Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет523/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   519   520   521   522   523   524   525   526   ...   615
3-106-2015-2-chast

Түйін сөздер: мансап, тәжірибе, қабілеттік,мотивация,адам факторы.
Kulzhabaeva L.S., Madyshova A.O.
Social – psychological conditions of carrier development of state organizations statt
Socio – psychological conditions of career promotion are observed in the article and the factors influenced on it. 
The author makes an accent on the role of motivation in career.
Key words: career, experience, competency, motivation, human*s factor.
Поступила в редакцию 15.03.2015.
ӘОЖ 159.942:[316.6:378]
Б.Б. ҚАШҚЫНБАЙ
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ магистрі
КӘСІБИ МОТИВАЦИЯНЫҢ МАМАН ДАЙЫНДАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Мақалада авторкәсіпті игеруде кәсіби мотивацияның және тұлғаның ішкі позициясы маңызды роль 
атқаратынын атап көрсетеді. Сонымен қатар кәсіби маман дайындауда танымдық қабілеттер мен 
тұлғаның мақсатқа бағытталған мотивациясының күшті әсері, әсіресе: ішкі мотивтер – танымдық 
мотивтер, сыртқы жағымды мотивтер - әлеуметтік престиж, мамандықтың қоғамға пайдалы болуы, 
әлеуметтік мойындау секілді мотивтер жан-жақты қарастырылған.
Түйін сөздер: мотивация, маман дайындау, танымдық қабілет.
Қазіргі кезеңдегі зерттеушілер еңбекте, оқуда жетістіктерге жету – бұл тек қана табиғи 
қабілеттіктер ғана емес мотивтерге де байланысты екенін дәлелдеді. 
Бұл екі фактор арасында күрделі байланыс жүйесі бар. Қабілеттердің жетіспеушілігі, 
сонымен қатар, өз кәсібіне деген қызығушылығы жоғары болуы, бұл студенттердің оқуда көп 
жетістіктерге жетуіне итермелейді. Яғни, белгілі бір жағдайда компенсаторлық механизм қосылып, 
қабілеттіліктердің жетіспеуі, мотивациялық сфераның күшейюіне әкелуі мүмкін [1, 28].


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
434
Бірақ мәселе қабілет пен мотивтің диалектикалық бірлікте тұрып, олардың жетістік деңгейіне 
қалай әсер ететіндігі ғана емес. Зерттеушілердің анықтауы бойынша күшті және әлсіз студенттер бір-
бірінен танымдық жағынан емес, оларда мотивация қай деңгейде дамуына байланысты ерекшеленеді 
деген тұжырым жасайды. Әрине бұдан, қабілеттілік кәсіпте, оқуда жетістікке жеткізетін маңызды 
фактор емес деп қарауға болмайды. Мұндай мәселені былай түсіндіруге болады, жоғарғы оқу 
орнына оқуға қабылдаудың өзіндік жүйесі бар, ол қалай болған күннің өзінде талапкерлерді жалпы 
танымдық қабілетінің деңгейіне сай іріктейді. Сонымен, іріктеуден өтіп студент атанғандардың 
жалпы бірдей белгілі-бір мөлшерде қабілеттілік деңгейлері бір деуге болады. 
Бұндай жағдайда кәсіби мотивация бірінші орынға шығады, сөйтіп, кәсіпті игеруде тұлғаның 
ішкі позициясының жүйесі маңызды роль атқара бастайды. Кәсіби мотивацияның өзіндік 
сферасында ең маңызды ролі мамандыққа деген жағымды қатынасы, себебі бұл мотив оқудың 
сыртқы мақсаттарымен байланысты. Егер де студент өзі тандап алған мамандығын әлеуметке 
ортаға пайдалы деп тапса (мамандықтың өзінің әлеуметтік-экономикалық орны болса), онда бұл 
сөзсіз оқу іс-әрекетіне әсер етеді.
Сонымен қатар, мамандық таңдау саналы әрі дербес болуы керек. Әрбір ортаның, мемлекеттің 
маманға, жұмысшы күшіне деген қажеттілігі сияқты маңызды факторларды ескерілсе, таңдап 
алынған мамандық саналы таңдау болып есептеледі, яғни өз ықыласының, икемділігінің, 
қабілетінің, денсаулығының таңдап алған мамандыққа үйлесімділігі, еңбектің нақты саласындағы 
практикалық қызмет тәжірибесі, еңбек жағдайлары.т.б. Мамандық таңдаудағы дербестік дегеніміз 
барынша тәуелсіздік, өзіндік инициатива білдіру. 
Әрине, мамандық таңдау мәселесінде сенің және ата-анаңның ой-пікірі бір болса, жақсы. Ал, 
егер мұндай бірлік болмаса, онда өз мүмкіндігің мен үлкендердің ақылын мұқият талдап, таразылау 
қажет. Таңдаған мамандықтың дұрыстығын мақұлдайтын дәлелді себептер табу немесе оны өзгерту, 
яғни дербес шешім табу керек.Мамандық таңдаудағы саналылық пен дербестік – адамның өз 
ықыласына, қабілетіне, ерік-күшіне шын тұрғыдан өзіне-өзі баға беру. Ал, мұндай өзін-өзі бағалау 
екінің бірінің қолынан келе бермейді.
Мамандардың болжауынша, мамандық таңдау барысында тіршілік барысында кәсіби білім мен 
іскерлікті 5-6 рет түбегейлі жаңартып тұруға тура келеді. Ал, ол үшін берік негіз жалпы орта білім 
болуы тиіс. Кез келген мамандық қызметіне негіз боларлық білім жүйесін тек жалпы орта білім 
ғана береді, ол жалпы қабілет пен кәсіби маңызды қасиеттердің жетілуіне, ондаған түрлі кәсіпті 
оңай меңгеруге көмектеседі, шеберліктің тез өсуін қамтамасыз етіп, қажет болса, қызмет саласын 
өзгертуге мүмкіндік береді.Мамандықты екі жақ болып таңдау керек: сіз мамандықты, мамандық 
сізді. Өкінішке орай, мамандықтың бізді таңдайтынын есімізге сирек аламыз. Әрине, болашақ 
мамандықты осы қатал талапқа сай таңдай білу үшін сол мамандықтың егжей-тегжейін, оның 
ерекшеліктерін, кісіге қояр талаптарын жақсы білу шарт.
Келесі бір мәселе болашақ маманның кәсіби жарамдылығы, кәсіби жарамдылық - дегеніміз адам 
мен оның қызметінің, кәсібінің өзара үйлесімділігі. Кез келген қызмет белгілі бір қабілеттердің 
жиынтығын қажет етеді. Қабілеттілік барлық адамдарға (мысалы, творчествоға қабілеттілік) 
болмаса көптеген мамандық иелері мен қызмет (ұйымдастырушылық) түрлеріне қажетті жалпы 
қабілеттілік,сондай-ақ жекелеген мамандықтар немесе олардың топтары үшін қажетті арнайы 
қабілеттілік болып бөлінеді. Кез келген мамандық бойынша жалпы және арнайы қабілеттілік 
үйлескен жағдайда ғана жұмыс табысты болады.Атап айтқанда үйлесімді: «Адам – мамандық». 
Енді осы өзара әрекеттестік сипаттамасына тоқталайық. Кез келген адамға тән белгілі бір жеке 
қасиет, ерекшелік болады. Міне, сондықтан мамандықтың жеке адамға қоятын талаптарына қарай 
адам қандай бір мамандыққа сай келе ме дегенді анықтауға болады. Кәсіби жарамдылық – туа біткен 
қасиет емес. Ол еңбек үстінде қалыптасады. Еңбекте адамның кәсіби қабылдауы, есі мен ойы ғана 
жетіліп қоймайды, сондай-ақ мінез-құлықтың белгілі бір типі, бағыттылығы, талапкерлігі, міндетті 
сезінушілігі, тағы басқа адамгершілік қасиеттері де қаланады.
Қазіргі заманда мотивті біршама объективті бағалайтын түсінік А.Н.Леонтьевтің психологиядағы 
іс-әрекет теориясы. А.Н.Леонтьев пен С.Л.Рубинштейннің ойынша, мотив бұл адамның санасында 
көрініс беретін құбылыс, ол белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруда іс-әрекет тудырушы және 
бағыттаушы күш т.б. Сонымен, А.Н.Леонтьевтің ойынша мотив ретінде қажеттіліктің өзін емес, 
қажеттіліктің заты алынады. Ол былай деген: «бағытталған іс-әрекетті жалғыз ынталандырушы тек 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   519   520   521   522   523   524   525   526   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет