Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет450/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
374
екенін, берілген пәннің ғылыми саласы, педагогикалықнегіздері қандай екенін, алған білімдерді 
күнделікті өмірде қалай және қай жерде қолдануға болатынын және т.б. анықтап, көрсетуі тиіс.В.В. 
Сериковтың ғылыми жетекшілігімен жүргізілген В.В. Анисимованың, Н.Г. Зотованың, Г.Н. 
Ильинаның, Т.В. Лаврикованың, Е.К. Черничкинаның, Т. И. Чечеттің зерттеулерінде жеке тұлғаның 
дамуына бағытталған оқыту жүйесінде іске асырылуы тиіс біліктілікті арттыру тыңдаушыларға 
қойылатын талаптар келтірілген: дәріскер мен тыңдаушының өміріндегі қиын мәселелерін оларды 
оқыту үдерісін құру кезінде ескеру үшін білуі керек; білім беру үдерісі рефлексивтік мән-мағына 
ізденіс түріндегі диалог сипаттамасына ие болуы керек; тыңдаушының ойында, ойлау іс-әрекетінде, 
жарыста, қақтығыстар кезінде шығармашылық ашылуына жағдай жасауы керек. К. Роджерс жеке 
тұлғаның дамуына бағытталған оқыту контекстіндегі мұғалімнің негізгі міндеті мән-мағынасын 
түсініп оқуды стимулдау (фасилиттау) деп есептейді. Ғалым фасилитатор- мұғалімнің келесідей 
ұтқырлықтарын сипаттайды: өзінің ойларын, сезімдерін, көңіл-күйлерін ашық ұстау; мұғалімнің 
оқушының мүмкіндіктері мен қабілеттеріне деген жеке сенімінің көрінісі ретінде «сенім білдіру», 
«марапаттау»; «эмпатиялық түсіну». К. Роджерс эмпатияны фасилитатордың маңызды ұтқырлығы
қасиеті, басқа адаммен бірге өмір сүру тәсілі деп біледі Инновациялық педагогикалық іс-әрекеттің 
жалпы және арнайы ерекшеліктері отандық және шетелдік ғалымдар: Л.Т. Чернованың, А.В. 
Хуторскийдің және т.б. еңбектерінде зерттелген. Көптеген себептерге байланысты (мотивтендіру, 
кәсіби-жеке тұлғалық және т.б.) педагогтар инновациялық іс-әрекетке әртүрлі ұстаныммен қарайды. 
Педагогтың инновациялық іс-әрекетке, жаңашылдыққа қатынасы мәселесіне көптеген ғалымдар өз 
зерттеулерін арнаған, олардың ішінде Е.А. Леванова, Н.В. Немова , О.Г. Хомерики, бар. Біліктілікті 
арттыру жүйесінің жоғары мектеп оқытушыларына ең маңызды қасиеттерінің біріне оның 
енгізіліп жатқан жаңашылдыққа деген оң субъективтік көзқарасы жатады. Егер біліктілікті арттыу 
тыңдаушысы енгізіліп жатқан жаңашылдықтың мән-мағынасын қабылдамаса, онда инновациялық 
іс-әрекеттің әртүрлі жасанды имитациялары пайда болады (С.И. Краснованың, пікірінше):
1) инновациялық іс-әрекеттің нақты әрекеттері олардың суреттемелеріне сәйкес келмейді (тек 
қана қағаз жүзінде бәрі жақсы болып шығады);
2) жеткілікті дәрежеде толық емес инновациялық іс-әрекет (кездейсоқ немесе бос әуре болған 
инновациялық іс-әрекет);
3) жоғарыда келтірілген имитациялардың жиынтығы. Педагогтың инновацияға деген теріс 
субъективтік көзқарасының көрсеткіші оның инновациялық іс-әрекетке қатысуға қарсылық білдіруі 
болып табылады.[10]
Н.Р. Юсуфбекова «жаңашылдықты енгізуге қарсылық көрсету табиғи және тіпті заңды құбылыс 
болып табылады, өйткені бұл жерде әңгіме қалыптасқан оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесінің 
тұрақтылығын сақтау туралы болады» деп есептейді. Көптеген зерттеулер осы тұжырымдардың 
растығын нақты мәліметтермен дәлелдеп көрсетеді. Бұл мәліметтер инновациялық іс- әрекеттердің 
нәтижелері инновациялық үдерістің субъектілерінің қабілеттеріне, бастапқы ұтқырлықтарына, 
қандай нәтиже күтетініне, қарым-қатынастарына, жасы мен жынысына байланысты екенін 
көрсетеді (А.Б. Бакуурадзе, Л.М. Митина, К.М. Ушаков, О.Г. Хомерики,) Біздің пайымдауымыз-
ша, біліктілікті арттыру идеясын субъективті бағалауға болашақ мұғалімдердің кездесетін әртүрлі 
қиындықтары әсер етеді.
А.Ф. Балакирев инновациялық іс-әрекеттердің барысындағы қиыншылықтарды педагогтың 
инновациялық іс-әрекетпен байланысты туындайтын белгілі бір мақсаттарға жету қажеттігі мен 
ол үшін қажетті мүмкіндіктердің және оны іске асыру жолдарының болмауы арасындағы қарама 
қайшылықты түсінуі деп бағалайды. Бұл жерде ол мұндай қиындықтардың дамуының үш кезеңін 
бөліп көрсетеді:
1) себепсіз туындайтын қиындықтар кезеңі (педагогтың педагогикалық міндетті түсінуінің төмен 
деңгейі: ол қойылған мақсаттарды түсінеді және олардың орындалуы мүмкін емес деп есептейді, 
қиындықтардың себептерін түсінбейді);
2) қиындықтарды жеңу жолдары мен тәсілдерін іздестірудің бағытты әрекеттерін дамыту кезеңі 
(егер шешімнің ыңғайлы нұсқасы табылған болса, онда қиындықтарды жеңу үдерісі оңтайлы 
шешіледі, бұл жағдайда болашақ мұғалім сезімдік және шығармашылық көтеріңкі көңіл күйде бо-
лады; егер тығырықтан шығу жолы табылмаса, онда келесі кезең басталады);
3) қиындықтардың күрделену кезеңі (болашақ мұғалім инновациялық іс- әрекеттерді тоқтатады 
немесе инновациялық іс-әрекеттерді имитациямен алмастырады. Болашақ мұғалімдердің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет