Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
370
Біліктілікті арттыру жүйесі оқытушылардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін,
оқытушылардың кәсіби талпыныстарын толық қанағаттандыру үшін және сапалы білім беруді
қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасауға және сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін жағдайлар
жасауға бағдарланады. Білім беру сапасын көтерудің, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті
және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асырудың бірден бір құралы ретінде қарастырылады [1].
Қазақстан Республикасында оқытушылардың біліктілігін арттыруды дамыту тұжырымдамасына
сәйкес біліктілікті арттыру - кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік
бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық
қабілетін ескеруге бағытталған білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі,
жоғары мектептің педагогикалық- психологиялық пәндер оқытушыларының кәсіби біліктілігін арт-
тыру ерекшеліктерін саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі деп атап көрсетілген а) заманауи
білімнің пәндік құрылымымен сәйкес бөлінетін жоғары мектепте білім беретін жоғары мектептің
жоғары сатысындағы білім беру бағыты. б) ғылымның, техниканың, өнердің сол немесе басқа са-
лаларында оқытушы меңгеруге құзыреттіліктер жиынтығы, біліктілікті арттыру оқытушылардың
танымдық мүдделеріндегі бар ерекшеліктерді бейнелейтін дифференциалды үдерістерді ғана
білдіріп қоймады. Ол екі жақты даму синтезі: сараланған және интеграцияланған ғылым мен
білімдегі интеграцияның тенденцияларының объективті негізі. Әлемнің материалды бірлігі,
материяның қозғалыс формаларының бір-бірімен байланысы. Адамның қоғаммен, табиғатпен,
техникалық жүйелермен қарым-қатынасына байланысты пайда болған қазіргі заманның ауқымды
мәселелері түрлі ғылымдардың әдістерін қолдануды талап етеді. Педагогикалық теория мен
тәжірибе заманауи ғылымда болып жатқан интеграциялық үдерістерді толық түрінде бейнелейді,
олар пәнаралық байланыстардың күшеюіне аралас ғылыми пәндерінің негіздерін интеграциялап
құрастырудан көрінеді. Арттыру бағдарына ұқсас обьектілер мен таным әдістері бар пәндерден
қалыптасатын «арттыру» сөзі көптеген жағдайда интеграцияналды теңдеулермен бейнеленеді.
Нақты обьектілеріне қарай ғылымдар жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық болып бөлінеді.
Ғылыми білім құрылымында арнайы орынды математика алады, себебі математика ғылымы
оқытатын заңдылықтар бейнеленбейтін материяның салалары жоқ, әсіресе құрылым қасиеті жоқ
және философия адам болмысының негізгі принциптері мен негіздері туралы, адамның табиғатқа,
қоғам мен рухани өмірге қатынасының жалпы маңызды сипаттамалары туралы білім жүйесін
жасайтын әлемді тану мен қоғамдық сананың ерекше формасы болып табылады .Мынандай
сұрақ туындауы мүмкін: бұл ғылымдардың мектеп жағдайында білім беретін жеке оқу пәндеріне
бөлінуі қаншалықты маңызды? Циклдік және цикларалық байланыстар негізінде бейіндерді
қалыптастыру маңыздырақ. Циклдар толық объекті бойынша бөлінеді. Олардың әрқайсысы қиын
ұйымдастырылады. Өзіне зерттеу объектісі бар көптеген ғылымдарды қамтиды. Циклды гумани-
тарлы білім беру деп көрсетуге болады. Оған келесі топтар кіреді: адам, оның қалыптасуы мен
адамзат қоғамы, оның тарихы, тілі. Негізгігуманитарлықғылымдар психология, педагогика, эсте-
тика, култьтурология, экономика, социологияны қамтиды. Жоғары мектептің педагогикалық-
психологиялық пәндер оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттырудың оқу жоспарларында оқу
пәні ретінде бұлардың көпшілігі жоқ, кейбір мектептегі білім беру мазмұнына дәстүрлік ретін
пәндер құрамында бұлардың бөліктері ғана болуы мүмкін [2].
Біліктілікті арттыруды қалыптастырғанда олардың кейбіреулері (мәселен құқықпен экономи-
ка) бірлесіп кетуі де мүмкін. Әрбір циклдың пәндік танымы кең болатындықтан олар циклішілік
бейіндерге бөлінеді (мәселен химия-биология, химия-физика және т.б.) бірақ бұл цикларалық
бейіннің болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ерекше таным саласын көрсететін мәдениет болып
табылады. Ол күрделі құрылысты иемденеді. Көркем мәдениеттің әр саласы бейіндік мектепте өз
орнын табуы тиіс. Бірақ бұл мүмкін емес, себебі мәдениеттің түрлі салалары бойынша мамандарды
дайындайтын арнайы оқу орындары бар. Дәстүрлі түрде жалпы білім беру, әдебиет, мәдениет, сурет
сияқты гуманитарлық бейіндердің кіруі мүмкін. Т.В. Черникова [3].
- Біліктілікті арттыруды ұйымдастыру мен оны әдістемелік қамтамасыз етуді(Д.С.Ермаков ,
Н.В.Немова .
- С.Ю.Рубцова, И.Г.Шамсутдинова , Бейіндік оқыту жүйсін психологиялық-педагогикалық
тұрғыда зерттеді.
- С.М.Пан, К.М.Ушакова, еңбектерінде бейіндік оқытуды басқару мүмкіндіктерін қарастырған.
|