№ 3 (106) 2015
437
- кәсіби мотивация мәселесі немесе басқа сөзбен айтқанда тандалған мамандыққа деген жағымды
немесе жағымсыз қатынасты анықтайтын мотив иерархиясының жүйесі;
Шетел ғылымдарының есептеуі бойынша мамандықты дұрыс тандау маман ағымын 2-2,5 есе
азайтса, еңбек өнімділігін 10-15% жоғарлатады, маман оқыту талабы 1,5-2 есеге төмендейді. Бұдан
біз мамандықты тандау мәселесі неғұрлым өзекті сипатта болатыңдығын және мұнда өзіндік терең
себебі бар екендігін көреміз. Бұл себептер кәсібилену жолында жетістіктерге жетумен, жұмысқа
қанағаттану, сондай-ақ қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық жақтарымен байланысты.
Бірақ мынаны да ескере кеткен жөн, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин, В.А.Крутецкий
және басқа да ресейлік психологтардың зерттеулерінде адам қасиеті тек қабілеттерден ғана көрініп
қоймай, сонымен қатар ол іс-әрекет барысында қалыптасатынын ерекше атап өтеді. Кәсіби еңбек
іс-әрекетінде жасырын жатқан кәсіпке қажетті қасиеттер көрініс беріп дамуы мүмкін. Бірінші
жағы – психологиялық және физиологиялық даму айырмашылығы арқылы, әртүрлі мүмкіндіктері,
бейімділігі, түрлі темперамент, мінез арқылы көрінетің жеке тұлғалық ерекшеліктер болса; екінші
жағы жұмысшыға өзінің көптеген талаптарын ұсынатын мамандықтар жүйесінің ерекшеліктері әсер
етеді. Барлық адам кез-келген адам барлық жұмысқа жарамды бола бермейді. Әрине мамандықты
игеріп, жұмыс істейді, бірақ оның жұмысында жоғарғыда айтылған кәсіби мәселесі туындайды.
Сондықтан да, мамандық тандағанда даралық ерекшеліктерге де мән бере кеткен жөн [3].
Тұлға мамандығын қиналмай игерсе, өз жұмысынан қанағат алса және әрі қарай жетіліп жатса
кәсіби жарамдылық жайында айтуға болады. Ал, қарама-қарсы жағдайда тұлға өзінің психологиялық
және физиологиялық ерекшеліктері бойынша белгілі бір мамандықты игеруге қабілетсіз болып
табылады. Мамандықты тандау мәселесін Қазақстанда алғаш қарастырғандардың бірі Жүсіпбек
Аймауытов «Әр адам белгілі бір кәсіптің түрін тандап алатынын, мұнда ол өзінің тумысынан
берілетін ерекшеліктерін, іс-әрекеттін қандай түріне бейім екендігін аңғара алуы керек. Сонда
ғана ол өзіне қажетті мамандықты дұрыс тандай алады» - дейді. Жоғарда айтылған мәселелерден –
мамандықты тандау мотиві мәселесі туындайды [4].
Қорытындылай келе кәсіби маман дайындауда танымдық қабілеттермен қатар, тұлғаның мақсатқа
бағытталған мотивациясының күшті әсерін ескеру қажет, әсіресе: ішкі мотивтер – танымдық
мотивтер, сыртқы жағымды мотивтер - әлеуметтік престиж, мамандықтың қоғамға пайдалы болуы,
әлеуметтік мойындау секілді мотивтер аса маңызды роль ойнайды. Ал сыртқы жағымсыз мотивтер
тұлғаның жетістікке жетуін шектеп, мамандыққа деген қатыстылығын төмендетеді. Сонымен қатар,
мамандыққа деген жығымды және жағымсыз қатынастардан оқу іс-әрекетіне қызығушылықтың
негізі қаланады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Реан А.А., Бордовская Н., Розум С. Психология и Педагогика. СПб.: ПИТЕР, 2006.-431с.
2 Бодалев А.А. Специфика социального подхода психологического к пониманию личности. // Психология
личности в трудах отечественых психологов. – СПб.: Питер, 2000.- С.336-344.
3 Психология популярных профессий./ Под ред. Л.А. Головей. – СПб.: Речь, 2003. – 256 с.
4 Жарықбаев К. «Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары» Алматы., Білім.- 2000.
REFERENCES
1 Rean A.A., Bordovskaya N., Rozum S. Psychologiya and Pedagogika. SPb.: Peter, 2006. - 431s.
2 Bodalev A.A. Specifica socialnogo podhoda psychologicicheskogo k ponimaniyu lichnosti. // Psychologiya
lichnosti v trudah otechestvennih psihologov. - SPb.: Peter, 2000.- S.336-344.
3 Psychologiya popularnih professii. / Psychology. LA Head. - SPb.: Speech, 2003. - 256 p.
4 Zharyқbaev K. «Zhүsіpbek Aymauytұlynyң psihologiyalyқ kөzқarastary» Almaty, Bіlіm.- 2000.
Достарыңызбен бөлісу: |