Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет493/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
409
әрбір тәрбиеші, мұғалім халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, 
әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең 
сіңірген, рухани таза адам болуы шарт. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез-құлқы 
жетілген саналы адам қалыптасады. Жетілген мінез-құлық – бұл үш нәрсенің: жүректің, ақылдың 
және қолдың бірлігі мен келісімі. Егер оқушы өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе және табиғатына 
сай үйлесімді дамыған жағдайда ғана, ол өмірден өз орнын табады. Бұл мақсатқа адамгершілік 
мәднеиеті халық педагогикасы құралдары арқылы қалыптасқан мамандардың қатысуымен қол 
жеткізуге болады. Қазақтың халықтық педагогикасы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мәселесіне 
әр кезеңдегі ұлы ойшылдар да көңіл бөлген.
Олар Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари т.б., ағартушы- ғалымдар Ы. Алтынсарин, 
А. Құнанбаев, қазақ зиялылары Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев 
т.б. еңбектерінен де халықтың бала тәрбиесі жөніндегі тәлім-тәрбиелік тәжірибелерін, ауызекі 
халық шығармашылығын, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын ұрпақ тәрбиесінде пайдалану 
туралы айтқан идеяларынан көруге болады [4].
Данышпан , философ, ойшыл ғалым Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» еңбегінде нұсқалы тұрғыда 
тұжырымдап берген. Ол мемлекет басқарудың еліне құт, бақ әкелу өнерін ізгілікті ұстанымға 
бағдарлау мәселесін, қызметкерлердің, күтушілердің, т. б. болмыс-бітімін сипаттауда өз ісіне деген 
парызы мен қарызын айырықша жауаптылықпен орындауына қатысты үлгілер құрған. Аталған 
еңбектен біз зерттеу жұмысымызға қатысты (ақыл, парасат, ниеті түзу, сөзі шырын, өнерлі, білімді, 
қолы ашық, пейілі кең, кек сақтамайтын әсем құлықтар т.б.) құнды сөздерді болашақ мамандарға 
асыл қасиеттерді уағыздайтын өнеге-ғибрат үлгісі ретінде қолдана аламыз [5].
Ахмет Жүйгінеки «Ақиқат сыйы» атты өсиетнама дастанында білімнің адамға өмірлік азық 
болатынын және оның ізгілік пен қайырымдылықтың бұлағы «Адам өзінің жақсы ісімен басқаларға 
үлгі болуы тиіс» - деп жақсылықты, «Саған біреу жамандық істесе, сен оған жақсылықпен жауап бер» 
- деп қайырымдылық пен мейірбандықты атап көрсетсе., Махмұт Қашқари өзінің «Диуани лұғат 
аттүрік» атты сөздігінде жас ұрпақты әдеп, тәлім-тәрбие, моральдық-психологиялық сипаттағы 
ой-пікірлерді айта келе, адамгершілік, қайырымдылық, ақ ниеттілік секілді жақсы қасиеттерді 
дәріптейді. «Ақылды ал, рахымшыл бол, ақылшы дана бол, білгеніңді ортақтас» деп, тәлім-тәрбие 
жайлы айтқандары бүгінгі күнге дейін құнын жоймаған асыл мұра болып саналады . Тіршілік пен 
еңбекті сүюге білімге құштар болуға, өз бақыты үшін күресе білуге шақырады. 
Бұл ұлы ғұлама ғалымдардың еңбектері жастарды білімге, адамгершілікке, үлкен парасаттылыққа 
шақырған өсеттері бүгінгі күнге дейін өзінің тәрбиелік мәнінін жойған емес.
Ал, Қ.А. Иассауи «Диуани хикмет» атты еңбегінде адамның жан-дүниесі, рух қуаты білім арқылы 
таза болудың, төзімді болудың заңдылығын айқындап берген.Әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп 
табу, рухани өмірдің тазалығы сияқты құбылыстардың өнегесін танытқан ойшыл. Қ. А. Иассауи 
айтқан «ар», «ұят», «әдеп», «әділеттілік» сияқты руханилықтың мәңгі категориялары – тарихи 
кезеңдердің жаңа дәуірі туғанмен де ешқашан құнын жоймайтын категориялар. Ақыл кітабынан 
студенттердің адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға үлгі боларлық көптеген тұжырымдар бар:
Мағрифат – сауаттану, ағарту, ғылым, білім.
Тариқат – жол, жүйе, сенім, қағида.
Хақиқат – хақ, шындық, дәлел.
Шариғат – ислам дінінің заңы, жолы, қағидасы.
Ал, ұлы Абай оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, 
жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, 
алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін 
одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады. 
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі). Сондай-ақ, адамгершілік 
тәлімі жүрекке жан шуағын орнатып, бойымыздағы бар жақсы қасиеттерді дамытады. Жаман әдет 
пен теріс қылыктан тазарып, жаны таза, көнілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасу
өзекті мәселе. Мейірімділік жылудан тарайды. Жүрек жылуының басқа табиғат жылуы, күн көзінің 
жылуынан да әсері мол. Бұл жөнінде Абай өзінің 38 қара сезінде: «Күллі адам баласын қор қылатын 
үш нәрсе бар: әуелі-надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық»,-деп адам баласын 
надандықпен, зұлымдықпен күресуге шақырады. айтқандай, адамгершілік махаббат пен әділдік 
екенін, олардың барлық нәрседе бар екенін және бәрін де шешетінін білетін болады [6].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет