену »
туралы айтылғанда, қандай да бір сыртқы нәрсені өзінікі етуге назар аударылады.
Мәдени құралды, дәлірек айтқанда, тілді игеру мен иемдену арасындағы айырмашылыққа алғаш
назар аударғандардың бірі – М.М. Бахтин болатын.
Ол сонымен қатар мәдени құралды иемдену айтарлықтай күрделі екендігін көрсетті. Л.
Кэрроллдың кейіпкері айтқандай: « Сөзді қолданғанда, менің тек не айтқым келетіндігін ғана
көрсетеді ». Меңгеру мен иемдену арасындағы айырмашылық түрлі этнопсихологиялық зерттеулер
арқылы көрінеді. Мысалы, діни сенімі басқа бір адамның басқа діни сенімдегі адамдардың
мерекелеріне қатысуына тура келеді. Ол рәсімдерді қалай орындау керектігін, оның нені білдіретінін
біледі. Бірақ бұл рәсімдер оның меншігі емес. Индивид жанама әрекетті орындауға үйренген, бірақ
ерекше себептерге байланысты оларды иемденбейді.
Меңгеру мен иемдену арасындағы айырмашылықты білу тренингтің тұрақты әсерін қамтамасыз
ету үшін сындарлы мағынаға ие.
Көптеген жаттықтырушыларға тән қателік – олар қатысушыларды жанама әрекеттерді
орындаудың оңтайлы сызбаларымен таныстырады, бірақ оларды толықтай иемденуге күш
салмайды. Өздеріндегі өзгерістерді сезіну үшін, қатысушылар өздеріне үйреншікті қарым-қатынас
ортасына оралуы керек. Үйреншікті жағдайға түсу « өзінің » тәртібіндегі элементтерді айқынырақ
бөле білуге, таныс, бірақ жеке меншігі бола қоймаған нәрселерді бекітуге мүмкіндік береді.
9. Жанама құралдар басқа жанама әрекеттердің жанама әсерлерінің пайда болуы арқылы дамиды.
Бұған дейін біз индивид жанама құралдарды қалай қолданатындығы жайлы талқылағанбыз.
Енді мәдени құралдардың қалай жасалатындығы жайлы айтылады.
|