Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет451/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
375
қиындықтарға тап болғанының көрсеткіш индикаторы ретінде оның рекциялық үрейленуінің 
жоғары көрсеткіші табылады .[11]
Педагогикалық серіппелік – ригидтылыққа қарама қарсы субъективтік қасиет, сондықтан да 
педагогқа жаңалықтарды игеру барысында аса қажет қасиет. Осылайша, жоғарыда айтылғандарды 
қорыта келе, біліктілікті арттыру барысында инновациялық іс-әрекетті тиімді жүзеге асыру үшін 
жоғары мектептің педагогикалық- психологиялық пәндер оқытушыларының кәсіби біліктілігін 
арттыру ерекшеліктерінің жақсы деп субъективті бағалау, эмоциялық тұрақтылық, креативтілік, 
педагогикалық серіппелік қажет. Педагогтың барлық субъективті сипатын біріктіретін ұғымға
Э.Ф. Зеердың, Н.Д. Левитовтың, және т.б. пікірлерінше, оның педагогикалық бағыты жатады. 
Педагогикалық бағыттың негізіне педагогтың кәсіби-құндылық бағыттарында бекіген, педагогтың 
педагогикалық іс-әрекетке және өзіне деген құндылық қатынастарының жүйесі кіреді. Біздің пай-
ымдауымызша, педагогтың кәсіби-құндылық бағыттары оның бейіндік оқытуды жүзеге асыру 
ісіне қатысуға деген ықыласына әсерін тигізеді. А.В. Кирьяковтың пікірі бойынша, субъективтік 
құндылықтардың қалыптасуының бастапқы кезеңіне жеке тұлғада бұған дейін қалыптасып үлгерген 
байланыстар мен құндылықтардың негізінде құралған бағалау жатады. «Құндылық- бағыттану» 
және «мотивтер» деген ұғымдар бір мағынаны білдірмейді.[12]
«Құндылықтар жүйесі дегеніміз бұл – идеалды түрде көрініс тапқан іс-қимыл стратегиясы, ал 
мотив дегеніміз – оныңтактикасы». А.Г. Асмоловмотивті кез келген іс-әрекеттің орталық, жүйе 
құрауға қатысатын факторы деп есептейді. Іс-әрекетті көптеген мотивтер белгілі бір бағытқа 
бағыттайды, олардың жиынтығын және бірнәрсеге бел байлап кірісудің ішкі үдерісін мотивтендіру 
деп атау қалыптасқан. Ол саналы түрде немесе сананың қатысуынан тыс та болуы мүмкін. Саналы 
түрдегі мотивтерге қызығушылық таныту, нық сенім білдіру, ұмтылыс жатады; сананың қатысуынан 
тысмотивтергееркінентысұмтылу, ұтқырлықжатады. Н.В. Бордовская, А.А. Реан мотивтендірудің 
екі маңызды типін бөліп көрсетеді: 1) табысты мотивтендіру (оң сипатты болады, өйткені адамның 
іс-қимылы конструктивті, оң нәтиже алуға бағытталған); 2) сәтсіздіктен қорқу (теріс сфераға жата-
ды, өйткені педагог әлі еш нәрсе істемей жатып, ең алдымен жазалаудан, ескертпелерден қорқып, 
соларды болдырмауға ұмтылады).
Жоғары мектептің педагогикалық - психологиялық пәндер оқытушыларының кәсіби біліктілігін 
арттыру ерекшеліктерін субъективтік сипаттамасының кешені оның кәсіби даярлығын тек қана 
объективтік сипаттама – біліктілікті арттыру жүйесін енгізуге қажетті ғылыми-теориялық білімдер 
мен практикалық іскерліктердің оңтайлы деңгейі бар болған жағдайда ғана көрсетеді. Педагогтың 
кәсіби білімдері оның кәсіби іс-әрекетінің негізі болып табылады, педагогтың ой-санасында 
ұғымдар, заңдар, теориялар, қағидалар, заңдылықтар жүйесінің көрініс табуын көрсетеді. Барлық 
білімдерінің жүйесін педагог практикалық біліктіліктердің жүйесі арқылы іске асырады – бұл 
теориялық (С.Б. Елканов). И.А. Зимняя педагогтық іскерліктерді болашақ бағытталған, бірінен соң 
бірі атқарылып отыратын іс-қимылдардың жиынтығы білімдерге негізделген және жеке тұлғаны да-
мыту міндетін шешуге мұғалімдердің педагогтық бағыттылығымен және педагогтық ұстанымымен 
қатарластыра қояды. Осыған байланысты педагогтық іс-әрекеттердің жиынтығы әрқашан 
орталықтануды, бағыттануды көрсетеді және, керісінше, педагогтық іскерліктері педагогтың жеке 
тұлғасын да, сонымен бірге оның іс- әрекетін және біліктілікті арттыру тыңдаушылармен өзара 
әрекеттесуін де көрсетеді.[13] 
Осылайша, бейіндік оқыту педагогының субъективтік қасиеттерінің барлығы өзара тығыз 
байланысты және өзара бір бірінен туындайды.Біз жүргізген жоғары мектептің педагогикалық- 
психологиялық пәндер оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыру ерекшеліктерін анықтап
жүзеге асыруға кәсіби даярлығын талдау бізге бұл ұғымды жеке тұлғалық-іс-әрекеттікдеңгейінен 
алғанда интегративтік жеке тұлғалық қасиет деп қарастыруға мүмкіндік береді. Біліктілікті ар-
тыру міндеттерін жүзеге асыру барысында қол жеткен табыстарды, сәтсіздіктердің себептерін, 
қиындықтарды рефлексивті талдау; өзінің іс-әрекетінің және кәсіби жетілуінің бағыттарын анықтау; 
педагогикалық іс-әрекеттің қолданған әдіс-тәсілдерінің, құралдарының тиімділігін талдау; өзінің 
эмоциялық жағдайын талдау; іс-қимылдағы теріс стереотиптер мен межелерді жою. Сонымен 
қорыта айтқанда, жоғары мектептің педагогикалық- психологиялық пәндер оқытушыларының 
кәсіби біліктілігін арттыру ерекшеліктерінің кәсіби даярлығының іс-әрекеттік өлшеміне біліктілікті 
арттыру субъективті сипаты мен осы проблема бойынша қалыптасқан ғылыми- теориялық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет