Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет448/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
372
білімді жүзеге асыру үшін шынайы алғы шарттар жасалынады. Біліктілікті арттыру үдерісі оған 
дәлел болады: оқу барысындағы барлық аспектілерді – мақсат, міндет, мазмұн, әдіс пен формалар 
таңдау, нәтижені бағалау оқушылар үшін айқын болады.
Жоғары мектептің педагогикалық - психологиялық пәндер оқытушыларының кәсіби біліктілігін 
арттыру ерекшеліктерінің мәселесін зерттеуде біз келесі әдіснамалық тұғырлар мен теориялық 
қағидаларға сүйендік :
1. Жүйелік тұғырда жеке компоненттер бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылады. Бұл 
тұғыр жеке элементтердің жүйесін құрайтын сапалы сипаттамалар мен жалпы жүйелік қасиеттерді 
анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелік тұғыр бойынша педагогикалық жүйе келесі компоненттердің 
жиынтығы ретінде қарастырылады: мақсаты, субъектілері, мазмұны, әдістері мен формалары, 
материалдық базасы.
2. Тұлғалық тұғыр педагогикада тұлғаға мақсат, субъект, нәтиже және оның тиімділігінің негізгі 
критериі ретінде педагогикалық үдерісті жүзеге асыру мен құрастыруға бағыт-бағдарды білдіреді. 
Ол тұлғаның кереметтігін, оның интеллектуалды және адамгершіліктік еркіндігін, құрметке құқын 
табанды талап етеді. Тұлғалық тұғыр тұлғаның шығармашылық әлеуеті мен өзіндік дамудың табиғи 
үдерісіне білім беруде тірек болуын болжайды.
3. Іс-әрекеттік тұғыр жоғары мектеп оқытушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен таңдау 
бойынша, оны еңбек пен қарым-қатынас, таным субъектісіне айналуын белсендендірудің арнайы 
жұмыстарын талап етеді. Бұл тыңдаушының мақсатын таңдауы мен іс-әрекетін жоспарлауын бол-
жап, оны ұйымдастыру мен реттеуді, бақылауды, талдауды және іс-әрекет нәтижелерін бағалауын 
реттейді.
4. Аксиологиялық тұғыр ізгіліктік педагогикаға жатады, себебі адам қоғамдағы ең жоғарғы 
құндылық және қоғамдық дамудың өзіндік мақсаты ретінде қарастырылады. Осыған байланысты 
аксиология ізгіліктік проблемаға жақын бола отырып, жаңа білім беру философиясының және 
осыған сәйкес заманауи педагогиканың әдістемесінің негізі ретінде қарастырылуы мүмкін. Біздің 
педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге жүргізген талдауымыз кәсіби даярлық мәселесі 
әртүрлі деңгейлерде қарастырылатынын көрсетті: 1) кәсіби даярлықты жеке тұлғалық деңгейде 
зерттеу (З.И. Иванова, 2) кәсіби даярлықты функционалдық деңгейде зерттеу (И.Б.Готская) 3) 
кәсіби даярлықты іс-әрекет теориясы тұрғысынан зерттеу (Л.В. Сорокина) 4) кәсіби даярлықты 
жеке тұлғалық іс-әрекеттік деңгейде зерттеу (О.А. Абдуллина, К.М. Дурай-Новакова, С.Л. Ру-
бинштейн, Степанов С.П. Жеке тұлғалық деңгейдегі кәсіби даярлық жеке бастың жеке тұлғалық 
қасиеттерінің көрінісі ретінде, кәсіби іс-әрекетке деген ұстанымын білдіретін, оның тиімді іске 
асуын қамтамасыз ететін, жеке тұлғаның моралдық- психологиялық қасиеттерінің қалыптасу 
үдерісі ретінде қарастырылады. Психологтар (К.К. Платонов, Д.Н.Узнадзе) кәсіби даярлықты 
концентрациялауға даярлық деп, яғни қажетті кезеңінде белгілі бір әрекеттерді іске асыруға 
бағытталған, жеке тұлғаның күш-жігерінің лездік жұмылдырылуы деп түсінеді. Д.Н. Узнадзе, 
даярлықтың нақты түрін ұтқырлықты – зерттей отырып, оның пайда болуына «субъективті және 
объективті сипаттағы алғы шарттарға сұраныстың болуы және оны қанағаттандыратын жағдай 
болуы қажет» деп есептейді. Ұтқырлықты іс-әркеттердің психологиялық жаңа туындылары деп 
санауға болады (А.Г. Асмолов [8]. 
Іс-әрекет теориясы тұрғысынан кәсіби даярлық маманның кәсіби даярлығы үдерісінің нәтижесі 
ретінде қарастырылады. Біліктілікті арттыру негізгі компоненттеріне мыналар кіреді: теориялық 
және әдістемелік білімдер, кәсіби қолданбалы біліктіліктер, іс-әрекеттің осы түріне оң көзқарас. 
Соңғы қасиет, біліктілікті арттыру тыңдаушының іс-әрекетін жандандырудағы мотивтердің жетекші 
рөл атқаруы қағидасы тұрғысынан алғанда, негізгі қасиет ретінде атап көрсетіледі- теориясының 
категориясы ретінде бұл – интегративті жеке тұлғалық қасиет және кәсіби оқытудан кейінгі 
ісәрекеттің тиімділдігінің ең маңызды алғышарты. Тыңдаушының іс-әрекеттік деңгейдегі кәсіби 
даярлығы тыңдаушының барлық қырларының толық көрініс табуы ретінде, кәсіби қызметтерін 
тиімді атқаруға мүмкіндік жасайтын мотивтердің, қарым-қатынастардың, межелердің, жеке 
тұлғаның өз қасиеттерінің жүйесі ретінде, білімдердің, іскерліктері мен дағдылардың жинақталуы 
ретінде қарастырылады. Зерттеулерді қорытындылай келе, жоғары мектептің педагогикалық- 
психологиялық пәндер оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыру ерекшеліктерінің іс- әрекеттік 
тұрғыдан ғалымдар жеке тұлғаның интегралды сипаттамасы деп анықтайтынын, тыңдаушының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет