Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет494/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
410
Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ философиясына әкелген концепциясы, өзінің жеке 
тұжырымдарынан туындаған «үш анығы» барын танытады. 
Бұлар-Шәкәрім өзі қол жеткізген анықтар. Осы үш анықтың негізінде келіп Шәкәрімнің 
көрсеткен ар ілімі қалыптасады. 
Ар ілімі-ол рухани тазалық жолы. Ар Аллаға тән қасиеттің адам жүрегіндегі сәулесі болып 
табылмақ. Ұлы ойшыл, гуманистік қайшылыққа толы қоғамда өмір сүрді. Шәкәрімнің дүниеге, 
өмірге, табиғатқа, сан – сала құбылыс көріністерге, дінге көзқарастарында кейбір қайшылықтар 
кездескенімен, бағыт бойынша дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындау, оның дәлелі 
табиғаттың жарасымдылығы, қозғалысы, өмірде ақиқат, шындық, білім – ғылым, ақыл мен сезім 
дамуы арқылы іске асатынын, адамның болмысты танып білуі адам өзін - өзі жетілдіру арқылы 
жүзеге асатынын түсіндірді. 
Ақын бар ғылымның түп атасы – таза ақыл мен ойлану, ойлау, деген ұғымға үлкен мән береді, 
оны өмір – болмыстың, дүниенің ғажап сырларына терең бойлау, не нәрсені болсын ақылмен сынап, 
ұғып – түсіну мағынасында алып қарайды-дейді.
Бүгінгі күнгі адамгершілік тәрбиесі, мәдениеті жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік 
құндылықтарға негізд
Белгілі жазушы Ж. Аймауытов өзінің «Тәрбие» деп аталатын еңбегінде «Тәрбие екі түрлі: ал 
адам баласына дене тәрбиелеумен бірге рухын, ақылын, сезімін, жігері, мінезін тәрбие қылуы керек. 
Дене мен рухы бірдей тәрбиеленген кісі сыңаржақтау болады» депті. Ендеше Ж. Аймауытов айтып 
отырған тән мен рухты тәрбиелеуге күш салуы керек. Барлық тәрбие мен білім берудің тамыры 
мен өзегі осы рухты тәрбиелеуде, яғни рухани тәрбиеде жатыр. Адамның ең алдымен өнегелілік 
қасиетін қалыптастырмай, тәрбиенің басқа салаларын жүзеге асыру мүмкін емес. Өнегелілік қасиеті 
қалыптаспаған адамға тіпті білім беру қауіпті.
Жан дүниесі өнегелі тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына 
жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа қауіп әкелуі мүмкін. Сондықтан, Әл Фараби бабамыздың 
жоғарыда айтылған «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөзі жалпы ұстаздар 
қауымының негізгі ұстанымы болу керек. Кейбір адамдар рухани тәрбиені дінмен шатастырып, 
қарсы шығуы да мүмкін. Діни тәрбие мен өнегелі тәрбие мүлдем бөлек дүние. Дегенмен бүгінгі 
күні дін мәселесіне жаңа көзқарас керек екенін түсіндік. Кеңес үкіметі кезінде «Дін сананы улайтын 
апиын» деп келсек, бүгінгі күні дін арқылы тәрбие жұмыстарын нәтижелі жүргізуге болады. 
Бұған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөздері дәлел: «Біз – тегіміз түрік, дініміз –
Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап Құран Кәрімді насихаттауды естен 
шығармауымыз керек». Демек өнегелі тәрбие арқылы адамның бойында адамгершілік ізгі 
қасиеттерді қалыптастыруға болады. Міне, сол арқылы халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған 
рухани құндылықтарын бала бойына сіңіріп, өз елінің, Отанының адал азаматтарын тәрбиелей 
аламыз.
Ал, рухани-адамгершiлiк құндылық белгiлi бiр бағытта, мақсатты жүйелi ұлттық көзқарасты, 
мiнез-құлықтағы адамдық тәртiп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе.
Адамгершiлiк құндылық – адамдық қасиетiнiң өлшемi. Оның жақсылыққа талпынуы, өзге адмға 
жанашырлық бiлдiруi. Айналадағы адамдарға қайырымы, өмiр сүру мәселелерi жайында iзденуі, 
өзiн-өзi танып сол арқылы дүниенi - әлемдi тануы.
М.Шоқайұлы былай деген: «Мәдениет - адам әлемi. Мәдени көрiнiстерде адамдық парасат
ақыл-ой, iзгiлiк пен әдемiлiк заттандырылып, игiлiктер дүниесi құрылған. Сонымен бiрге мәдениет 
адамды тұлға деңгейiне көтеретiн негiзгi құрал». 
Тәрбие өмiр бойы үздiксiз жүретiн болса да, қазақ халқы жетелеген тұлғаның сипатын “Сегiз 
қырлы бiр сырлы “ деген бiр ауыз сөзге сыйғызып, түйiндеген. Адам санасы үш түрлi құрамнан 
тұрады, ол ақыл-ой, сезiм, ерік. Осыған орай оның санасында адам жаратылысының қай сипаты 
басым болса, оның өмiрдегi iзденiсi мен ұмтылысы да соны бейнелейдi.
Адамгершілік тәрбиесінің құрамы: адам және қоғам байланысын қалыптастыру, өз қылығының 
қоғаммен сәйкес болу қажеттілігін сезіндіру, адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыру, 
тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыру, адамның басқалармен қатынасындағы 
жоғары мәдениет пен адамгершілік әдеттерді бекіту.
Қазіргі кезеңдегі адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жалпы адам құндылығын жоғарылату 
қажеттілігінен көптеген өзгерістерге бет бұрды. Осыдан әрбір білім алушыға төмендегі
мәселелердің маңыздылығын түсіндіру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет