№ 3 (106) 2015
435
қана қажеттіліктің өзі емес, қажеттілікті анықтайтын заттың өзі. Материялдық немесе ойымызда
пайда болатын идеалды қажеттілік затың іс-әрекет мотиві дейміз» [1,48].
Мотив пен қажеттіліктен басқа адам жүріс-тұрысын туындатушы қасиет ретінде: мақсат,
эмоция, қызығушылық, қалау да қарастырылады. Мысалы: В.Г.Асеевтің нұсқауы бойынша, мотив
эмоциямен аса бір жақын байланыста, эмоцияның аса бір қызметінің бірі адамды бағыттаушы,
ол айналадағы болып жатқан құбылыстардың маңыздылығын қаншалықты екенін анықтауға
көмектеседі. Эмоцияның екінші бір қызметі белгілі бір мөлшердегі тұрақтылығы, сонымен қатар,
С.Л.Рубинштейн: адамның іс-әрекет мотиві мақсатпен де байланысты, себебі мотив тудырушы
немесе ұмтылдырушы боллып табылады. Бұл екі құбылысты зерттей келе, ол екеуі арасында
күрделі ұқсастық пен айырмашылық бар екендігін анғарамыз. Мақсат – бұл қоғамдық маңызды іс-
әрекетті орындау болса, мотив–тұлғалық қажеттіліктерді қанағаттандыру екенін атап өтуіміз керек.
Мотив мәселесіндегі ең бір ауқымды құбылыс «мотивациялық сфера», ол адамның аффективті
және еріктік сферасына әсер етеді. Мотивациялық сфера М.И.Божович пікірі бойынша, тұлғаның:
бағыттылығы, құндылық бағдары, ұстанымы, әлеуметтік түсінігі, тартымдылығы және әлеуметік-
психологиялық мінездемесі. Құндылық бағдары, тұлғалық құндылықтардың негізі болып
табылады, ол адамның әлеуметтік шындыққа деген саналы қатынасын білдіреді және оның осы
сапасы адамның жүріс-тұрысының мотивін кең ауқымды ашады және оның іс-әрекетіне жан-жақты
әсер етеді. (Б.Г.Ананьев, В.А.Ядов, М.Рокич). Сонымен, құндылық бағдардың дамуы тұлғаның
бағыттылығының дамуымен тығыз байланысты.
Тұлғаның құндылық бағдарының күрделі иерархиялық құрлымы бар. Әлеуметтік жүріс-тұрысты
реттеудегі диспозиция концепциясының авторлары В.А.Ядов, Д.Н.Узнадзе диспозитцияның келесі
деңгейлерін бөледі:
1. Ұстанымдардың қарапайым фиксациясы (витальді қажеттілік нәтижесінде туындайды.
2. Аттитюдты (кіші топта болатың адамның қарым-қатынасқа деген қажеттіліктің негізінде
қалыптасады.).
3. Тұлғаның әлеуметтік-бағыттылыққа деген қызығушылығы (нақты бір сферадағы
белсенділікке қатысты).
4. Тұлғаның құндылықтық бағдары, олар тұлғаның жүріс-тұрысын басқарады.
Құндылықтар адам қажеттілігінің ең бір жоғарғысы сатысы ол тұлғалық-индивидуалды
қажеттіліктерді әлеуметтік ортамен сәйкестендіріп, адамның жүріс-тұрысын реттейді.
Бағыттылық теориясының авторы Д.Н.Узнадзе мотивті адам мінез-құлқын ынталандырушы күш
ретінде қарастыра отырып, қажеттіліктер мен белгілі жағдайлардың өзара байланысынан пайда
болатынын бағыттылық мазмұнмен толтырады. Тұлға бағыттылық түсінігі – адамның негізгі жүріс-
тұрыс жолы мен іс-әрекетін және адамдармен қарым-қатынасын анықтайтын доминантты мотивтер
мен қажеттіліктердің жиыны. Осыған байланысты мотивтін екі типін бөлуге болады – жетістікке
жету мотиві және сәтсіздіктен қашу мотиві. Жетістікке жету мотиві – позитивті. Мұндай жағдайында
адам әрекеті жетістікке жетуге бағытталған, жағымды нәтиже көрсетеді. Белсенді жетістікке жетуге
деген қажеттілік анықтайды. Сәтсіздіктен қашу мотиві– негативті сфераға жатады. Мұндай мотив
түрінде адам ең бірінші сәтсіздіктен, сөгіс естуден қашуға ұмытылады. Жағымсыз жағдайды күту
болып табылады.
Ең басты мәселелердің бірі оқу іс-әрекет мотивін қарастырған кезде, мотив түсінігінің мақсат
және қажеттілік түсініктерімен байланысты екенін міндетті түрде ескереген жөн. Адам тұлғасында
олар бір бірімен әсерлеседі және ол «мотивациялық сферасы» ауысып отырады. Психологиялық
әдебиеттерде бұл термин оятушы күштің барлығын өзіне қосады: қажеттілік, мақсат, стимул, мотив,
икемділік, ұстаным. Оқу мотивациясы нақты бір іс-әрекетке қосылған жеке мотивация түрі ретінде
анықталады, бұл жағдайдағы іс-әрекет – оқу іс-әрекеті болып табылыды. Басқа іс-әрекет түрлері
секілді оқу мотивациясы, іс-әрекет сферасына байланысты анықталады. Олар негізінен келесі
бағыттардан көрінеді:
- біріншіден: оқу жүйесінің өзімен, оқу орынымен анықталады;
- екіншіден: оқу процесін ұйымдастырумен;
- үшіншіден: білім алушының субьектілік ерекшелігімен;
- төртіншіден: ұстаздың субьектілік ерекшелігі және де ең бірінші оның білім алушыға және өз
жұмысына деген қатынастар жүйесі;
- бесіншіден: оқу пәндерінің спецификасы.
|